О внесении изменений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам статуса педагога Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Бап 1
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер енгізілсін: 409-баптың 7-3-бөлігінде: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру, сондай-ақ оған құжаттарды бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жүргізу міндетін жүктеу;»; 5) тармақшадағы «орта» деген сөз алып тасталсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.