Об утверждении Методики по проведению функциональных обзоров деятельности государственных юридических лиц и субъектов квазигосударственного сектора Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 107-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістеме
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 15 маусымдағы № 71 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 107-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын, ұйымның қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізуге жауапты тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
Тармақша 2
2) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінің негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын бесжылдық кезеңге арналған құжат;
Тармақша 3
3) қайталанатын қызмет түрлері – мазмұны ұқсас және өзара байланысты, бірнеше ұйым не мемлекеттік заңды тұлғалар орындайтын қызмет түрлері;
Тармақша 4
4) қызметтің тән емес түрі – ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтін, Жарғыда көзделмеген қызмет түрі;
Тармақша 5
5) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарға ие орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;
Тармақша 6
6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік жоспарлау және стратегиялық, бақылау, іске асыру және реттеу функциялары саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
Тармақша 7
7) мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері (бұдан әрі – ұйым) – денсаулық сақтау, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, шаруашылық жүргізу не жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жалғыз құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдар (ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық холдингтерді қоспағанда);
Тармақша 8
8) монополияға қарсы орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 9
9) функционалдық шолу – ұйымның функциялары мен штат санын оңтайландыру тұрғысынан талдау құралы;
Тармақша 10
10) хронометраждық жұмыстар – жедел жұмыстың циклдік қайталанатын элементтері, сондай-ақ дайындық-қорытынды жұмыстың немесе жұмыс орнына қызмет көрсету жөніндегі жұмыстың элементтері зерделенетін байқау түрі.
Тармақ 3
3. Әдістеменің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) ұйымның қызметі түрлерінің оның қызметінің нысаналары мен мақсаттарына сәйкестігін белгілеу;
Тармақша 2
2) ұйым қызметінің тән емес түрлерін анықтау;
Тармақша 3
3) ұйымның қызметі түрлерінің қайталануын болдырмау;
Тармақша 4
4) ұйым қызметінің жетіспейтін түрлерін айқындау;
Тармақша 5
5) алдына қойылған мақсаттарды тиімді іске асыру үшін ұйымның штат санының оңтайлы лимитін айқындау болып табылады.
Тармақ 4
4. Қызметтің тән емес түрлерін анықтау, қайталанатын қызмет түрлерін жою, ұйымның нысанасы мен мақсаттарына сәйкес қызметтің жаңа түрлерін бекіту арқылы әрбір нақты ұйымда қызмет түрлерінің оңтайлы көлемін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Ұйымға функционалдық шолу мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмасы бойынша;
Тармақша 2
2) ұйымның функциялары мен штат санын оңтайландыру тұрғысынан талдау үшін басқару органының шешімі бойынша, бірақ кемінде 5 (бес) жылда бір рет;
Тармақша 3
3) бөлу, бөліп шығару арқылы ұйымды қайта ұйымдастырған жағдайда;
Тармақша 4
4) штат саны ұйымның даму жоспарында көзделген жұмыскерлердің жалпы санынан 20 (жиырма) және одан астам пайызға ұлғайған кезде жүргізіледі. Ұйымның бекітілген штат санының 5 (бес) пайызынан астамы бос жұмыс орындары болған жағдайда штат санын ұлғайту жөнінде сұрау салу қаралмайды.
Тармақ 6
6. Осы Әдістеменің 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде басқару органы ұйымға функционалдық шолу жүргізеді.
Тармақ 7
7. Егер ұйым бірнеше салада (аяда) функцияларды іске асырған жағдайда, функционалдық талдау тиісті саланың уәкілетті органдарының өкілдерін тарта отырып жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолу жүргізу үшін ақпарат жинау
2-тарау. Мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолу жүргізу үшін ақпарат жинау
Тармақ 8
8. Функционалдық шолу жүргізу шеңберінде басқару органы талдауға тиіс ақпарат мыналарды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік орган мен ұйымның қызметін регламенттейтін заңнамалық актілердің тізбесін;
Тармақша 2
2) ұйымның, оның еншілес және тәуелді ұйымдарының, филиалдары мен өкілдіктерінің ережелерін немесе Жарғысын (болған жағдайда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын;
Тармақша 4
4) ұйым қызметінің нәтижелерін құрылтайшының (акционердің) тыңдауы туралы есептерді;
Тармақша 5
5) статистикалық деректерді, шетелдік жұмыс тәжірибесін, отандық салалық сарапшылардың зерттеулерін, салыстырып талдау жүргізу үшін халықаралық ұйымдардың есептерін қамтитын сыртқы көздерден алынған ақпаратты;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген ұйым қызметінің түрлері туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 9
9. Осы Әдістеменің 8-тармағында көзделген ақпаратты жинау нәтижелері бойынша басқару органы функционалдық шолу жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық кестені және осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның/квазимемлекеттік сектор субъектісінің зерттеліп отырған қызметі түрлерінің тізбесін қалыптастырады.
