Об утверждении требований к цифровому пространству гражданина Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 10 маусымдағы № 304/НҚ Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне келесі талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігінде орналастырылған ақпараттардың бар-жоғын және өзектілігін қарау;
Тармақша 2
2) пайдаланушы қызметтерін алу тарихының журналын қарау;
Тармақша 3
3) операциялар мәртебелері, маңызды оқиғалар туралы пайдаланушыны push-хабарламалар, SMS және (немесе) электрондық пошта арқылы міндетті түрде хабардар ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіндегі хабарламалар мен қауіпсіздік параметрлерінің баптауларын басқару;
Тармақша 5
5) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілт сертификатын кері қайтарып алу функционалын пайдалану.