О признании утратившими силу некоторых решений акима Карасуского района Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің тізбесі
Әкімінің
2026 жылғы 11 маусымдағы
№ 2 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24055 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 2 «Қарасу ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10077 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 2 «Қарасу ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2025 жылғы 6 наурыздағы № 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10399-10 болып тіркелген).