О реализации пилотного проекта по автоматизации жизненной ситуации «Применение искусственного интеллекта при передаче показаний с приборов учёта через мобильное приложение «электронного правительства» для расчёта потреблённого объёма газа» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұтынылған газ көлемін есептеу үшін «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасы арқылы есепке алу аспаптарынан көрсетілімдерді беру кезінде жасанды интеллектіні қолдану» өмірлік ахуалды автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің төрағалығымен өткен 2025 жылғы 19 тамыздағы № 21-05/07-1478-1 Жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасының 6-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында «Тұтынылған газ көлемін есептеу үшін «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасы арқылы есепке алу аспаптарынан көрсетілімді беру кезінде жасанды интеллектіні қолдану» өмірлік ахуалды автоматтандыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске қосылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған «Тұтынылған газ көлемін есептеу үшін «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасы арқылы есепке алу аспаптарынан көрсетілімдерді беру кезінде жасанды интеллектіні қолдану» өмірлік ахуалды автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Пилоттық жобаның қолданылу мерзімі осы бірлескен бұйрық күшіне енген күннен бастап 2027 жылдың 1 мамырын қоса алғанға дейін деп айқындалсын.
Тармақ 4
4. «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Пилоттық жобаны іске асыру үшін, сондай-ақ тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру үшін ақпараттандыру объектілері иелерінің сұрау салулары бойынша Алгоритмге және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының, 38-бабы 2-1-тармағының және 49-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес «Smart Bridge» платформасы арқылы ақпараттық жүйелердің қажетті сервистеріне қосуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Пилоттық жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27963 болып тіркелген) бекітілген Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ құзыретіне ақпараттандыру, дербес деректерді қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері кіретін өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін, ал осы бірлескен бұйрықтың 8-тармағында көзделген Пилоттық жобаны іске асыру туралы есепті қарау нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдаған кезде техникалық және нормативтік-техникалық құжаттамада жазылған мақсаттарға, міндеттерге және талаптарға сәйкес сервисті өнеркәсіптік пайдалануға ауыстыру жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 3
3) Қағидалардың 33-тармағының екінші бөлігіне сәйкес интеграциялық сервистерге қосылғанға дейін мүдделі мемлекеттік органдармен «Smart Bridge» платформасында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иелері интеграциялық сервистерді пайдалану туралы келісімге қол қоюды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) өздерінің Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, Пилоттық жоба іске қосылғаннан бастап 12 (он екі) ай ішінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкестік бойынша оң нәтижесі бар сынақ актісінің және мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыс шарттарының болуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
Тармақ 7
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика және Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағында көрсетілген Пилоттық жобаның аяқталуы бойынша:
Тармақша 1
1) есепке алу аспаптарының нақты танылған көрсетілімдерінің үлесін;
Тармақша 2
2) сервисті сәтті пайдаланған пайдаланушылардың үлесін;
Тармақша 3
3) сервистің қолайлылығы мен қолжетімділігінің артуымен көрінетін әлеуметтік әсерін;
Тармақша 4
4) өңірлер бойынша бақылаушыларға түсетін жүктеменің төмендеу пайызын;
Тармақша 5
5) тұтынушыларға төлем құжаттарын (түбіртектерді) қалыптастыру және жіберу кезінде қағаз тұтыну көлемінің азаюын қамтитын белгіленген тиімділік көрсеткіштері негізінде экономикалық және әлеуметтік әсеріне бағалай отырып, оның іске асырылу нәтижелері туралы есеп жасалады. Есепті қарау нәтижелері бойынша сервисті өнеркәсіптік пайдалануға ауыстыру немесе оны іске асыруды тоқтату туралы шешім қабылданады.
Тармақ 9
9. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 0. «Тұтынылған газ көлемін есептеу үшін «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасы арқылы есепке алу аспаптарынан көрсетілімдерді беру кезінде жасанды интеллектіні қолдану» өмірлік ахуалды автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмі
Бірлескен бұйрыққа қосымша «Тұтынылған газ көлемін есептеу үшін «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасы арқылы есепке алу аспаптарынан көрсетілімдерді беру кезінде жасанды интеллектіні қолдану» өмірлік ахуалды автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алгоритм «Тұтынылған газ көлемін есептеу үшін «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасы арқылы есепке алу аспаптарынан көрсетілімдерді беру кезінде жасанды интеллектіні қолдану» өмірлік ахуалды автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Алгоритмнің мақсаты – жасанды интеллектіні, оның ішінде машиналық оқыту алгоритмдерін, есепке алу аспаптарының суреттерін талдау және ауытқуларды анықтау үшін есепке алу аспаптарынан көрсетілімдерді беру процесінде қолдану, бақылаушыларға түсетін жүктемені азайту және деректердің дәлдігін арттыру.
