Об утверждении Правил жилищного обеспечения сотрудника специального государственного органа, военнослужащего, а также сотрудника правоохранительного органа и органа гражданской защиты и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 101-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне қызметтік тұрғынжай беру тәртібін және тұрғын үй төлемін алатын лауазым атқаратын арнаулы мемлекеттік орган қызметкеріне, әскери қызметшіге, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне қызметтік тұрғынжай беру, тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаттары мен негіздерін айқындайды. Осы Қағидалардың күші курсантқа, кадетке, тыңдаушыға, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшіге, резервтегі әскери қызметшіге, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттіге қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аудандық пайдалану бөлімі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімі;
Тармақша 2
2) жауапты құрылымдық бөлімше – мекеме басшысының шешімімен құрылған мекеменің құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 3
3) мекеме – арнаулы мемлекеттік органның, құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) немесе әскери қызметші қызмет өткеретін мемлекеттік мекеме;
Тармақша 4
4) мекеменің тұрғын үй комиссиясы (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрғын үй комиссиясын қоспағанда) – мемлекеттік мекеме басшысының шешімімен құрылған комиссия.
Тармақ 3
3. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші жүктілігі мен босануына байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста, іссапарда, оқу демалысында болса, емделіп жүрсе, оларға ағымдағы тұрғын үй төлемі жалпы негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй комиссиясы қызметінің тәртібін мемлекеттік органның басшысы Заңға сәйкес айқындайды.
Тармақ 5
5. Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған қызметкерді, әскери қызметшіні (Қарулы Күштердің әскери қызметшісін қоспағанда) және оның отбасы мүшелерін және тұрғын үй төлемін алушыларды есепке алу, сондай-ақ тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, оны тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау жауапты құрылымдық бөлімшеге жүктеледі. Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшісін және оның отбасы мүшелерін есепке алу аудандық пайдалану бөліміне жүктеледі, тұрғын үй төлемін алушыларды есепке алу, сондай-ақ тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, оны тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау жауапты құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.
Тармақ 6
6. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянаттың тіркелген күні ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін қызметкерді немесе әскери қызметшіні қызметтік тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану тәртібі
2-тарау. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану тәртібі
Тармақ 7
7. Тұрғынжайға мұқтаж деп тануды мекеменің тұрғын үй комиссиясы, ал Қарулы Күштерде аудандық пайдалану бөлімі жүзеге асырады. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемін тағайындау, қайта есептеу және қайта бастау үшін қызметкер немесе әскери қызметші (Қарулы Күштердің әскери қызметшісін қоспағанда) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянат береді. Қарулы Күштердің әскери қызметшісі тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы аудандық пайдалану бөлімі бастығының атына баянат береді. «Электрондық үкімет» веб-порталы болса, баянатты қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді сол арқылы жүзеге асыруға болады. Қызметкер немесе әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянатта тұрғынжайға құқығын іске асыру түрін көрсетеді. Қызметкер немесе әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін ұсынған құжаттарды жауапты құрылымдық бөлімше тұрғын үй комиссиясының қарауына енгізеді.
Тармақ 8
8. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянатты қызметкер немесе әскери қызметші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бермеген болса, баянатқа мыналарды қоса береді:
Тармақша 1
1) баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған қызмет орнынан мекеменің кадр бөлімшесінің анықтамасы, онда атқаратын лауазымы және отбасы құрамы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) функционалдық міндеттерін айқындайтын құжат (арнаулы мемлекеттік орган қызметкерін және әскери қызметшіні қоспағанда);
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы анықтама (Қазақстан Республикасы бойынша), ол қызметкерге немесе әскери қызметшіге және отбасы құрамына баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарты тізілімінен жалдаушы туралы ақпарат, ол қызметкерге немесе әскери қызметшіге және отбасы құрамына баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынады;
Тармақша 5
5) қызметкердің немесе әскери қызметшінің және отбасы құрамының жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке қию (некені бұзу) туралы куәліктің, қайтыс болу туралы куәліктің (анықтаманың), баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің, баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінің көшірмелері;
Тармақша 6
6) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылған жағдайда жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алғаны туралы мәліметтері бар анықтама, ол баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынады;
Тармақша 7
7) зайыбы (жұбайы) қазір немесе бұрын қызметкер не әскери қызметші болса, баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алғаны немесе алмағаны туралы; өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) немесе біржолғы тұрғын үй төлемін алғаны немесе алмағаны туралы; тұрғын үй төлемінің тағайындалғаны (тағайындалмағаны) туралы; тұрғын үй төлемінің тоқтатып қойылғаны немесе тоқтатылғаны туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) отбасында бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болған жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мекемесінен мүгедектігі бар адам туралы анықтама;
Тармақша 9
9) отбасы мүшелерінің арасында кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша) ауыратын адамдар болып, олармен бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік медициналық ұйымның анықтамасы;
Тармақша 10
10) неке сот тәртібімен бұзылған жағдайда некені бұзу туралы заңды күшіне енген, неке бұзылғаннан кейін баланың (балалардың) ата-анасының қайсысымен тұратыны көрсетілген сот шешімінің көшірмесі. Сот бұдан бұрын шығарылған шешімнің күшін жойған кезде қызметкер немесе әскери қызметші бұл туралы он жұмыс күні ішінде мекемені хабардар етеді;
Тармақша 11
11) қызметкер, әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендірген жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру шартының көшірмесі. Егер қызметкер немесе әскери қызметші бұрын арнаулы мемлекеттік органда, құқық қорғау органында, азаматтық қорғау органында қызмет өткерген болса, әскери қызмет өткерген болса, сондай-ақ қызметкер немесе әскери қызметші бір елді мекеннен екіншісіне, оның ішінде тұрғын үй төлемін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (мекемелер) арасында ауысқан болса, ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау немесе қайта бастау және біржолғы тұрғын үй төлемін алу үшін бұрынғы қызмет орнынан мынадай мәліметтерді ұсынады: біржолғы тұрғын үй төлемін алғаны не алмағаны туралы; ағымдағы тұрғын үй төлемінің тағайындалғаны не тағайындалмағаны, тоқтатып қойылғаны не тоқтатылғаны туралы; Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайды меншікке сатып алу құқығын пайдаланғаны не пайдаланбағаны немесе тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайға меншік құқығының туындауы туралы; ипотекалық кредиті (қарызы) болса, тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы шарт жасалып, ол бойынша негізгі міндеттемесі орындалмаған болса, ипотекалық ұйымның не екінші деңгейдегі банк алдында несиелік берешегі туралы анықтама; ақшалай өтемақы алғаны не алмағаны туралы; қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгені немесе қамтамасыз етілмегені туралы; осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемін алушының талдамалық есепке алу карточкасы; қызметтік тізім. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянатты «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берген қызметкер немесе әскери қызметші баянатқа мыналарды қоса береді:
Тармақша 1
1) баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған қызмет орнынан мекеменің кадр бөлімшесінің анықтамасы, онда атқаратын лауазымы және отбасы құрамы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) функционалдық міндеттерін айқындайтын құжат (арнаулы мемлекеттік орган қызметкерін және әскери қызметшіні қоспағанда);
Тармақша 3
3) баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі;
Тармақша 4
4) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылған жағдайда жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алғаны туралы мәліметтері бар анықтама, ол баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынады;
Тармақша 5
5) зайыбы (жұбайы) қазір немесе бұрын қызметкер не әскери қызметші болса, баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алғаны немесе алмағаны туралы; өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) немесе біржолғы тұрғын үй төлемін алғаны немесе алмағаны туралы; тұрғын үй төлемінің тағайындалғаны (тағайындалмағаны) туралы; тұрғын үй төлемінің тоқтатып қойылғаны немесе тоқтатылғаны туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) неке сот тәртібімен бұзылған жағдайда некені бұзу туралы заңды күшіне енген, неке бұзылғаннан кейін баланың (балалардың) ата-анасының қайсысымен тұратыны көрсетілген сот шешімінің көшірмесі. Сот бұдан бұрын шығарылған шешімнің күшін жойған кезде қызметкер немесе әскери қызметші бұл туралы он жұмыс күні ішінде мекемені хабардар етеді;
Тармақша 7
7) қызметкер, әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендірген жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру шартының көшірмесі. Егер қызметкер немесе әскери қызметші бұрын арнаулы мемлекеттік органда, құқық қорғау органында, азаматтық қорғау органында қызмет өткерген болса, әскери қызмет өткерген болса, сондай-ақ қызметкер немесе әскери қызметші бір елді мекеннен екіншісіне, оның ішінде тұрғын үй төлемін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (мекемелер) арасында ауысқан болса, ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау немесе қайта бастау және біржолғы тұрғын үй төлемін алу үшін бұрынғы қызмет орнынан мынадай мәліметтерді ұсынады: біржолғы тұрғын үй төлемін алғаны не алмағаны туралы; ағымдағы тұрғын үй төлемінің тағайындалғаны не тағайындалмағаны, тоқтатып қойылғаны не тоқтатылғаны туралы; Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайды меншікке сатып алу құқығын пайдаланғаны не пайдаланбағаны немесе тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайға меншік құқығының туындауы туралы; ипотекалық кредиті (қарызы) болса, тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы шарт жасалып, ол бойынша негізгі міндеттемесі орындалмаған болса, ипотекалық ұйымның не екінші деңгейдегі банк алдында несиелік берешегі туралы анықтама; ақшалай өтемақы алғаны не алмағаны туралы; қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгені не қамтамасыз етілмегені туралы; осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемін алушының талдамалық есепке алу карточкасы; қызметтік тізім. Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған немесе тұрғын үй төлемiн алушы болып табылатын Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi бiр елдi мекенде бiр мекемеден екiншiсіне ауысқан кезде тұрғынжайға мұқтаж деп танылмайды және осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде көзделген құжаттарды тапсырмайды. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянатты «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берген қызметкерге немесе әскери қызметшіге жеке басын куәландыратын құжаттар, неке қию немесе бұзу туралы куәліктері, балалардың туу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттарының тізілімінен жалдаушы жөніндегі, отбасында он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар бала болған кезде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінен мүгедектік жөніндегі, «Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығында, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 ақпанда № 26830 болып тіркелген, атап көрсетілген ауруларға шалдыққан отбасы мүшелері болған кезде денсаулық сақтау ұйымынан ақпарат «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік электрондық жүйеден сұратылады.
