Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по масштабированию использования «Цифрового тенге» в рамках республиканского и местных бюджетов, а также перечня специфик расходов для применения центральными государственными органами и местными исполнительными органами при исполнении республиканского и местного бюджета Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық және жергілікті бюджет шеңберінде «Цифрлық теңгені» пайдалану аясын кеңейту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын, сондай-ақ Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық және жергілікті бюджетті атқару кезінде қолдануына арналған шығыстар ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 17-бабына сәйкес және республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік холдингтер бюджеттері шеңберінде цифрлық теңгені пайдалану аясын кеңейтуді көздейтін Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық және жергілікті бюджетті атқару кезінде қолдануына арналған шығыстар ерекшеліктерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Республикалық және жергілікті бюджет шеңберінде «Цифрлық теңгені» пайдалану аясын кеңейту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республика Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Басқа 1. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық және жергілікті бюджетті атқару кезінде қолдануына арналған шығыстар ерекшеліктерінің тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 8 маусымдағы № 375 бұйрығына 1-қосымша Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық және жергілікті бюджетті атқару кезінде қолдануына арналған шығыстар ерекшеліктерінің тізбесі Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық және жергілікті бюджетті атқару кезінде қолдануына арналған шығыстар ерекшеліктерінің тізбесі:
Тармақ 1
1. «Цифрлық теңгені» 142 «Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу», 143 «Заттай мүлiктердi, басқа да киім нысанын және арнаулы киім-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу», 144 «Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу», 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшеліктері бойынша қолдану;
Тармақ 2
2. «Цифрлық теңгені» 431 «Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау», 432 «Жолдар салу» ерекшеліктері бойынша қолдану;
Тармақ 3
3. «Цифрлық теңгені» 461 «Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын жұмсау» ерекшелігі бойынша қолдану;
Тармақ 4
4. «Цифрлық теңгені» 413 «Көлік құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша қолдану;
Тармақ 5
5. «Цифрлық теңгені» 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша «Республикалық бюджет қаражат есебінен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, күтіп-ұстау, көгалдандыру, диагностикалау және аспаптық құралдармен тексеру», «Республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарын дамыту», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін салу және реконструкциялау» бағдарламалары және кіші бағдарламалары бойынша шығыстар кезінде қолдану;
Тармақ 6
6. «Цифрлық теңгені» 511 «Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер» ерекшелігі бойынша қолдану;
Тармақ 7
7. «Цифрлық теңгені» 513 «Мамандандырылған ұйымдарға бюджеттік кредиттер» ерекшелігі бойынша қолдану;
Тармақ 8
8. «Цифрлық теңгені» 374 «Басқа гранттар» ерекшелігі бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру кезінде қолдану.
Басқа 2. Республикалық және жергілікті бюджет шеңберінде «Цифрлық теңгені» пайдалану аясын кеңейту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 8 маусымдағы № 375 бұйрығына 2-қосымша Республикалық және жергілікті бюджет шеңберінде «Цифрлық теңгені» пайдалану аясын кеңейту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Республикалық және жергілікті бюджеттер шеңберінде «Цифрлық теңгені» пайдалану аясын кеңейту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 17-бабына және Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың Цифрлық теңге платформасын пайдалана отырып, пилоттық жобаны іске асыру тәртібін мынадай кезеңдер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде айқындайды:
Тармақша 1
1) республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы шеңберінде жүзеге асырылатын шығыстар;
Тармақша 2
2) арнаулы мемлекеттік қор қаражатын жұмсау, бюджеттік кредиттер беру шеңберінде жүзеге асырылатын шығыстар.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық және жергілікті бюджетті атқару кезінде қолдануы үшін шығыстар ерекшеліктерінің тізбесі бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден астам сомада цифрлық теңге міндетті түрде қолданылады.
Тармақ 4
4. Цифрлық теңге платформасын қолдану мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) міндеттеме көзі, мемлекеттік қазынашылық жүйесі, екінші деңгейдегі банктер, салалық жүйелер және Цифрлық теңге платформасы арасында деректердің автоматтандырылған алмасуы;
Тармақша 2
2) шығыстарды сәйкестендіргіш (IDC) – бюджеттік жоспарлау немесе электрондық мемлекеттік сатып алу порталында қалыптастырылатын бюджеттік міндеттеменің өтпелі сәйкестендіргіші;
Тармақша 3
3) бюджеттік және шарттық контур үшін шығыстың немесе операцияның бірыңғай өтпелі сәйкестендіргішінің болуы;
Тармақша 4
4) растау оқиғасы — орындалған жұмыстар актісі, электрондық шот-фактура, тізілім жазбасы немесе есеп айырысуды жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын өзге де құжат.
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) цифрлық теңге – заңды төлем құралы болып табылатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының цифрлық нысаны;
Тармақша 2
2) цифрлық теңге платформасы – эмитенттің (оператордың), цифрлық теңге платформасына қатысушылардың және цифрлық теңге платформасын пайдаланушылардың өзара іс-қимылы арқылы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген цифрлық теңгені пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын және басқа да операциялардың түрлерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар мен қатынастар жиынтығы;
Тармақша 3
3) цифрлық теңгені бағдарламалау технологиясы – цифрлық теңгені пайдалану және өтеу қағидаларын,талаптары мен өлшемшарттарын белгілеу;
Тармақша 4
4) цифрлық шот – Цифрлық теңге платформасында цифрлық теңгені есепке алу және сақтау тәсілі;
Тармақша 5
5) шарттар тізілімі – цифрлық теңгеде тіркелген және есеп айырысуға жіберілген шарттар туралы жазбалардың жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары
2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары
Тармақ 6
6. Пилоттық жобаның қатысушылары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Цифрлық теңге платформасының жұмыс істеуін ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен цифрлық теңге эмиссиясын және өтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган — цифрлық теңгемен операцияларға қойылатын бюджеттік және қазынашылық талаптарды белгілейді, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес оны қолдану тәртібін келіседі;
Тармақша 3
3) Орталық мемлекеттік органдар және (немесе) жергілікті атқарушы органдар – қаржыландыру қажеттілігін айқындайды, шарттың, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган шешімінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ міндеттемелердің тиісінше орындалу фактісін растайды.
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті – бюджеттік төлемдер жүргізуді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. «Цифрлық теңгені» жалпы қадағалау және бағдарламалау моделі
3-тарау. «Цифрлық теңгені» жалпы қадағалау және бағдарламалау моделі
Тармақ 7
7. Шығыстарды жоспарлау не бюджеттік міндеттемені қабылдау кезеңінде шығыстардың толассыз сәйкестендіргіші мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесімен немесе электрондық мемлекеттік сатып алу порталымен автоматты түрде беріледі.
Тармақ 8
8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы бұйрыққа 1-қосымшада көзделген шығыстар ерекшелігінің тізбесі бойынша цифрлық теңге платформасын пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл схемасының (бұдан әрі – Өзара іс-қимыл схемасы) талаптарын орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде қолдануы үшін әзірлейді, сондай-ақ Өзара іс-қимыл схемасының шарттарына сәйкес цифрлық теңгені пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, басталған және расталған оқиғалар шегінде қолма-қол емес теңгенің цифрлық теңгеге айырбасталуын қамтамасыз етеді және шығыстың сәйкестендіргішін таңбалай отырып, цифрлық теңгемен есеп айырысуды жүргізеді.