Об определении критериев отнесения цифровых объектов «цифрового правительства» к технологически сложным цифровым объектам «цифрового правительства» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін «цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 91-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін «цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін «цифрлық үкіметтің» технологиялық тұрғыдан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттары
Бұйрықпен бекітілді «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін «цифрлық үкіметтің» технологиялық тұрғыдан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Ұзақ мерзімді ендіруді және кезең-кезеңімен өнеркәсіптік пайдалануға беруді көздейтін жобаларды іске асыру.
Тармақ 2
2. Әзірлеу мерзімінің 12 айдан асуы.
Тармақ 3
3. Шешімнің жоғары функционалдық және архитектуралық күрделілігі.
Тармақ 4
4. Бір мезгілде 5 000-нан астам пайдаланушының жұмысын, секундына 300-ден астам транзакцияны өңдеуді және дерекқорда 50 000 000-нан астам жазбаны сақтауды көздейтін жоғары жүктемелі жүйелерді іске асыру.
Тармақ 5
5. Проприетарлық лицензияланатын (жабық) бағдарламалық қамтылымды пайдалану.
Тармақ 6
6. Qaztech платформасы қолдамайтын технологиялық стекті пайдалану.
Тармақ 7
7. Мамандандырылған немесе оқшауланған контурларда орналастыру қажеттілігі.
Тармақ 8
8. Мамандандырылған аппараттық инфрақұрылымды пайдалану қажеттілігі.
Тармақ 9
9. Бөлінген серверлік немесе желілік инфрақұрылымды пайдалану қажеттілігі.
Тармақ 10
10. Деректердің кепілдендірілген тұтастығына және операцияларды үздіксіз өңдеуге қойылатын талаптары бар транзакциялық цифрлық жүйелерді іске асыру (қаржылық, төлем жүйелері).
Тармақ 11
11. Бейнеаналитика жүйелерін іске асыру.
Тармақ 12
12. Жобаның мемлекетаралық сипаты.
Тармақ 13
13. Жасанды интеллект қолданылатын цифрлық жүйелер.