Об установлении публичного сервитута Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 15 сәуірдегі № ЗТ-2026-01583857 «Kokpar Gold Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктернің өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Kokpar Gold Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Балқаш қаласының аумағында орналасқан ауданы 1411,84 гектар жер учаскесінде жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2032 жылғы 06 наурызға дейінгі мерзімге қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.