Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел финансов акимата Таласского района» Қолданыста
Басқа 0
«Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (одан әрі - Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. «Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 394 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.