Об установлении норматива отчисления части чистого дохода для областных коммунальных государственных предприятий, осуществляющих деятельность в социальной сфере Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының сомасынан 50 (елу) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.