Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения категории и структуры аптек, аптечных складов

Қаулы · № 65 · қабылданған 26.01.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22649/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения категории и структуры аптек, аптечных складов Күшін жойған Қаулы ·№ 65 ·26.01.2005
12.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения категории и структуры аптек, аптечных складов

Күшін жойған Қаулы ·№ 65 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения категории и структуры аптек, аптечных складов
Атауы (қаз.)
Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
65
Қабылданған күні
26.01.2005
Көрсетілген редакция
12.11.2013 AI22649_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000065_
ЭКБ идентификаторы
22649
Редакция идентификаторы
AI22649_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:14

0 Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесiн бекiту туралы

"Дәрiлiк заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

3 Дәрiханалардың, дәріхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2005 жылғы 26 қаңтардағы
№ 65 қаулысымен
бекiтілген
Дәрiханалардың, дәріхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесi (бұдан әрi - Ереже) фармацевтикалық қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесiн халықаралық стандартқа жақындату, халықты дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi жетiлдiру, дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында әзiрлендi.

2 2. Дәрiханалардың және дәрiхана қоймаларының санаты денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттеу процесiнде белгіленедi немесе расталады.

3 3. Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау үшiн олар жүзеге асыратын фармацевтикалық қызметтiң көлемi мен түрлерi өлшем болып табылады.

4 4. Санатына сәйкес фармацевтикалық қызметтiң түрлерiн толық көлемде ұйымдастыру және жүргiзу үшiн дәрiхана және дәрiхана қоймасы:

1 1) осы Ережеде көзделген құрылымдық бөлiмшелердiң (бөлiмдердiң);

2 2) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларда келтiрiлген фармацевтикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыру және дәрiлiк және оларға теңестiрiлген заттарды сақтау шарттарын қамтамасыз ету үшiн тиiстi бөлiмдерге бiрiктiрілген үй-жайлардың құрамы болуын қамтамасыз етедi.

2 2. Дәрiханалардың санатын және құрылымын айқындау

5 5. Фармацевтикалық қызметтiң көлемi мен түрi бойынша дәрiханалар үш санатқа бөлiнедi.

6 6. І санаттағы дәрiханаларға:

1 1) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар барларын қоса алғанда, негiзгi (өмiрлiк маңызы бap) дәрiлiк заттардың толық тiзбесiн қабылдауды, сақтауды, сатуды;

2 2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және көзiлдiрiк оптикасын қабылдауды, сақтауды, сатуды;

3 3) дәрiлiк нысандарды, оның iшiнде асептикалық және стерильдi нысандарды дайындауды жүзеге асыратын дәрiханалар теңестіріледі.

7 7. II санаттағы дәрiханаларға:

1 1) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар барларын қоса алғанда, негiзгi (өмiрлiк маңызы бap) дәрілiк заттар тiзбесiнiң кемiнде 70%-ын қабылдауды, сақтауды, сатуды;

2 2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және көзiлдiрiк оптикасын қабылдауды, сақтауды, сатуды жүзеге асыратын дәрiханалар теңестiрiледi.

8 8. I және II санаттағы дәрiханаларға көрсетiлген фармацевтикалық қызмет түрлерiн жүргiзу үшiн мынадай құрылымдық бөлiмшелер ұйымдастырылады:

I санаттағы дәрiханада:

1 1) дәрiлiк заттар қорларының бөлiмi;

2 2) рецептiк-өндiрiстік бөлiм;

3 3) дайын дәрiлiк заттарды сату бөлiмi;

4 4) дәрiгердiң рецептiнсiз дәрiлiк заттарды сату бөлiмi;

5 5) көзiлдiрiк оптикасы бөлiмi;

ІІ санаттағы дәрiханада:

1 1) дәрiлiк заттар қорларының бөлiмi;

2 2) дайын, оның iшiнде дәрiгердiң рецептiнсiз босатылатын дәрілiк заттарды сату бөлiмi;

3 3) көзiлдiрiк оптикасы бөлiмi.

9 9. III санаттағы дәрiханаларға фармацевтикалық қызмет түрлерiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық қалған дәрiханалар теңестiрiледi.

10 10. Жүзеге асырылатын фармацевтикалық қызметтiң көлемi мен түрi бойынша жоғарылау санатқа сәйкес келетiн II немесе III санаттағы дәрiханалар денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу жөнiндегi уәкілеттi органға оларға тиiстi санатты беру үшiн өтiнiм беруi мүмкiн.