Тармақ 9
9. Қызметкердің немесе әскери қызметшінің баянаты тіркелген күннен бастап жауапты құрылымдық бөлімше он жұмыс күні ішінде, ал Қарулы Күштерде аудандық пайдалану бөлімі екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құжаттардың осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді. Тапсырылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, жауапты құрылымдық бөлімше оларды қызметкерге немесе әскери қызметшіге (Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін қоспағанда) пысықтау үшін қайтарып, баянатты тіркеу журналына белгі қояды. Қызметкер немесе әскери қызметші (Қарулы Күштердің әскери қызметшісін қоспағанда) пысықтауға қайтарылған құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге қайта жүгінеді, бұл ретте баянаттың алғаш тіркелген күні ол берілген күн болып саналады. Құжаттар пысықтауға қайтарылғаннан кейін қызметкер немесе әскери қызметші (Қарулы Күштердің әскери қызметшісін қоспағанда) оларды уақтылы тапсырмаса немесе мүлдем тапсырмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп тану немесе танудан бас тарту және ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау туралы шешім қабылданбайды. Бұл ретте қызметкер немесе әскери қызметші (Қарулы Күштердің әскери қызметшісін қоспағанда) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы қайтадан баянат бере алады. Қарулы Күштердің әскери қызметшісі құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы толық көлемде ұсынбаған жағдайда аудандық пайдалану бөлімі тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде әскери қызметшіге ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабармен хабарлама жібереді. Қарулы Күштердің әскери қызметшісі ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабармен жіберілген хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жетіспейтін құжаттар пакетін тапсырады. Қарулы Күштердің әскери қызметшісі ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабармен жіберілген хабарламаны алғаннан кейін осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмаған жағдайда тұрғынжайға мұқтаж деп тану немесе танудан бас тарту туралы шешім қабылданбайды. Бұл ретте Қарулы Күштердiң әскери қызметшiсi осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртiппен тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянатты қайтадан бере алады.
Тармақ 10
10. Мекеменің тұрғын үй комиссиясы баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, ал Қарулы Күштерде аудандық пайдалану бөлімінің бастығы күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей шешім шығарады, ол тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен, ал Қарулы Күштерде аудандық пайдалану бөлімінің бастығының шешімімен ресімделеді.
Тармақ 11
11. Жауапты құрылымдық бөлімше тұрғын үй комиссиясы қабылдаған шешім туралы қызметкерді немесе әскери қызметшіні шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді, ал Қарулы Күштерде аудандық пайдалану бөлімінің бастығы қабылдаған шешім «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы әскери қызметшінің «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген қызметкерді немесе әскери қызметшіні қоспағанда, қызметкерді немесе әскери қызметшіні тұрғынжайға мұқтаждар есебінен алу Заңда айқындалған негіздер бойынша, сондай-ақ оған ағымдағы тұрғын үй төлемі тағайындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап тұрғынжайға мұқтаж қызметкерді немесе әскери қызметшіні есепке алуды жауапты құрылымдық бөлімше, ал Қарулы Күштерде аудандық пайдалану бөлімі жүргізеді.
Тармақ 14
14. Қызметкерді немесе әскери қызметшіні тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тарту туралы шешім Заңның 101-3-бабына сәйкес қабылданады. Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді қызметкердің немесе әскери қызметшінің баянаты (өтініші) негізінде беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметтік тұрғынжай беру тәртібі
3-тарау. Қызметтік тұрғынжай беру тәртібі
Тармақ 15
15. Мекемелердің қызметтік тұрғынжайы мекеме мен аудандық пайдалану бөлімінің жедел басқару құқығындағы қызметтік тұрғынжай есебінен бөлінеді.
Тармақ 16
16. Қызметтік тұрғынжай жеке тұрғын үйлерден, пәтерлерден, жатақханалардағы бөлмелерден және модульдік (мобильді) тұрғын үйлерден тұрады.
Тармақ 17
17. Қызметтік тұрғынжайды есепке алуды жауапты құрылымдық бөлімше, ал Қарулы Күштерде аудандық пайдалану бөлімі жүргізеді.
Тармақ 18
18. Қызметтік тұрғынжай тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған қызметкерге, әскери қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянаттың тіркелген күніне қарай жасалатын кезектілік тәртібімен тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде Заңда белгіленген нормаларға сәйкес қызмет өткеретін кезеңіне беріледі.
Тармақ 19
19. Берілетін қызметтік тұрғынжай Заңда белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда қызметкердің немесе әскери қызметшінің жеке баянаты негізінде ғана қоныстануға жол беріледі.
Тармақ 20
20. Тұрғын үй комиссиясы қызметтік тұрғынжай беру туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде өтініш беруші мен мекеменің уәкілетті лауазымды адамы арасында, ал Қарулы Күштерде аудандық пайдалану бөлімінің бастығымен тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, ал Қарулы Күштерде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметтік тұрғынжайды жалдау шарты жасалады.
Тармақ 21
21. Қызметтік тұрғынжайды жалдау шарты үш данада жасалады. Тұрғынжайды жалдау шартының бір данасы мекемеде сақталады, екіншісі мемлекеттік мүлік тізілімінде (бұдан әрі – тізілім) тіркеу үшін жергілікті атқарушы органға беріледі және қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғынжайда тұруға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады. Қарулы Күштерде жалдау шарты «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жасалады.
Тармақ 22
22. Қызметтік тұрғынжай қабылдау-беру актісі бойынша тапсырылады.
Тармақ 23
23. Қызметкер немесе әскери қызметші Қазақстан Республикасының шегінен тысқары қызмет өткеруге жіберілгенде ол тұратын қызметтік тұрғынжай Қазақстан Республикасының шегінен тысқары болатын бүкіл уақыт бойы сақталып тұрады.
Тармақ 24
24. Қызметтен шығарылған адам өзіне берілген, жекешелендірілмейтін қызметтік тұрғынжайды жеке құрам тізімінен алып тасталған немесе қызметтен шығарылған күнінен бастап бір ай ішінде тапсырады.
Тармақ 25
25. Жауапты құрылымдық бөлімше немесе аудандық пайдалану бөлімі қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар тізімінде тұрған не қызметтік тұрғынжайда тұрып жатқан қызметкердің, әскери қызметшінің және оның отбасы мүшелерінің меншік құқығындағы тұрғынжайдың бар-жоғын жылына бір рет тексеріп тұрады.
Тарау 4. 4-тарау. Тұрғын үй төлемін пайдалану мақсаттары және жеке арнайы шот
4-тарау. Тұрғын үй төлемін пайдалану мақсаттары және жеке арнайы шот
Тармақ 26
26. Тұрғын үй төлемін алушы жеке арнайы шотындағы ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарт негізінде мына мақсаттарда пайдаланады:
Тармақша 1
1) меншігіне тұрғынжай алу, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып алу, сондай-ақ оны өтеу;
Тармақша 2
2) тұрғын үй құрылыс жинағы түріндегі жинақты толықтыру, оны «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншігіне тұрғынжай алудан басқа мақсатқа пайдалануға болмайды;
Тармақша 3
3) тұрғынжай жалдау ақысын төлеу. Қызмет өткеретін жерінде тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша міндеттемесі болса, осы елді мекенде тұрғынжай жалдауға ағымдағы тұрғын үй төлемі жүргізілмейді;
Тармақша 4
4) кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалдау ақысын төлеу;
Тармақша 5
5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша жарналарды төлеу. Қызметтен шығарылған адам жеке арнайы және жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемін осы тармақта көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланады. Тұрғын үй төлемі тоқтатылған жағдайда банк адамға жеке арнайы және жинақ шоттарындағы қаражатты осы тармақта көзделген мақсаттардан басқа мақсаттарға бермейді.
