Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 22 сәуірдегі № ЗТ-2026-01694961 «CK NAMYS» қоғамдық қордың өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «CK NAMYS» қоғамдық қорына инженерлік желілерді төсеу үшін Балқаш қаласы, Желтоқсан көшесі, 23 үйдің оңтүстігінде орналасқан ауданы 3,4 гектар жер учаскесінде жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2031 жылғы 22 сәуірге дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «CK NAMYS» қоғамдық қоры инженерлік желілерді траншеясыз төсеу әдісімен жұмыс жүргізсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.