Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Руханият орталығы» Тюлькубасского района, финансируемых из местного бюджета Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Түлкібас аудандық «Руханият орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Түлкібас аудандық «Руханият орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 30% аспайтын көлемінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.