Тармақ 27
27. Тұрғын үй төлемі нысаналы мақсатта болады және оны тұрғын үй төлемін алушы осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген мақсаттарға пайдаланады, сондай-ақ мекеме тұрғын үй төлемін алушының жеке арнайы шотына аудару үшін ғана пайдаланады. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мекеме жоспарлаған, бірақ пайдаланбаған тұрғын үй төлемінің сомасы жоққа шығарылады.
Тармақ 28
28. Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған қызметкер немесе әскери қызметші (тұрғын үй төлемін алушы) екінші деңгейдегі банкте тұрғын үй төлемі үшін бір ғана жеке арнайы шотты өзі ашады және пайдаланады.
Тармақ 29
29. Тұрғын үй төлемі тоқтатылған күннен бастап мекеме күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банкке ағымдағы тұрғын үй төлемінің тоқтатылғаны туралы хабарлама хат жібереді.
Тармақ 30
30. Тұрғынжайды тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы меншікке алу жөніндегі шарт бойынша міндеттемесінің орындалуына байланысты тұрғын үй төлемі тоқтатылған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендірілетін тұрғынжай алған кезде қызметкер немесе әскери қызметші екінші деңгейдегі банкке жеке арнайы шотын жабу және жеке арнайы, жинақ шотында ағымдағы тұрғын үй төлемі есебінен жинақталған соманың қалдығын мекеменің хабарлама хатында көрсетілген деректемелерге сәйкес мекеменің банктік шотына аудару үшін жүгінеді.
Тармақ 31
31. Егер ерлі-зайыптылар құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері және (немесе) әскери қызметші болып табылса, тұрғын үй төлемі ерлі-зайыптылардың қалауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі. Біреуінің жеке арнайы және (немесе) жинақ шоттары оның өтініші бойынша «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жабылады. Ерлі-зайыптының біреуінің жеке арнайы және (немесе) жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемінің сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй төлемін алушы ерлі-зайыптының екіншісінің жеке арнайы және (немесе) жинақ шоттарына аударылады. Егер ерлі-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейін тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша орындалмаған міндеттемелері болса, ағымдағы тұрғын үй төлемі олардың таңдауы бойынша міндеттемелердің біреуін өтеуге ғана пайдаланылады. Міндеттеме орындалғаннан кейін олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқығы іске асырылған болып есептеледі.
Тармақ 32
32. Мекеме, тұрғын үй төлемін алушы және банк арасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз нысанда немесе электрондық түрде тұрғын үй төлемі туралы үшжақты шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.
Тармақ 33
33. Мекеме тарапынан шарт нақты немесе шартты атауы бойынша жасалады. Мекеменің қаржы бөлімшесі шартты және тұрғын үй төлемін алушының жеке арнайы шотын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналында тіркейді. Бір мемлекеттік органнан (мекемеден) екіншісіне ауыстырылған (ауысқан) кезде жаңа шарт жасалады, бұл ретте қайтадан жеке арнайы шот ашу талап етілмейді.
Тарау 5. 5-тарау. Ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, тағайындау, жүзеге асыру, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі
5-тарау. Ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, тағайындау, жүзеге асыру, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі
Тармақ 34
34. Ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайластырылған тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдау құнын тұрғынжайдың ауданына көбейту жолымен айқындалады. Тұрғынжай ауданы тұрғын үй төлемін алушының өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр есебінен айқындалады. Елді мекен бойынша статистикалық деректер облыс орталығының немесе республикалық маңызы бар қаланың не астананың статистикалық деректері бойынша айқындалады.
Тармақ 35
35. Қызметкер, әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) біржолғы тұрғын үй төлемін немесе ақшалай өтемақы алған болса, тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды жекешелендіру құқығын (купондық тетік арқылы жекешелендіруді қоспағанда) іске асырса не тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша міндеттемесін орындаса, сондай-ақ оларда тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайға меншік құқығы туындаса, тұрғынжаймен қамтамасыз ету қызметтiк тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте тұрғынжайға мұқтаж деп танылуы шарт, ал қызметтiк тұрғынжай болмаған жағдайда қызметтiк тұрғынжай берiлгенге дейiн ағымдағы тұрғын үй төлемi мөлшерiнiң елу пайызы мөлшерiнде ағымдағы тұрғын үй төлемi тағайындалады, ол тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшiн ғана пайдаланылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған қызметкер немесе әскери қызметші қызмет өткеретін орнынан берілген қызметтік тұрғынжайдан бас тартқан жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемі тағайындалмайды, тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған адамдардың тізімінен шығарып тасталады.
Тармақ 36
36. Жекешелендірілмейтін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген қызметкерге (құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының тұрғын үй төлемін алуға жатпайтын лауазымды атқаратын қызметкерін қоспағанда) немесе әскери қызметшіге ағымдағы тұрғын үй төлемі осы Қағидалардың 34-тармағында айқындалған ағымдағы тұрғын үй төлемі мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемі қызметкер немесе әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы):
Тармақша 1
1) біржолғы тұрғын үй төлемін немесе ақшалай өтемақы алған;
Тармақша 2
2) тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша міндеттемелерін орындаған;
Тармақша 3
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілген жағдайда тағайындалмайды.
Тармақ 38
38. Қызметкердің немесе әскери қызметшінің тұрғынжайға мұқтаж деп танылуы оған ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындауға негіз болады.
Тармақ 39
39. Қарулы Күштердің әскери қызметшісі ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін мекеме басшысының атына баянат беріп, тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылғаны туралы анықтама тапсырады.
Тармақ 40
40. Осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген жағдайларда ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін қызметкер немесе әскери қызметші қызметтік тұрғынжайды жалдау шартының көшірмесін ұсынады.
Тармақ 41
41. Жауапты құрылымдық бөлімше осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімін жасайды.
Тармақ 42
42. Ағымдағы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімі негізінде мекеменің қаржы бөлімшесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемін алушыларға төленетін соманың есеп-қисабын дайындайды.
Тармақ 43
43. Ағымдағы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімі және есеп-қисап мекеменің бірінші басшысының не уәкілетті лауазымды тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 44
44. Ағымдағы тұрғын үй төлемін мекеме ол тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде тұрғын үй төлемін алушының жеке арнайы шотына аудару арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 45
45. Ағымдағы тұрғын үй төлемі қызмет өткеретін орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда жүргізіледі. Желтоқсан айында ағымдағы ай үшін тұрғын үй төлемі 25-і күнінен кешіктірілмей төленеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ағымдағы тұрғын үй төлемі ақшалай ризықты төлеумен бір уақытта жүргізіледі.
Тармақ 46
46. Ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері:
Тармақша 1
1) бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, отбасының құрамы өзгерген, оның ішінде бала (балалар) кәмелеттік жасқа толған;
Тармақша 2
2) қызмет бабында бір елді мекеннен екіншісіне ауыстырылған;
Тармақша 3
3) жекешелендірілмейтін қызметтік тұрғынжайды қайтарған;
Тармақша 4
4) жекешелендірілмейтін қызметтік тұрғынжай алған;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар (мекемелер) арасында ауысқан;
Тармақша 6
6) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайластырылған тұрғынжайды жалдау ақысының бір шаршы метрінің құны өзгерген;
Тармақша 7
7) тұрғын үй төлемін алушының баласы (балалары) Қазақстан Республикасының аумағында сыйға тұрғынжай алған кезде қайта есептеледі. Ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу тұрғын үй төлемін алушының осы Қағидалардың 8-тармағында айқындалған құжаттар қоса берілген баянатына сәйкес мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген жағдайда қызметкер немесе әскери қызметші баянат ұсынбайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасын қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемін алушының баянатын қарау тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 5) тармақшалары бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу жағдайдың нақты басталған күнінен бастап, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін қайта есептеу үшін берілген баянат тіркелген күннен бастап жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу тұрғынжай тапсырылған күннен бастап жүзеге асырылады. Жекешелендірілмейтін қызметтік тұрғынжайға қоныстанғандарға осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу қызметтік тұрғынжайды жалдау шарты жасалған күннен бастап жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу жылжымайтын мүлікке құқық мемлекеттік тіркелген күннен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 47
47. Тұрғын үй төлемін алушы:
Тармақша 1
1) бір мекемеден басқасына, қызметі бойынша бір елді мекеннен басқасына ауысқан;
Тармақша 2
2) кадет, курсант, тыңдаушы лауазымына тағайындалған;
Тармақша 3
3) ағымдағы тұрғын үй төлемін алмайтын лауазымға ауыстырылған (ауысқан, қабылданған) не іссапарға жіберілген немесе ағымдағы тұрғын үй төлемін алатын лауазымнан босатылған күннен бастап ағымдағы тұрғын үй төлемі тоқтатып қойылады. Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органы қызметкерінің Қазақстан Республикасының және шет елдердің құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының білім беру ұйымына оқуға, мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде немесе Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша оқуға түскен күнінен бастап ағымдағы тұрғын үй төлемі тоқтатып қойылады. Ағымдағы тұрғын үй төлемін тоқтата тұру мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 48
48. Тұрғын үй төлемін алушы жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа шықса, оған тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемі тоқтатылмайды.