Тармақ 3
3. Бұл Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) пайдаланушы – «QazaqGaz Aimaq» АҚ-да жеке шоты бар жеке тұлға;
Тармақша 2
2) «QazaqGaz Aimaq» АҚ – «eGov Mobile» мобильді қосымшасындағы сервис иесі;
Тармақша 3
3) қосымша – App Store және Google Play дүкендерінде қолжетімді «eGov Mobile» мобильді қосымшасы;
Тармақша 4
4) жеке шот – газ тұтынушының бірегей сәйкестендіргіші;
Тармақша 5
5) көрсетілімдерді беру – көрсетілімдерді қолмен енгізу және есептегіштің фотосуретін жүктеу арқылы есепке алу аспабы бойынша газ көлемін тіркеп-бекіту;
Тармақша 6
6) сервис – «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның есепке алу және шоттарды ұсынудың ақпараттық жүйесі.
Тарау 2. 2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі
2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 4
4. Пайдаланушы eGov Mobile мобильді қосымшасын жүктейді және орнатады.
Тармақ 5
5. Қосымшада тіркеу ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Пайдаланушы «Сервистер» қойындысына өтеді, онда «Газды есепке алу аспаптарынан көрсетілімдерді беру» сервисі орналастырылатын болады.
Тармақ 7
7. Авторизациядан кейін Пайдаланушы «QazaqGaz Aimaq» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы тексерілетін жеке шоттың нөмірін енгізеді.
Тармақ 8
8. Көрсетілімдерді беру ай сайын ағымдағы айдың 25-інен 30-ына дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Пайдаланушы газды есепке алу аспабының ағымдағы көрсетілімдерін енгізеді және есепке алу аспабының фотосуретін жүктейді.
Тармақ 10
10. Сервис берілген деректердің дұрыстығын автоматтандырылған тексеруді жүзеге асырады, оған мыналар:
Тармақша 1
1) енгізілген көрсетілімдерді алдыңғы есептік кезеңдердің деректерімен салыстыру;
Тармақша 2
2) көрсетілімдердің ауытқулардың рұқсат етілген диапазонына сәйкестігін айқындау;
Тармақша 3
3) дұрыс мәндерді автоматты түрде тіркеп-бекіту кіреді.
Тармақ 11
11. Ауытқулардың рұқсат етілген диапазоны есепке алу аспабының жұмысына араласу белгілері болмаған жағдайда ±20 пайыз шегінде алдыңғы үш есептік кезең үшін берілген көрсетілімдердің орташа тұтыну көлемінен ауытқуы ретінде айқындалады.
Тармақ 12
12. Көрсетілімдер ауытқулардың рұқсат етілген шегінен тыс шыққан не дұрыс емес деректер анықталған жағдайда автоматты түрде есептеу жүргізілмейді, ал пайдаланушыға көрсетілімдерді қайта енгізу мүмкіндігі беріледі.
Тармақ 13
13. Қате туындаған кезде Қосымшада Пайдаланушыға қатенің себебін көрсететін хабарлама көрсетіледі. Мүмкін болатын қате түрлері:
Тармақша 1
1) «Жеке шот табылмады»;
Тармақша 2
2) «Көрсетілімдерді беру кезеңі басталған жоқ»;
Тармақша 3
3) «Көрсетілген кезеңдегі көрсетілімдер қазірдің өзінде берілді».
Тармақ 14
14. Дұрыс деректер автоматты түрде «QazaqGaz Aimaq» АҚ ақпараттық жүйесіне беріледі және тұтынылған газ көлемін есептеу үшін пайдаланылады.
Тармақ 15
15. Есептеу нәтижелері бойынша төлем құжаты (түбіртек) қалыптастырылады, ол пайдаланушыға сервисте электрондық түрде қолжетімді болады.
Тарау 3. 3-тарау. Ақпараттық қауіпсіздік
3-тарау. Ақпараттық қауіпсіздік
Тармақ 16
16. Деректерді беру қорғалған арналар (HTTPS, TLS) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Пайдаланушылардың дербес деректері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңделеді және сақталады.
Тармақ 18
18. Сервиске қол жеткізу аутентификациядан өткеннен кейін ғана беріледі.
Тармақ 19
19. Пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 20
20. «QazaqGaz Aimaq» АҚ Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ақпараттық жүйелерді пайдаланушылар қалыптастырған мәліметтердің қорғалуын, тұтастығын және өзгермейтіндігін, сондай-ақ рұқсатсыз кіруді, деректердің өзгеруін немесе жоғалуын болғызбау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. Пилоттық жобаны іске асыру кезінде ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 22
22. «QazaqGaz Aimaq» АҚ көрсетілімдерді беру процесін сүйемелдеуді, тану алгоритмдерінің жұмыс істеуін, Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде алынған деректерді өңдеуді және пайдалануды қамтамасыз етеді.