Тарау 3. 3-тарау. Функционалдық шолулар жүргізу
3-тарау. Функционалдық шолулар жүргізу
Тармақ 10
10. Басқару органы мыналарды:
Тармақша 1
1) ұйымның құрылтай құжаттарын және қаржы-шаруашылық қызметін (өнімнің (көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнын, негізгі және негізгі емес қызметтен түсетін кірістердің арақатынасын, инвестицияларды) бағалауды;
Тармақша 2
2) ұйымның нақты қызметінің ұйымның құрылтай құжаттарында, заңнамалық және құқықтық актілерде айқындалған мәлімделген міндеттер мен құру мақсаттарына сәйкестігін;
Тармақша 3
3) даму жоспарларының және (немесе) іс-шаралар жоспарларының орындалуын бағалауды;
Тармақша 4
4) жүзеге асырылатын қызмет түрінің даму жоспарының және (немесе) іс-шаралар жоспарының нысаналы индикаторына әсерін;
Тармақша 5
5) ұйымның қызметі түрлерінің Тізбеге сәйкестігін;
Тармақша 6
6) әрбір құрылымдық бөлімше және персонал лауазымы бойынша функцияларды түгендеуді, қызметкерлердің өз мақсаттары мен міндеттерін орындауға жұмсайтын уақытын есептеу және бақылау мақсатында тиісті құзыретке ие уәкілетті лауазымды адамдар жүргізетін жұмыс уақытының хронометражын қамтитын талдау жүргізеді. Жұмыс уақытының хронометражын жүргізу әрбір қызметкердің функционалдық жүктемесін көрсетуге және қызметкерлер жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында бизнес-процестің сапасын жақсарту және жаңғырту жөнінде тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді;
Тармақша 7
7) қайталануды, басқарудың артық деңгейлерін және оларды жою жөніндегі ұсыныстармен функцияларды бөлудегі олқылықтарды анықтауды;
Тармақша 8
8) нормативтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен бекітілген Қызметтің барлық саласы үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12736 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1037 бұйрығымен бекітілген Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12659 болып тіркелген) айқындалған қызметтің барлық саласы үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық, салааралық үлгілік немесе еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерге сәйкестігін қамтитын талдау жүргізеді.
Тармақ 11
11. Ұйымның қызмет түрлерін талдау ұйымның қызмет түрлерінің тікелей нәтижелерін оның ережесімен, ұйымның даму жоспарымен салыстыруға, сондай-ақ мемлекеттік органның даму жоспарымен салыстыруға негізделеді.
Тармақ 12
12. Жүргізілген функционалдық шолуды ескере отырып, ұйымға функционалдық шолу жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде мыналар:
Тармақша 1
1) қызметтің тән емес түрлері, қызметтің қайталанатын түрлерін жою, ұйымның қызметінің нысаналары мен мақсаттарына сәйкес қызметтің жаңа түрлерін бекіту, қызметтің, оның ішінде ұйым жүзеге асыратын тән емес және оның Жарғысына қосылмаған түрлерін алып тастау, сондай-ақ жарғыдан монополияға қарсы органның келісімі алынбаған және Тізбеде жоқ қызмет түрлерін алып тастау
Тармақша 2
2) іс жүзінде ұйым іске асыратын қызмет түрлерін құқықтық регламенттеу;
Тармақша 3
3) ұйымның оңтайлы штат саны бойынша ұсыным дайындалады.
Тармақ 13
13. Осы Әдістемеге сәйкес жүргізілген ұйым қызметінің функционалдық шолулары негізінде алынған нәтижелер ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 14
14. Басқару органы ұсынымдар дайындалған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізілген функционалдық шолудың қорытындыларын монополияға қарсы органға, еңбек жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 15
15. Басқару органы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен функционалдық шолу жүргізілген жағдайда ұйымдастырушылық құрылымы мен штат кестесін түзету мақсатында ұйымның жарғысына, даму жоспарына өзгерістер енгізеді.