3 3. Дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау

11 11. Жүзеге асырылатын фармацевтикалық қызметтiң көлемi мен түрi бойынша дәріхана қоймалары 2 санатқа бөлiнедi.

12

12. I санаттағы дәрiхана қоймаларына негiзгi (өмiрлiк маңызы бар), оның iшiнде құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың толық тізбесiн сатып алуға, сақтауға, әкелуге, әкетуге және сатуға байланысты фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын дәріхана қоймалары теңестiріледi.

13 13. Фармацевтикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн I санаттағы дәрiхана қоймасы мынадай құрылымдық бөлiмшелердi ұйымдастырады:

1 1) дәрілік заттарды қабылдау және жөнелту бөлiмi;

2 2) құрамында улы заттар, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттар бөлiмi;

3 3) дайын дәрілiк заттар бөлiмi;

4 4) медициналық мақсаттағы бұйымдар (медициналық техникадан басқа), оның iшiнде таңу-байлау, санитарлық-гигиеналық заттар бөлiмi;

5 5) қосалқы материалдар, ыдыстар, дезинфекциялаушы заттар, қышқылдар және сiлтiлер бөлiмi.

14 14. II санаттағы дәріхана қоймаларына фармацевтикалық қызмет түрлерiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық қалған дәрiхана қоймалары теңестiрiледi.

1 Дәрiхана санатына сәйкес бөлімдер мен үй-жайлардың құрамы

Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының
санатын және құрылымын айқындау ережесiне
1-қосымша
Дәрiхана санатына сәйкес бөлімдер мен үй-жайлардың құрамы
Р/с

Үй-жай­лар­дың және бөлiм­дер­дiң ата­у­ла­ры
Дәрi­ха­на
са­на­ты
І
ІІ
1
2
3
4
1
Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту за­лы, қыз­мет­тiк және
тұр­мыстық үй-жай­лар:
ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ай­ма­ғы (са­уда за­лы);
мең­ге­ру­шiнiң ка­би­нетi;
ме­не­джер­дiң ка­би­нетi;
пер­со­нал ка­би­не­ті;
пер­со­нал гар­де­робы;
жи­нау мүк­әм­ма­лын сақ­тай­тын қой­ма;
са­ни­тар­лық желi;
су се­без­гі бөл­ме.
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
-
+
-
+
+
-
2
Қор бөлi­мi:
мы­на­лар­ды:
1) құ­ра­мын­да улы заттар, есiрт­кi құ­рал­да­ры,
пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар бар
дәрiлiк заттар­ды;
2) дай­ын дәрiлiк заттар­ды;
3) ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­ды
(ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­дан бас­қа) сақ­тай­тын
бөл­ме­лер;
мы­на­лар­ды:
1) мақ­та, дә­ке және бас­қа та­ңу-бай­лау,
са­ни­тар­лық-ги­ги­е­на­лық заттар­ды;
2) дәрiлiк өсiм­дiк ши­кi­за­тын;
3) жа­на­тын, оңай тұ­та­на­тын сұй­ық­тық­тар­ды;
4) қыш­қыл­дар­ды, сiл­тiлер­дi;
5) дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­рын;
6) қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар­ды, ыдыс­тар­ды сақ­тай­тын
үй-жай­лар.
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
3
Ре­цеп­тік-өн­дiрiстiк бөлiм:
са­уда за­лын­да дәрi­ха­на жаб­дық­та­рын
ор­на­ла­сты­ра­тын және дә­рі­лiк заттар­ды са­та­тын
ай­мақ;
дә­рі­лік суб­стан­ци­я­лар­ды, жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар­ды сақ­тай­тын бөл­ме;
дә­рі­лік ны­сан­дар­ды дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған
ас­си­стент­тiк бөл­ме;
сте­риль­дi және асеп­ти­ка­лық дәрiлiк ны­сан­дар­ды
дай­ын­дай­тын бөл­ме;
тал­да­у­шы-хи­мик­тiң бөл­месi (неме­се дәрiлiк
заттар­дың са­па­сын ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған
ас­си­стент­тің бөл­месiн­де ор­на­лас­қан тал­да­у­шы- хи­мик­тің үстелi);
су та­зар­та­тын бөл­ме;
ыдыс­тар­ды сте­ри­ли­за­ци­я­лай­тын бөл­ме;
дә­рі­лiк заттар­ды сте­ри­ли­за­ци­я­лай­тын бөл­ме;
жу­а­тын бөл­ме.
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
4
Дай­ын дә­рі­лiк заттар­ды са­та­тын бөлiм:
дә­рі­лiк заттар­дың қо­рын сақ­тай­тын бөл­ме;
са­уда за­лын­да ор­на­ла­сты­ру үшiн дә­рі­лiк
заттар­ды сақ­та­у­ға және са­ту­ға
ар­нал­ған дәрi­ха­на жи­һаз­да­ры мен жай­ма сө­ре­лер ала­ңы.
+
+
+
+
+
+
5
Дә­рі­лік заттар­ды дәрi­гер­дiң ре­цеп­тiн­сiз са­ту
бөлi­мi:
дәрi­гер­дiң ре­цеп­тiн­сiз са­ты­ла­тын дә­рі­лiк
заттар­ды, бөлiнiп буып-түй­iл­ген дәрiлiк
өсiм­дiк­тер ши­кi­за­тын, мақ­та­ны, дә­кенi,
сон­дай-ақ ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­ды
сақ­та­у­ға ар­нал­ған бөл­ме;
са­уда за­лын­да ор­на­ла­сты­ру үшiн дә­рі­лік
заттар­ды сақ­та­у­ға және са­ту­ға ар­нал­ған
дәрi­ха­на жи­һаз­да­ры мен жай­ма­сө­ре­лер ала­ңы.
+
+
+
-
6
Көзiл­дiрiк оп­ти­ка­сы бөлi­мi:
са­уда за­лын­да ор­на­ла­сты­ру үшiн көзiл­дiрiк
оп­ти­ка­сын сақ­та­у­ға және са­ту­ға ар­нал­ған
дәрi­ха­на жи­һаз­да­ры мен жай­ма­сө­ре­лер ала­ңы.
+
+
+
+
II санаттағы дәрiханада персонал бөлмесi мен персонал гардеробы бiр болуы мүмкiн;
II санаттағы дәрiханада дәрілік заттарды дәрiгердiң рецептiнсiз сатуды дайын дәрілік заттар бөлiмінде іске асырады.