Тармақ 49
49. Ағымдағы тұрғын үй төлемі:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 47-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда – одан әрі қызмет өткеру үшін келген мекеменің оны тұрғын үйге мұқтаж деп тануы шартымен ағымдағы тұрғын үй төлемі тоқтатылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 47-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда – әскери, арнаулы оқу орнын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымын бітірген күннен бастап;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 47-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайда – тұрғын үй төлемін алуға жататын лауазымға тағайындалған күннен бастап қайта басталады. Құқық қорғау органының немесе азаматтық қорғау органының қызметкері қарамаққа қабылданғанға дейін тұрғын үй төлемін алушы болса және қарамақта болғаннан кейін тұрғын үй төлемін алуға жататын лауазымға қайта тағайындалса, тұрғын үй төлемі қарамаққа қабылданған күннен бастап қайта басталады. Қарамақта болу кезеңі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептеледі. Ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта бастау туралы баянат лауазымға тағайындау немесе мекеменің жеке құрамының тізіміне енгізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң берілсе, ағымдағы тұрғын үй төлемі баянат тіркелген күннен бастап қайта басталады. Осы тармақта көрсетілген жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта бастау туралы баянатты қарау тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады. Ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта бастау мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады
Тармақ 50
50. Осы Қағидалардың 52-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері немесе әскери қызметші Қазақстан Республикасынан тысқары қызмет өткеруге жіберілсе, оған тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемі Қазақстан Республикасынан тысқары болған бүкіл уақыт бойы тоқтатылмайды.
Тармақ 51
51. Қызметкер немесе әскери қызметші қызмет бабында бір елді мекеннен екіншісіне ауысқан кезде оның тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғын үйді меншікке сатып алу шарты бойынша орындалмаған міндеттемесі болса, ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері шарт жасалған кезде қызмет өткерген бұрынғы өңір бойынша сақталады. Бұл ретте отбасы құрамы көбею жағына өзгерген жағдайда отбасы құрамының көбеюіне байланысты отбасы мүшесіне ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін қайта есептеу тұрғын үй төлемін алушы қызмет өткеріп жүрген өңірдің сомасы негізге алынып жүзеге асырылады.
Тармақ 52
52. Ағымдағы тұрғын үй төлемі мекеме басшысының бұйрығы негізінде:
Тармақша 1
1) арнаулы мемлекеттік орган қызметкері мен әскери қызметші жеке құрам тізімінен шығарылған, тұрғын үй төлемін алушы құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылған;
Тармақша 2
2) тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғын үйді меншікке сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалған;
Тармақша 3
3) тұрғын үй төлемін алушы тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемін алудан бас тартқан (бұл ретте тұрғын үй төлемін алушы тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғын үйді меншікке сатып алу жөніндегі шарт бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемінен бас тарта алмайды);
Тармақша 4
4) тұрғын үй төлемін алушы не оның зайыбы (жұбайы) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызы пайдаланылатын, сондай-ақ неке шартының талаптарымен өзге тұрғынжай иеленген (бұл ретте тұрғынжайды мұрагерлік бойынша алу есепке алынбайды). Осы тармақшада көзделген жағдайда тұрғын үй төлемін алушының тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғын үйді меншікке сатып алу құқығы іске асырылды деп есептеледі;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй төлемін алушыға не оның зайыбына (жұбайына) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай берілген;
Тармақша 6
6) тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы сатып алынған тұрғынжай, оның ішінде тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке сатып алу туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемесімен тұрғынжайды иеліктен шығарған;
Тармақша 7
7) тұрғын үй төлемін алушының бастамасы бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа құқық беру туралы келісім жасалған немесе шарт бұзылған;
Тармақша 8
8) кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалдауға ақы төлеу шарты тұрғын үй төлемін алушының бастамасы бойынша бұзылған күннен бастап тоқтатылады.
Тарау 6. 6-тарау. Біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшерін айқындау, тағайындау және жүзеге асыру тәртібі
6-тарау. Біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшерін айқындау, тағайындау және жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 53
53. Қызметкерді (құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының тұрғын үй төлемін алуға жатпайтын лауазымды атқаратын қызметкерін қоспағанда) және әскери қызметшіні әскери-дәрігерлік комиссия қызметке (әскери қызметке) жарамсыз деп танып, есептен (әскери есептен) шығарса және ол қызмет өткеріп жүрген кезеңінде мертігуіне (жаралануына, жарақаттануына, контузия алуына) немесе ауруға шалдығуына байланысты қызметтен (әскери қызметтен) шығарылса, Заңның 101-1-бабының 5-тармағына сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемі төленеді.
Тармақ 54
54. Біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері тұрғын үй төлемін алушының өзін қоса алғанда, қызметтен шығарылған кездегі отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр есебінен алынған тұрғынжай ауданын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес қызметкер немесе әскери қызметші қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде сатылатын жаңа тұрғынжайдың бір шаршы метрінің бағасына көбейту жолымен айқындалады, бұл ретте бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемі шегеріп тасталады.
Тармақ 55
55. Осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемі:
Тармақша 1
1) қызметкердің немесе әскери қызметшінің мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) немесе ауруға шалдығуы, оның құқыққа қайшы әрекет жасауы немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды (олардың аналогтарын) қолдануы және масаң күйде болуы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген;
Тармақша 2
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, қызметкер немесе әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) тұрғын үйді жекешелендіру құқығын іске асырған;
Тармақша 3
3) тұрғын үй төлемін алушымен не оның зайыбымен (жұбайымен) жасалған тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу туралы шарт бойынша міндеттеме орындалған;
Тармақша 4
4) тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша міндеттеме орындалмаған, сондай-ақ тұрғынжай мұрагерлік бойынша алынған жағдайларды қоспағанда, қызметкердің немесе әскери қызметшінің не оның зайыбының (жұбайының) осы елді мекенде меншік құқығындағы тұрғынжайы болған;
Тармақша 5
5) қызметкер немесе әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) біржолғы тұрғын үй төлемін немесе ақшалай өтемақыны алған жағдайда төленбейді.
Тармақ 56
56. Тұрғын үй төлемін алушының тұрғынжайға құқығы некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оған осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемі оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай аударылады. Осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау қызметкер немесе әскери қызметші тұрғын үй төлемін алушы болған жағдайда жүзеге асырылады. Арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің жеке құрам тізімінен шығарылуы немесе қызметкердің құқық қорғау органынан, азаматтық қорғау органынан қызметтен шығарылуы берілген баянатқа (өтінішке) сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындауға және аударуға кедергі келтірмейді. Жеке құрам тізімінен шығарылған немесе құқық қорғау органынан, азаматтық қорғау органынан қызметтен шыққан Қазақстан Республикасының азаматы осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемін аудару үшін қызмет өткерген мекемеге жеке құрам тізімінен шығарылған немесе қызметтен шыққан күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде жүгінеді. Көрсетілген мерзімнен кейін жүгінген жағдайда мекеме біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Тармақ 57
57. Осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемінің сомасы тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша негізгі борыш сомасынан асып кететін болса, көрсетілген төлем жеке құрам тізімінен шығарылған не құқық қорғау органынан, азаматтық қорғау органынан қызметтен шыққан күнгі сыйақы ескеріліп, негізгі борыш сомасынан аспайтын мөлшерде аударылады.
Тармақ 58
58. Осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін қызметкер немесе әскери қызметші мекеме басшысының немесе мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен (өтінішпен) жүгінеді. Баянатқа (өтінішке) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) мекеменің кадр бөлімшесі куәландырған әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі;
Тармақша 2
2) ипотекалық ұйым не банк алдындағы несие берешегі бойынша негізгі міндеттеме орындалмаса, сол берешек туралы (қажет болғанда), сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалдау төлемі бойынша борыш қалдығы туралы анықтама тапсырылады.
Тармақ 59
59. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) тұрғын үй төлемін алушының отбасы мүшелеріне Заңның 101-9-бабының 2-тармағына сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемі аударылады.
Тармақ 60
60. Осы Қағидалардың 59-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері қаза тапқан (қайтыс болған) адамды қоса алғанда, ол қаза тапқан (қайтыс болған) кездегі отбасының құрамына сәйкес келетін әрбір отбасы мүшесіне он сегіз шаршы метр есебінен тұрғынжай ауданын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес ол қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде сатылатын жаңа тұрғынжайдың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады, бұл ретте бұған дейін жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемінің сомасы шегеріп тасталады.
Тармақ 61
61. Осы Қағидалардың 59-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемі Заңның 101-9-бабының 3-тармағында айқындалған жағдайда аударылмайды.