Басқа 1. Жиынтық кесте
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 15 маусымдағы № 71 Мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге 1-қосымша Нысан Жиынтық кесте Ұй­ым­ның ны­са­на­сы, мін­дет­те­рі мен мақ­сат­та­ры Ұй­ым­ның қыз­мет түр­ле­рі Ұй­ым­ның қыз­ме­тін рет­тей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер Ұй­ым­ның қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­ра­тын құ­ры­лым­дық бө­лім­ше (нақ­ты орын­да­у­шы­лар­дың ата­уы/шта­ты/ са­ны) не қыз­мет тү­рін бә­се­ке­лес ор­та жү­зе­ге асы­ра­ды (функ­ци­я­ны нақ­ты орын­да­у­шы­лар­дың ата­уы/бе­ру тә­сі­лі /шта­ты/са­ны) Қыз­мет түр­ле­рін тұ­ты­ну­шы­лар (алушы­лар) / тап­сы­рыс бе­ру­ші мем­ле­кет (мем­ле­кет­тік ор­ган­ның, құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің, ве­дом­ство­ның, ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­ның са­ны мен ата­уы көр­се­ті­ле­ді); кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты емес аза­мат­тар (аумақ­тық қам­ту, жа­сы, әле­умет­тік мәр­те­бе­сі көр­се­ті­ле­ді) кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты емес ұй­ым­дар (ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны көр­се­ті­ле­ді); кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі (ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны және аумақ­тық қам­ты­луы, Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі көр­се­ті­ле­ді); Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі (рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет, жер­гі­лік­ті бюд­жет, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың есе­бі­нен (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің құ­нын, өзге де көз­дер­ді көр­се­ту (нақ­ты қай­сысы еке­нін көр­се­ту) Егер қыз­мет түр­ле­рін бә­се­ке­лес ор­та орын­да­ған жағ­дай­да, он­да: ұй­ым қыз­ме­тін жыл­дық қар­жы­лан­ды­ру; жы­лы­на бә­се­ке­лес ор­та­дан қыз­мет­тер­ді са­тып алу құ­ны көр­се­ті­ле­ді; Қыз­мет тү­рін іс­ке асы­ру тәр­ті­бі­нің ег­жей-тег­жей­лі си­патта­ма­сы (функ­ци­я­ны іс­ке асы­ру үшін қа­жет­ті іс-ша­ра­лар­дың қы­сқа­ша, ке­зең-ке­зе­ңі­мен си­патта­ма­сы) егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­сін­де функ­ци­я­ны іс­ке асы­ру тәр­ті­бі ре­гла­мент­тел­ген жағ­дай­да, он­да оның ата­уы қо­сым­ша көр­се­ті­ле­ді; Қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дың түп­кі­лік­ті нәти­же­сі Қыз­мет­тің ны­са­на­сы 1-мін­дет 1-қыз­мет тү­рі 1- бө­лім­ше 1-мақ­сат 1-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор 2-бө­лім­ше
Басқа 2. Зерттелетін мемлекеттік заңды тұлғаның/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметі түрлерінің тізбесі
Мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге 2-қосымша Нысан Зерттелетін мемлекеттік заңды тұлғаның/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметі түрлерінің тізбесі № Ти­іс­ті заң­на­ма­лық ак­ті­ден зерт­те­ле­тін мем­ле­кет­тік ор­ган­ның функ­ци­я­сын тұ­жы­рым­дау Функ­ци­я­ны бел­гі­лей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­нің ата­уы (бап­ты, тар­мақ­ты көр­се­те оты­рып) Зерт­те­ле­тін мем­ле­кет­тік ор­ган, оның ве­дом­ство­ла­ры, аумақ­тық ор­ган­да­ры ту­ра­лы ере­же­лер­ден зерт­те­ле­тін мем­ле­кет­тік ор­ган­ның функ­ци­я­сын тұ­жы­рым­дау Функ­ци­я­ны бел­гі­лей­тін ере­же (тар­мақ­ты көр­се­те оты­рып) 1 2 … Іс жү­зін­де іс­ке асы­ры­ла­тын және оның да­му жос­па­рын­да көз­дел­ген ұй­ым­дар­дың мін­дет­те­рі мен мақ­сат­та­ры­ның орын­да­луы­на ық­пал ету­ді қам­та­ма­сыз ете­тін қыз­мет түр­ле­рі 1 2 … Іс жү­зін­де іс­ке асы­ры­ла­тын, бі­рақ ұй­ым­ның да­му жос­па­рын­да көз­дел­ген оның мін­дет­те­рі мен мақ­сат­та­рын орын­да­у­ға әсер ету­ді қам­та­ма­сыз ет­пей­тін қыз­мет түр­ле­рі 1 2 …. Іс жү­зін­де іс­ке асы­ры­ла­тын, бі­рақ қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­да көз­дел­ме­ген қыз­мет түр­ле­рі 1 2 ….