Об установлении публичного сервитута Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31– бабынасәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «L. Scarti LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 901,47 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылдың 3 наурызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді; 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.