О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 453-бапта: тақырып «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөліктің бірінші абзацы «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөліктің бірінші абзацы «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 504-бап мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын: «7. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 8. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
Тармақша 3
3) 804-баптың бірінші бөлігінің 46) тармақшасындағы «436,» деген цифрлар «436, 462 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 889-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.».
Бап 2
2-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.