Тармақ 62
62. Осы Қағидалардың 59-тармағында көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін тұрғын үй төлемін алушының отбасы мүшелері мекеме басшысының не мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына өтінішпен жүгінеді. Өтінішке:
Тармақша 1
1) тұрғын үй төлемін алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке қию (бұзу) туралы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, сондай-ақ некені бұзу туралы сот шешімінің бұрынғы некеден (некелерден) туған баланың (балалардың) тұрғылықты жері көрсетілген көшірмесі;
Тармақша 2
2) қызметкерге немесе әскери қызметшіге және отбасы құрамына өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған жылжымайтын мүліктің (Қазақстан Республикасы бойынша) жоқ (бар) екені туралы анықтама;
Тармақша 3
3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде қызметкерге немесе әскери қызметшіге және отбасы құрамына алынған мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалға алушы бойынша ақпарат;
Тармақша 4
4) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген отбасы құрамы туралы мәліметтер көрсетіліп, қызмет орнынан берілген анықтама;
Тармақша 6
6) қызметкер немесе әскери қызметші қызмет өткерген мекеме басшысының бөлімнің жеке құрамының тізімінен шығару туралы бұйрығынан мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген үзінді;
Тармақша 7
7) мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген қызметтік тергеп-тексеру қорытындысының көшірмесі (қызметкердің немесе әскери қызметшінің қаза табу (қайтыс болу) себептері мен мән-жайы) қоса беріледі.
Тармақ 63
63. Отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттігіне байланысты арнаулы мемлекеттік орган қызметкері немесе әскери қызметші зайыбының (жұбайының) қызмет (әскери қызмет) орны өзгерген кезде отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығуды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші қызметте болудың шекті жасына толған соң, денсаулық жағдайы бойынша, штаттың қысқаруына байланысты немесе отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемін алады. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде оған біржолғы тұрғын үй төлемі арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке (үздіксіз қызметке) кірген соңғы күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан арнаулы мемлекеттік органдарға (үздіксіз қызметке) ауысқан жағдайда көрсетілген күннен кейін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін аударылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшіге (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісін қоспағанда) біржолғы тұрғын үй төлемі әскери қызметке (үздіксіз қызметке) кірген соңғы күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін аударылады. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші жекешелендірілмейтін қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған болса, ол осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде оған біржолғы тұрғын үй төлемі көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін ағымдағы тұрғын үй төлемі мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде төленеді. Бұл ретте осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемі:
Тармақша 1
1) егер әскери қызметші 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген болса, бұған дейін жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемі;
Тармақша 2
2) қызмет өткерген жерлерінің әрқайсысы бойынша соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығаруы ескеріліп, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бұрын берілген жекешелендірілетін немесе меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрған кезеңдер шегеріле отырып аударылады. Бұл ретте тұрғынжайдағы үлесі елу пайыздан аз болса, бұл есепке алынбайды.
Тармақ 64
64. Осы Қағидалардың 63-тармағының бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші қызмет өткеріп жүрген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайластырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалдау ақысының мөлшерін тұрғын үй төлемін алушының өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр есебінен тұрғынжай ауданына көбейту арқылы айқындалады, бұл ретте отбасы құрамының өзгеруі және тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңі ескеріледі.
Тармақ 65
65. Егер арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы):
Тармақша 1
1) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
Тармақша 2
2) біржолғы тұрғын үй төлемін немесе ақшалай өтемақы алса;
Тармақша 3
3) тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;
Тармақша 4
4) тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша міндеттеме орындалмаған, сондай-ақ тұрғынжайды мұрагерлік бойынша алған жағдайды қоспағанда, осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы бар болса, осы Қағидалардың 63-тармағының бірінші және төртінші бөліктерінің әрекеті арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне немесе әскери қызметшіге қолданылмайды.
Тармақ 66
66. Арнаулы мемлекеттік орган қызметкері немесе әскери қызметші зайыбының (жұбайының) тұрғынжайға құқығы некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оған осы Қағидалардың 63-тармағының бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемі зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай аударылады. Осы Қағидалардың 63-тармағының бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші тұрғын үй төлемін алушы болып табылған жағдайда жүзеге асырылады. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерінің немесе әскери қызметшінің жеке құрам тізімінен шығарылуы берілген баянатқа сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемін аударуға кедергі болмайды. Жеке құрам тізімінен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматы осы Қағидалардың 62-тармағының бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемін аудару үшін тізімінен шығарылған күннен бастап тоқсан күн ішінде өзі қызмет өткерген мекемеге жүгінеді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін жүгінген жағдайда мекеме біржолғы тұрғын үй төлемін аударудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Тармақ 67
67. Осы Қағидалардың 63-тармағының бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемінің сомасы тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша негізгі борыш сомасынан асып кететін болса, көрсетілген төлем жеке құрам тізімінен шығарылған күнге сыйақы ескеріліп, негізгі борыш сомасынан аспайтын мөлшерде аударылады.
Тармақ 68
68. 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша міндеттемелері бар әскери қызметшіге (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісін қоспағанда) біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері осы Қағидалардың 67-тармағы ескерілмей айқындалады.
Тармақ 69
69. Осы Қағидалардың 63-тармағының бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші қызмет өткеріп жүрген мекеме басшысының немесе сол мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянат береді. Баянатқа (өтінішке) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі, сондай-ақ қосымша:
Тармақша 1
1) денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығарылған болса, мекеменің кадр бөлімшесі куәландырған әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі;
Тармақша 2
2) ипотекалық ұйым не банк алдындағы несие берешегі бойынша негізгі міндеттеме орындалмаса, ол туралы (қажет болғанда), сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалдау ақысын төлеу бойынша борыштың қалдығы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) егер зайыбы (жұбайы) қазір немесе бұрын: арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші болса, қызмет орнынан ақшалай өтемақы алғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама; арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші болса, қызмет орнынан Заңның 101-1-бабы 4-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 5-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемін алғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама; арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші, сондай-ақ құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының қызметкері болса, қызмет орнынан осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама ұсынылады.
Тармақ 70
70. Осы Қағидалардың 58, 62 және 69-тармақтарында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау туралы баянатты қарау тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 71
71. Мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімін жасайды.
Тармақ 72
72. Біржолғы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімі негізінде мекеменің қаржы бөлімшесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы тұрғын үй төлемін алушыларға төленуге тиіс соманың есеп-қисабын дайындайды.
Тармақ 73
73. Біржолғы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімі мен есеп-қисап мекеме басшысының не уәкілетті лауазымды адамның бұйрығымен бекітіледі, оны мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындайды. Біржолғы тұрғын үй төлемін мекеме біржолғы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімі мен есеп-қисап бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде жүзеге асырады. Алушыға біржолғы тұрғын үй төлемі жүзеге асырылғаннан кейін мекеменің кадр бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес талдамалық есепке алу карточкасын қызметкердің немесе әскери қызметшінің жеке ісіне тігеді.
Тарау 7. 7-тарау. Қорытынды ережелер
7-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 74
74. Тұрғын үй төлемін алушыға мекеменің қаржы бөлімшесі талдамалық есепке алу карточкасын оның баянаты бойынша береді.
Тармақ 75
75. Мекеменің қаржы бөлімшесі аударылған тұрғын үй төлемі сомасы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық есепке алу карточкасында есеп жүргізеді.
Тармақ 76
76. Қызметкер немесе әскери қызметші ауыстырылған, қызметтен шығарылған (қызметкердің немесе әскери қызметшінің баянаты бойынша) кезде мекеменің қаржы бөлімшесі оған жүргізілген тұрғын үй төлемі туралы мәліметтерді ақша аттестатында көрсетіп, талдамалық есеп карточкасын қоса береді. Тұрғын үй төлемін алушының талдамалық есепке алу карточкасы әрбір қызмет орны бойынша жасалып, қызметкерге немесе әскери қызметшіге жүргізілген тұрғын үй төлемінің өсу ақпараты туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 77
77. Қызметкер немесе әскери қызметші жыл сайын 25 шілдеге дейін өзі қызмет өткеретін мекемеге мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) қызметкерге немесе әскери қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған, ұсынылған күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде берілген жылжымайтын мүліктің бар (жоқ) екені (Қазақстан Республикасы аумағында) туралы анықтама;
Тармақша 2
2) баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қызметкерге немесе әскери қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне алынған мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шартының тізілімінен жалға алушы жөніндегі ақпарат;
Тармақша 3
3) ағымдағы тұрғын үй төлемі аударылатын жеке арнайы және жинақ шотындағы ақша қозғалысы туралы ұсынылған күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған үзінді;
Тармақша 4
4) міндеттеме ресімделген мекемеден несие берешегі туралы анықтама.
Тармақ 78
78. Алушының қызмет өткеретін жерінде тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу жөніндегі шарт бойынша міндеттемесі болса, жеке арнайы және жинақ шоттарындағы артық тұрғын үй төлемін ол қабылданған міндеттемелерді 1 шілдеге дейін мерзімінен бұрын өтеуге жібереді.