2 I санаттағы дәрiхана қоймасының бөлiмдерi және үй-жайлардың құрамы

Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының
санатын және құрылымын айқындау ережесiне
2-қосымша
I санаттағы дәрiхана қоймасының бөлiмдерi және үй-жайлардың құрамы

1 1. Қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар:

меңгерушiнiң кабинетi;
менеджердiң кабинетi;
персонал кабинетi;
персонал гардеробы;
жинау мүкәммалын сақтайтын қойма;
санитарлық желi;
су себезгi бөлме.

2 2. Дәрiлiк заттарды қабылдау және жөнелту бөлiмi:

контейнерлерді түсiретiн және тиейтiн платформа;
дәрiлiк заттарды қабылдауды және қойма құрылымдарына таратуды
ұйымдастыруға арналған алаң (жабық үй-жайда);
дәрiлiк заттарды және қоймадан басқа тауарларды буып-түюге,
орап қаптауға және босатуға арналған үй-жай.

3 3. Құрамында улы заттар, есiрткi құралдары, психотроптық

заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттар бөлiмi:
құрамында улы заттар, есiрткi құралдары, психотроптық заттар
және прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды, сондай-ақ арнайы
рецептуралық бланктердi қабылдайтын, сақтайтын бөлме.

4 4. Дайын дәрiлiк заттар бөлiмi:

мыналарды:

1 1) дәрiлiк субстанцияларды, жартылай фабрикаттарды және дайын дәрiлiк заттарды;

2 2) дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын;

3 3) этил спиртiн (болған жағдайда) сақтайтын бөлмелер;

мыналарды:

1 1) субстанцияларды буып-түйетiн;

2 2) жанатын, оңай тұтанатын сұйықтықтарға арналған үй-жайлар.

5 5. Медициналық мақсаттағы бұйымдар (медициналық техникадан

басқа басқа), оның ішiнде таңу-байлау, санитарлық-гигиеналық заттар бөлiмi:

мыналарды:

1 1) медициналық мақсаттағы бұйымдарды (медициналық техникадан

басқа);

2 2) мақта, дәке және басқа таңу-байлау, санитарлық-гигиеналық заттарды сақтауға арналған бөлмелер.

6 6. Қосалқы материалдар, ыдыстар, дезинфекциялау құралдары, қышқылдар, сiлтiлер бөлiмi:

мыналарды:

1 1) қосалқы материалдарды, ыдыстарды;

2 2) дезинфекциялау құралдарын;

3 3) қышқылдарды, сілтілерді сақтауға арналған үй-жайлар.

Қолданыстағы