О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Кызылординской области Қолданыста
Басқа 0
Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы «9» маусымдағы № 109
қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 1269 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6542 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 1357 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6758 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 143 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7886 болып тіркелген).