Тармақ 79
79. Тұрғын үй төлемінің осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген мақсаттарға пайдаланылмау фактісі анықталған жағдайда тұрғын үй төлемін алушы хабарлама алған сәттен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде тұрғын үй төлемін мекеменің шотына қайтарады. Бұл ретте тұрғын үй төлемін алушы күнтізбелік тоқсан күн ішінде қайтармаған жағдайда мекеме сот тәртібімен өндіріп алуды жүргізеді.
Тармақ 80
80. Арнайы жеке шотында төленген тұрғын үй төлемінің жекелеген сомасының жоқ екенін анықтағанда тұрғын үй төлемін алушы мекеме басшысына қателіктің анықталғаны (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемі) (бұдан әрі – қате аударылған), тиісті мәліметтер алу және жол берілген қателікті түзетуге шаралар қабылдау үшін жеке өзіне қатысты банкке тұрғын үй төлемінің аударылғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімінен үзінді беру туралы баянат жібереді.
Тармақ 81
81. Мекеме қателікті анықтаған немесе тұрғын үй төлемі сомасын аудару кезінде жол берілген қателіктің анықталғаны туралы тұрғын үй төлемін алушының баянатын алған жағдайда мекеме қателікті келесі тұрғын үй төлемін аударуды реттеу арқылы түзетеді. Қателікті келесі тұрғын үй төлемін аударуды реттеу арқылы түзету мүмкін болмаса, мекеме банкке осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате аударылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтінішпен жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтінішке осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате аударылған тұрғын үй төлемін алған қызметкердің өзінің жеке арнайы шотынан қате есепке жатқызылған соманы есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші қоса беріледі.
Тармақ 82
82. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің сомасын қайтаруға өтініште: мекеменің атауы және деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қателік жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ қайтару жүргізілетін жеке арнайы шот иесінің деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы, қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) қол қоюға және мөрмен куәландырылуға тиіс.
Тармақ 83
83. Мекеменің қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтініші түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап операциялық он күн ішінде:
Тармақша 1
1) мекеменің хатында көрсетілген қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің түсу фактісін тексереді;
Тармақша 2
2) қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің түсуі расталса, ол бойынша қайтарудың болған-болмағанын тексереді;
Тармақша 3
3) өзінің жеке арнайы шотына қате түскен ақшаны банктің есептен шығаруына бенефициардың келісімінің бар-жоғын тексереді;
Тармақша 4
4) қате есепке жазылған тұрғын үй төлемін мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерін негіздей отырып, мұндай қайтарудың мүмкін еместігі туралы хабарлайды.
Тармақ 84
84. Мекемеге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қателікке жол берген жағдайда банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол берілген қателікті реттеу жөнінде шара қабылдайды.
Тармақ 85
85. Банктің кінәсінен қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің сомасын қайтаруға өтініште: атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), төлем құжатының көшірмесі, жүргізілген күні және қайтару себебі көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы, қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) қол қоюға және мөрмен (болған кезде) куәландырылуға тиіс.
Тармақ 86
86. Мемлекеттік қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі банк тарапынан қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің сомасы түскен күннен бастап операциялық үш күн ішінде мекемені қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің қайтарылғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 87
87. Жеке арнайы шотта ақша болмаған жағдайда қызметкер немесе әскери қызметші ағымдағы жылы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін мекеменің кассасына не банк арқылы мекеменің бюджеттік шотына кейіннен қалпына келтіру үшін, ал өткен жылдар төлемі бойынша – мекеме басшысының бұйрығы негізінде тиісті бюджет кірісіне аудару үшін қалпына келтіреді.
Тармақ 88
88. Қызметкер немесе әскери қызметші заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін қайтарудан бас тартқан жағдайда өндіріп алу сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Тармақ 89
89. Мекеме тұрғын үй комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасалады. _______________________
Басқа 1-1. Тұрғын үй төлемін алушының талдамалық есепке алу карточкасы № ______
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша Тұрғын үй төлемін алушының талдамалық есепке алу карточкасы № ______ ЖСН ____________________________________________________________________ Жеке арнайы шот нөмірі ____________________________________________________________________ Банк атауы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (алушының Т.А.Ә.) Төлеу негізі _________________________________________________________: (бұйрық шығарылған күні, нөмірі) 1) 20 ____ жылғы «____» ____________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды; 2) ағымдағы тұрғын үй төлемі ____________ теңге; 3) біржолғы тұрғын үй төлемі _________ теңге. Артқы жағы Р/с № Кезең Басын дағы сальдо (теңгемен) Бір ай үшін есептелді (теңгемен) Аударылды Соңындағы сальдо сомасы (теңгемен) төлем құжаты ның нөмірі, күні төлем құжатының сомасы 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Қаңтар 2 Ақпан 3 Наурыз 4 Сәуір 5 Мамыр 6 Маусым 7 Шілде 8 Тамыз 9 Қыркүйек 10 Қазан 11 Қараша 12 Желтоқсан Жиыны Мемлекеттік мекеме бастығы / Қаржы бөлімшесінің бастығы ____________________________________ (күні, қолы)     (Т.А.Ә.) Қаржы бөлімшесінің бастығы / Бас бухгалтер _______________________________________ (күні, қолы)     (Т.А.Ә.) Орындаушы ______________ ____________________ (күні, қолы)   (Т.А.Ә.) Ескертпе: тұрғын үй төлемін алушының талдамалық есепке алу карточкасын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады. _________________________
Басқа 1-2. Тұрғын үй төлемі туралы шарт
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша Тұрғын үй төлемі туралы шарт Бұдан әрі «банк» деп аталатын ____________________________ атынан ___________________ негізінде әрекет ететін ___________________, бұдан әрі «мемлекеттік мекеме» деп аталатын «____________________» мемлекеттік мекемесі атынан _____________________ негізінде әрекет ететін ________________________ және бұдан әрі «алушы» деп аталатын, __________ берген 20 ___ жылғы «___» ______ № ______ жеке куәлік негізінде әрекет ететін алушы ___________________ бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «___» _______ қаулысымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ тұрғын үй төлемін алуға жататын лауазымды атқаратын құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:
Тармақ 1
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй төлемі – өңір мен отбасы құрамы бойынша сараланған, тұрғын үй төлемін алушыларға бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайда арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін ақша (тұрғын үй төлемі ағымдағы және біржолғы төлемнен тұрады);
Тармақша 2
2) ағымдағы тұрғын үй төлемі – тұрғынжайға мұқтаж деп танылған алушыға тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлем;
Тармақша 3
3) біржолғы тұрғын үй төлемі – біржолғы сипаттағы және Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлем;
Тармақша 4
4) ақпараттық платформа – осы шарт талаптарын іске асыру кезінде тараптардың электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе.
Тармақ 2
2. Шарттың мәні
Тармақ 2.1
2.1. Алушы мемлекеттік мекеме мен алушы қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шот ашу үшін қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін банк алушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық мемлекеттік қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан тұрғын үй төлемін алуы үшін теңгемен жеке арнайы ағымдағы банктік шот (бұдан әрі – шот) ашады.
Тармақ 2.2
2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемін банкте ашылған алушының жеке арнайы шотына аударады.
Тармақ 2.3
2.3. Алушы тұрғын үй төлемін Қағидаларда көзделген мақсаттарда пайдаланады.
Тармақ 2.4
2.4. Банк алушының шотынан тұрғын үй төлемін оның нұсқауы негізінде аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 2.5
2.5. Осы шарт шеңберіндегі банктің, мемлекеттік мекеменің және алушының өзара іс-қимылы шарт талаптарына сәйкес, оның ішінде қажет болғанда ақпараттық платформа арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Шотты жүргізу
Тармақ 3.1
3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік қызметтер көрсетеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақшасыз жолмен теңгемен түсетін тұрғын үй төлемін шотқа есепке жатқызады;
Тармақша 2
2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақша аударымын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұрады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеменің талабы бойынша оған алушының жазбаша келісімімен, сондай-ақ алушыға шоттағы ақша қалдығы және/немесе шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама береді;
Тармақша 5
5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтарады. Банк шот бойынша осы тармақта көрсетілмеген операцияларды жүргізбейді.
Тармақ 3.2
3.2. Банк шоттан қолма-қол ақша бермейді.
Тармақ 3.3
3.3. Мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтарған кезде комиссияға жұмсалатын шығынды қоспағанда, шот ашу, оған қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операция үшін комиссияны осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес банктің төлем күніне қолданылатын тарифі бойынша банк кассасына төлеу арқылы алушы өзі төлейді. Мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтарған кезде комиссияға жұмсалатын шығын мемлекеттік мекеменің есебінен банктің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3.4
3.4. Алушы құжаттарды толық көлемде тапсырмаса немесе олардың тұрғын үй төлемін мақсатты пайдаланғанына күмән туындаса, банк алушыдан тұрғын үй төлемін пайдалану мақсатын растайтын қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрата алады.
Тармақ 4
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 4.1
4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидаларға және осы шартқа сәйкес тұрғын үй төлемін алушының жеке арнайы шотына аударуға міндеттенеді.
