«Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптауды белгілеу туралы» бұйрығына, Ерейментау ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 5 маусымдағы кезектен тыс отырысының №3 хаттамасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ерейментау қаласының «Теплосервис» ШЖҚ МКК №5 қазандығында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауының алдын алу мақсатында, соның салдарынан 50-ден астам адамның Ерейментау қаласының тыныс-тіршілігінің бұзылуы немесе бес адамнан жоғары өлім салдары туындауы мүмкін. Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының аумағында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Е. Б. Құттыбаев тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.