О переводе отдельных участков земель лесного фонда в земли другой категории Қолданыста
Басқа 0
Орман қоры жерлерінің жекеленген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексі және Қазақстан Республикасының Орман Кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 04 желтоқсандағы № 1047 қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінің санатынан жалпы көлемі 102,47 гектар жер учаскелері өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін республикалық маңызы бар Бейнеу-Сексеуіл автомобиль жолының құрылысы үшін «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Комитет) беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Комитет (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын жергілікті бюджет кірісіне өтесін және қажет болған жағдайда алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 6
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___»__________
№____қаулысына қосымша
Орман қоры жерлерi санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтаждықтарына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
№
Жер учаскелерінің атауы
Жалпы ауданы, гектар
Оның ішінде:
Орман көмкерген, гектар
Орманмен көмкермеген, гектар
1.
II техникалық санаттағы Бейнеу – Сексеуіл автомобиль жолының құрылысы
102, 47
60, 54
41, 93
Барлығы:
102, 47
60, 54
41, 93