О признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Алматы Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1647 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 99 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1767-02 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.