Тармақ 4.2
4.2. Мемлекеттік мекеме осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен қате аударылған тұрғын үй төлемін кері қайтарып алуға құқылы.
Тармақ 4.3
4.3. Алушы:
Тармақша 1
1) тұрғын үй төлемін Қағидаларда айқындалған мақсаттарға жұмсауға;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы өзгергенде бұл туралы мемлекеттік мекемені азаматтық хал актілері тіркелген және әділет органынан тиісті куәлік алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабардар етуге;
Тармақша 3
3) Қағидалардың 26-тармағында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттемелер орындалған кезде, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайға ақы төлеу үшін бұл туралы мемлекеттік мекемені 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 4.4
4.4. Алушы:
Тармақша 1
1) тұрғын үй төлемі пайдаланылып жасалған шарт бойынша қабылданған міндеттемелер болмағанда пайдаланылмаған тұрғын үй төлемінің сомасын жеке арнайы шотта жинақтауға;
Тармақша 2
2) тұрғын үй төлемін қызмет өткеретін жеріне қарамай Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде мақсатқа сай пайдалануға құқылы.
Тармақ 4.5
4.5. Банк алушының операциялары бойынша құпияға кепілдік береді.
Тармақ 4.6
4.6. Қағидалардың 26-тармағының 1), 4) немесе 5) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді алушының орындағаны туралы банк мемлекеттік мекемені олар орындалған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етеді.
Тармақ 4.7
4.7. Алушы банкке осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме заңсыз немесе артық аударған ақшаны шоттан қосымша келісімсіз (акцептсіз) есептен шығаруға құқық береді.
Тармақ 4.8
4.8. Алушы банкті өз деректемелерінің (паспорт деректері, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы (e-mail), факс нөмірі және банкке тапсырылған құжаттарда қамтылған өзге де мәліметтер) өзгергені туралы өзгерген сәттен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етуге міндеттенеді.
Тармақ 5
5. Есеп айырысу тәртібі
Тармақ 5.1
5.1. Тұрғын үй төлемі үшін жеке арнайы шотты әрбір алушы өзі ашады.
Тармақ 6
6. Дауды шешу тәртібі
Тармақ 6.1
6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындайтын барлық дау 10 (он) жұмыс күні ішінде келіссөз арқылы шешіледі.
Тармақ 6.2
6.2. Тараптар келіссөз арқылы келісімге қол жеткізбесе, дау мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.
Тармақ 7
7. Қосымша шарттар
Тармақ 7.1
7.1. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, Тараптар оған қол қойған, оның ішінде ақпараттық платформа арқылы жасалған жағдайда жарамды болып табылады.
Тармақ 7.2
7.2. Осы шартты Тараптардың келісімі бойынша ғана бұзуға болады.
Тармақ 7.3
7.3. Осы шартты Тараптардың бастамасымен бұзуға болады.
Тармақ 7.4
7.4. Осы шарт әрбір Тарап үшін бір-бір данадан заңды күші бірдей үш данада жасалды.
Тармақ 7.5
7.5. Осы шарт Тараптар оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 7.6
7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.
Тармақ 8
8. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 8.1
8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 8.2
8.2. Кез келген жағдайда банк шарт талаптарын бұзған кезде оның жауапкершілігі банктің заңсыз әрекетімен/әрекетсіздігімен алушыға келтірілген нақты залал мөлшерімен шектеледі.
Тармақ 8.3
8.3. Шарт бойынша операция жүргізіліп, ол шот бойынша үзіндіде көрсетілсе, алушы мұндай операцияның жүргізілу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде банкке ол бойынша дау айту туралы өтініш беруге құқылы.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй төлемі бойынша төлемді аударған кезде қателік анықталған жағдайда алушының, мемлекеттік мекеменің және банктің іс-қимыл тәртібі
Тармақ 9.1
9.1. Арнайы жеке шотында төленген тұрғын үй төлемінің жекелеген сомасының жоқ екенін анықтағанда тұрғын үй төлемін алушы мекеме басшысына қателіктің анықталғаны (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемі) (бұдан әрі – қате аударылған), тиісті мәліметтер алу және жол берілген қателікті түзетуге шаралар қабылдау үшін жеке өзіне қатысты банкке тұрғын үй төлемінің аударылғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімінен үзінді беру туралы баянат жібереді.
Тармақ 9.2
9.2. Мекеме қателікті анықтаған немесе тұрғын үй төлемі сомасын аудару кезінде жол берілген қателіктің анықталғаны туралы тұрғын үй төлемін алушының баянатын алған жағдайда мекеме қателікті келесі тұрғын үй төлемін аударуды реттеу арқылы түзетеді. Қателікті келесі тұрғын үй төлемін аударуды реттеу арқылы түзету мүмкін болмаса, мекеме банкке қате аударылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтінішпен жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемін алған қызметкердің өзінің жеке арнайы шотынан қате есепке жатқызылған соманы есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші қоса беріледі.
Тармақ 9.3
9.3. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің сомасын қайтаруға өтініште: мекеменің атауы және деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қателік жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ қайтару жүргізілетін жеке арнайы шот иесінің деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы, қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) қол қоюға және мөрмен куәландырылуға тиіс.
Тармақ 9.4
9.4. Мемлекеттік мекеменің қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтініші түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап операциялық он күн ішінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің түсу фактісін тексереді;
Тармақша 2
2) қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің түсуі расталса, ол бойынша қайтарудың бар-жоғы фактісін тексереді;
Тармақша 3
3) өзінің жеке арнайы шотына қате түскен ақшаны банктің есептен шығаруына бенефициардың келісімінің бар-жоғын тексереді;
Тармақша 4
4) қате есепке жазылған тұрғын үй төлемін мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерін негіздей отырып, мұндай қайтарудың мүмкін еместігі туралы хабарлайды.
Тармақ 9.5
9.5. Мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қателікке жол берілсе, банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол берілген қателікті реттеу жөнінде шара қабылдайды.
Тармақ 9.6
9.6. Алушының шотында қаражат болмаған жағдайда кейіннен мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін мемлекеттік мекеменің кассасына қалпына келтіреді. Бұл ретте заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны алушы төленетін күні қолданылатын банк тарифіне сәйкес төлейді.
Тармақ 9.7
9.7. Алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін қайтарудан бас тартқан жағдайда өтеу сот тәртібімен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Әртүрлі
Тармақ 10.1
10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалады.
Тармақ 10.2
10.2. Шарт шот шартқа сәйкес жабылғанға дейін қолданылады.
Тармақ 10.3
10.3. Алушы шотты Тараптардың келісімі бойынша жабады.
Тармақ 10.4
10.4. Алушы банктің мемлекеттік мекемеге шот нөмірі, шот бойынша ақша қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және шартта көзделген тәртіппен және талаптар бойынша өзге де мәліметтерді беруіне өз келісімін береді.
Тармақ 10.5
10.5. Алушы басқа банкпен тұрғын үй төлемі туралы шарт жасаған жағдайда осы шартқа сәйкес ашылған банктік шот жабылуға тиіс.
Тармақ 11
11. Шартты өзгерту тәртібі
Тармақ 11.1
11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.
Тармақ 12
12. Форс-мажор
Тармақ 12.1
12.1. Егер шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы болжанбаған мән-жайдың, атап айтқанда: қауіпті табиғи құбылыстың, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, соғыс іс-қимылдарының салдарынан болып, осы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына тікелей ықпалын тигізсе, Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады.
