Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Информационно-консультативный центр по вопросам религий города Сатпаев» государственного учреждения «Отдел внутренней политики города Сатпаев» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «16» ___06___ № 28/02 қаулысына қосымша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл тәртіптер мен шарттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы тәртіптер мен шарттардың қолданысы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлеріне қолданылады.
Тармақ 3
3. Ынталандыру үстемеақылары жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін уақтылы, сапалы және тиімді орындауға материалдық мүдделілігін арттыру, білікті кадрлық құрамды сақтау, сондай-ақ мекеменің тұрақты қызметін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Ынталандыру үстемеақыларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Ынталандыру үстемеақысы ынталандыру сипатындағы төлем болып табылады және құқықтық негіздер мен бюджет қаражаты болған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбекақы төлеу жүйесінде және жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді алмастырмайды.
Тармақ 6
6. Ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары және олардың мөлшері Сәтбаев қаласы мәслихатының шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді
Тарау 2. 2-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
2-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
Тармақ 7
7. Ынталандыру үстемеақысы мынадай шарттар сақталған кезде белгіленеді:
Тармақша 1
1) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте және мекеменің қаржыландыру жоспарында көзделген қаражаттың болуы;
Тармақша 2
2) жұмыскердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауы;
Тармақша 3
3) жұмыскердің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауы;
Тармақша 4
4) алынбаған тәртіптік жазаның болмауы;
Тармақша 5
5) жұмыскердің мекеменің функциялары мен міндеттерін нақты орындауы.
Тармақ 8
8. Ынталандыру үстемеақысын белгілеу кезінде ескерілетін көрсеткіштер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) лауазымдық міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
Тармақша 2
2) тиісті кезеңдегі жұмыста оң нәтижелерге қол жеткізу;
Тармақша 3
3) ерекше маңызды, шұғыл немесе күрделі тапсырмаларды орындау;
Тармақша 4
4) діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге, діни экстремизмнің алдын алуға және ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 5
5) мекеме қызметіне байланысты қосымша жұмыс көлемін орындау;
Тармақша 6
6) лауазымдық міндеттерді орындау кезінде кәсіби құзыреттілік, бастамашылдық және жауапкершілік таныту.
Тармақ 9
9. Ынталандыру үстемеақысы мынадай жағдайларда белгіленбейді және төленбейді:
Тармақша 1
1) сынақ мерзіміндегі жұмыскерлерге;
Тармақша 2
2) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
Тармақша 3
3) жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде;
Тармақша 4
4) жалақы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
Тармақша 5
5) оқу демалысы кезеңінде;
Тармақша 6
6) жүктілікке және босануға байланысты демалыс, жаңа туған баланы асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалыс кезеңінде;
Тармақша 7
7) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскердің жалақысы сақталмайтын өзге де жағдайларда.
Тармақ 10
10. Осы тәртіптер мен шарттардың 10-тармағында көзделген мән-жайлар туындаған кезде ынталандыру үстемеақысын төлеу мекеме басшысының бұйрығы негізінде тиісті кезеңге тоқтатыла тұрады.
Тарау 3. 3-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, төлеу, қайта қарау және тоқтату тәртібі
3-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, төлеу, қайта қарау және тоқтату тәртібі
Тармақ 11
11. Ынталандыру үстемеақысы «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен белгіленеді.
Тармақ 12
12. Ынталандыру үстемеақысын белгілеу үшін негіз болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) жұмыскердің тікелей басшысының ұсынуы;
Тармақша 2
2) не мекеменің жауапты лауазымды адамының қызметтік жазбасы;
Тармақша 3
3) не жұмыскердің лауазымдық міндеттерін орындауын бағалау нәтижелері бойынша қабылданған мекеменің бірінші басшысының шешімі.
Тармақ 13
13. Ұсынуда немесе қызметтік жазбада мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 2
2) атқаратын лауазымы;
Тармақша 3
3) ынталандыру үстемеақысын белгілеу негіздері;
Тармақша 4
4) ынталандыру үстемеақысын белгілеу ұсынылатын кезең;
Тармақша 5
5) алынбаған тәртіптік жазаның жоқтығы туралы мәліметтер.
Тармақ 14
14. Мекеме басшысы ұсынуды немесе қызметтік жазбаны қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) ынталандыру үстемеақысын белгілеу туралы;
Тармақша 2
2) бас тарту негіздерін көрсете отырып, ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту туралы.
Тармақ 15
15. Ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту үшін негіздер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) тиісті төлемдерге көзделген бюджет қаражатының болмауы;
Тармақша 2
2) жұмыскердің осы тәртіптер мен шарттарда көзделген шарттарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) алынбаған тәртіптік жазаның болуы;
Тармақша 4
4) ұсынуда немесе қызметтік жазбада толық емес немесе анық емес мәліметтердің ұсынылуы.
Тармақ 16
16. Ынталандыру үстемеақысы нақты жұмыс істеген уақыт үшін жалақы төлеумен бір мезгілде ай сайын төленеді.
Тармақ 17
17. Мекеме кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбекақы төлеу қорының тиісті есеп-қисаптарын қоса бере отырып, жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына лауазымдық айлықақының 100% мөлшерінде ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған шығыстарды жыл сайын көздейді.
Тармақ 18
18. Ынталандыру үстемеақысын төлеу мекеме басшысының бұйрығы негізінде мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылған кезде;
Тармақша 2
2) жұмыскерге тәртіптік жаза қолданылған кезде — тәртіптік жазаның қолданылу кезеңіне;
Тармақша 3
3) мекеменің қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат болмаған кезде;
Тармақша 4
4) осы тәртіптер мен шарттардың 10-тармағына сәйкес ынталандыру үстемеақысы төленбейтін мән-жайлар туындаған кезде.
Тармақ 19
19. Тәртіптік жаза алынған немесе оның қолданылу мерзімі өткен жағдайда ынталандыру үстемеақысын төлеуді қайта бастау мәселесі осы тәртіптер мен шарттарда белгіленген тәртіппен қаралады.
Тармақ 20
20. Ынталандыру үстемеақыларын есептеудің және төлеудің дұрыстығын бақылауды мекеме басшысы, мекеменің бухгалтерлік қызметі және мемлекеттік басқару органы өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.