Об установлении публичного сервитута Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитутін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 3360 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай «Mineral Investment Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2031 жылдың 19 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.