Тармақ 13
13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері Мемлекеттік мекеме: Банк: Алушы: ____________________ (толық атауы) ____________________ ____________________ (мекенжайы) ____________________ ____________________ (Т.А.Ә.) ____________________ ____________________ (қолы) 20__жылғы «___»_______ М.О._______________ ____________________ (толық атауы) ____________________ ____________________ (мекенжайы) ____________________ ____________________ (Т.А.Ә.) ____________________ ____________________ (қолы) 20__жылғы «___»_______ М.О._______________ ____________________ (толық атауы) ____________________ ____________________ (мекенжайы) ____________________ ____________________ (Т.А.Ә.) ____________________ ____________________ (қолы) 20__жылғы «___»_______ М.О._______________ _________________________
Басқа 1-3. Тұрғын үй төлемі туралы шартты және алушының жеке арнайы шотын тіркеу журналы
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына 3-қосымша Тұрғын үй төлемі туралы шартты және алушының жеке арнайы шотын тіркеу журналы Р/с № Тіркелген күні Тұрғын үй төлемін алушының Т.А.Ә. Тұрғын үй төлемі туралы шарт Банктің атауы Алушының жеке арнайы шотының нөмірі күні № 1 2 3 4 5 6 7 20 ____ жылғы «___» _________ __________________________ (күні)      (қала, ауыл) Ескертпе: тұрғын үй төлемі туралы шартты және алушының жеке арнайы шоты тіркеу журналын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады. __________________________
Басқа 1-4. __________________________________________________ бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы) ағымдағы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімі
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына 4-қосымша __________________________________________________ бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы) ағымдағы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімі Р/с № Бөлімшенің атауы Т.А.Ә. Отбасы құрамы Тұрғынжай ауданы отбасы мүшелері адам саны, оның ішінде алушы 1 2 3 4 5 6 Мемлекеттік мекеменің бастығы / Қаржы бөлімшесінің бастығы _________________ _________________ (күні, қолы)     (Т.А.Ә.) Қаржы бөлімшесінің бастығы / Қаржы бөлімшесінің жауапты орындаушысы _______________ ____________________________ (күні, қолы)    (Т.А.Ә.) Ескертпе: ағымдағы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімін мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі толтырады. ____________________________
Басқа 1-5. ___________________________ бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемінің (мемлекеттік мекеме атауы) есеп-қисабы
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына 5-қосымша ___________________________ бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемінің (мемлекеттік мекеме атауы) есеп-қисабы Р/с № Бө­лім­ше ата­уы Т.А.Ә. (то­лық) Тө­лем ба­стал­ған кү­ні Тұр­ғы­н­жай ауда­ны Ста­ти­сти­ка жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның де­ректе­рі бой­ын­ша өңір­де­гі тұр­ғы­н­жай­дың 1 шар­шы мет­рін жал­дау құ­ны (тең­ге) Ай­ы­на ағым­да­ғы тұр­ғын үй тө­ле­мі­нің со­ма­сы (5-ба­ған х 6-ба­ған) (тең­ге) Осы Қа­ғи­да­лар­дың 34-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген ағым­да­ғы тұр­ғын үй тө­ле­мі­нің со­ма­сы (7-ба­ған – 50 %) (тең­ге) 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиы­ны Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме бой­ын­ша жиы­ны Мемлекеттік мекеменің бастығы / Қаржы бөлімшесінің бастығы _________________ _________________ (күні, қолы)     (Т.А.Ә.) Қаржы бөлімшесінің бастығы / Қаржы бөлімшесінің жауапты орындаушысы _______________ _____________________________ (күні, қолы)    (Т.А.Ә.) Ескертпе: 1) ағымдағы тұрғын үй төлемінің есеп-қисабын мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады; 2) 1 – 5-бағандардағы мәліметтерді мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынады. ____________________________
Басқа 1-6. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ____ -бабының ____-тармағына сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімі __________________________________________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы)
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына 6-қосымша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ____ -бабының ____-тармағына сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімі __________________________________________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы) Р/с № Бөлімше атауы Т.А.Ә. Қызметке кірген күні (күні, айы, жылы) Отбасы құрамы Біржолғы тұрғын үй төлемін есептеу кезеңі (8-баған – 5-баған) (айлар, күндер) Тұрғынжай ауданы (ш.м) отбасы мүшелері адам саны, оның ішінде алушы отбасы құрамы ның өзгерген күні, туыстық дәрежесі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Жиыны Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны Мемлекеттік мекеменің бастығы / Қаржы бөлімшесінің бастығы _________________   ____________________ (күні, қолы)     (Т.А.Ә.) Тұрғын үй комиссиясының төрағасы / Қаржы бөлімшесінің жауапты орындаушысы _______________ _____________________________ (күні, қолы)    (Т.А.Ә.) Ескертпе: біржолғы тұрғын үй төлемін алушылардың тізімін мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі толтырады. _____________________
Басқа 1-7. ________________________ бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің (мемлекеттік мекеме атауы) есеп-қисабы
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына 7-қосымша ________________________ бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің (мемлекеттік мекеме атауы) есеп-қисабы Р/с № Бө­лім­ше ата­уы Тұр­ғы­н­жай­ға мұқ­таж адам­ның Т.А.Ә. (то­лық) От­ба­сы мү­ше­ле­рі Адам са­ны, оның ішін­де алушы Тұр­ғы­н­жай ауда­ны Бір­жол­ғы тұр­ғын үй тө­ле­мін есеп­теу ке­зе­ңі (ай­лар, күн­дер) Ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның де­ректе­рі бой­ын­ша өңір­де­гі тұр­ғы­н­жай­дың 1 ш. м. жал­дау/са­ту құ­ны (тең­ге) Заң­ның 101-1-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген бір­жол­ғы тұр­ғын үй тө­ле­мі­нің со­ма­сы (6-ба­ған х 7-ба­ған х 8-ба­ған) (тең­ге) Осы Қа­ғи­да­лар­дың 62-тар­ма­ғы­ның төр­тін­ші бө­лі­гін­де көз­дел­ген бір­жол­ғы тұр­ғын үй тө­ле­мі­нің со­ма­сы (6-ба­ған х 7-ба­ған х 8-ба­ған) (тең­ге) Заң­ның 101-1-ба­бы­ның  5-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген бір­жол­ғы тұр­ғын үй тө­ле­мі­нің со­ма­сы (6-ба­ған х 8-ба­ған) (тең­ге) Заң­ның 101-9-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген бір­жол­ғы тұр­ғын үй тө­ле­мі­нің со­ма­сы (6-ба­ған х 8-ба­ған) (тең­ге) Бұ­рын жү­зе­ге асы­ры­л­ған тұр­ғын үй тө­ле­мі­нің со­ма­сы Тө­ле­не­тін жиы­ны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 Жиы­ны Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме бой­ын­ша жиы­ны Мемлекеттік мекеме бастығы/Қаржы бөлімшесінің бастығы _________________ _____________________ (күні, қолы) (Т.А.Ә.) Қаржы бөлімшесінің бастығы / Қаржы бөлімшесінің жауапты орындаушысы _______________ _______________________ (күні, қолы) (Т.А.Ә.) Ескертпе: 1) біржолғы төлемнің есеп-қисабын мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады; 2) 1 – 7-бағандардағы мәліметтерді мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынады.
Басқа 1-8. ______________________ банк басшысына
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына 8-қосымша ______________________ банк басшысына Қате аударылған тұрғын үй төлемінің сомасын қайтару туралы мекеменің өтініші 1. Тұрғын үй төлемін төлеушінің деректемелері 1.1 _____________________________________ (мекеме атауы) 1.2 БСН ________________________________ 1.3 БСК _________________________________ 1.4 ЖСК _________________________________ 2. Қателікке жол берілген төлем тапсырмасының деректемелері 2.1 № ___________________________________ 2.2 Күні 20 ____ жылғы «____» ______________ 2.3 Төлем тапсырмасының жалпы сомасы ____________________________ 3. Тұрғын үй төлемін алушы қызметкердің деректемелері 3.1 Тегі ____________________________ 3.2 Аты _____________________________ 3.3 Әкесінің аты (бар болса) __________________ 3.4 Туған күні _______________________ 3.5 ЖСН ______________________________ 3.6 Жеке арнайы шот нөмірі _____________________________ 3.7 Тұрғын үй төлемін алушының төлем сомасы ____________________ 3.8 Қайтарылуға тиіс сома __________________________________ 4. Қайтару себебі _____________________________________________ (қайтару қажет етілетін себепті көрсету, мысалы, қызметкер жұмыстан шығарылды, механикалық қате, банк қатесі және т.б.) Мынадай деректемелер бойынша қайтаруыңызды сұраймыз: Мекеме ____________________________ БСН ____________________________________ БСК ___________________________________ ЖСК ____________________________________ 5. Мекеме басшысы не уәкілетті лауазымды адам _______________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы) 6. Қаржы бөлімшесінің бастығы ___________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы) 7. Бас бухгалтер ________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы) М.О. _______________________________
Басқа 1-9. Қате есепке жатқызылған соманы өзінің жеке арнайы шотынан есептен шығаруға келісімі туралы тұрғын үй төлемін алушының банкке өтініші
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына 9-қосымша Қате есепке жатқызылған соманы өзінің жеке арнайы шотынан есептен шығаруға келісімі туралы тұрғын үй төлемін алушының банкке өтініші Мен, _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні) ЖСН _____________________, менің жеке арнайы шотыма қате есепке жатқызылған (сомасы жазбаша) __________________________________________________________________ сомасындағы тұрғын үй төлемін қайтаруға келісім беремін. (Бірнеше төлем тапсырмасы бойынша қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің сомасын қайтару қажет болғанда қайтарылуға тиіс сома әрбір төлем тапсырмасына бөлек көрсетіледі) ______________. _________________________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғынжайларын қалыптастыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1602 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1602 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 153 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 532 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 996 қаулысы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 464 қаулысы.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 217 қаулысы.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 573 қаулысы.
Тармақ 10
10. «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысы.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4 және 15-тармақтары.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 және «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 800 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 14
14. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 872 қаулысы.
Тармақ 15
15. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 872 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 640 қаулысы.
Тармақ 16
16. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысы.
Тармақ 17
17. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 441 қаулысы.
Тармақ 18
18. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 583 қаулысы.
Тармақ 19
19. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 650 қаулысы.
Тармақ 20
20. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 396 қаулысы.
Тармақ 21
21. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 22
22. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 798 қаулысы.
Тармақ 23
23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 848 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 24
24. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 482 қаулысы. _________________________