Об утверждении Правил журналирования действий пользователей интернет-портала открытых данных Қолданыста
Басқа 0
Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 17-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 17 маусымдағы
№ 323/НҚ
Бұйрығымен бекітілген
Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 17-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ашық деректер – машинамен оқылатын нысанда ұсынылған және еркін пайдалануға, өңдеуге, қайта жариялауға және таратуға арналған, ашық қолжетімділікте орналастырылған цифрлық деректер;
Тармақша 2
2) ашық деректер интернет-порталы – ашық цифрлық деректерді орталықтандырылған орналастыруға, сипаттауға, сақтауға, іздеуге, оларға қол жеткізуге және қайта пайдалануға, сондай-ақ мұндай деректерге машиналық қол жеткізу үшін бағдарламалық интерфейстер ұсынуға арналған мемлекеттік цифрлық ресурс;
Тармақша 3
3) ашық деректер интернет-порталының компоненттері – операциялық жүйелер, дерекқорларды басқару жүйелері, контентті басқару жүйелері, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникациялық жабдық, вирусқа қарсы қорғаныс құралдары және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері;
Тармақша 4
4) ашық деректер интернет-порталындағы пайдаланушылар әрекеттерін журналдау (бұдан әрі – журналдау) – ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін цифрлық оқиғалар түрінде оқиғалар журналына жазу процесі;
Тармақша 5
5) ашық деректер интернет-порталының пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) – ашық деректер интернет-порталына қол жеткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 6
6) бағдарламалық қамтамасыз ету – белгілі бір функциялардың орындалуын, цифрлық деректерді өңдеуді, сақтауды, жаңғыртуды және (немесе) беруді қамтамасыз ететін алгоритмдерді іске асыратын кодтардың пайдалануға дайын жиынтығын білдіретін цифрлық объект;
Тармақша 7
7) дәл уақыт көзінің инфрақұрылымы – уақытты синхрондаудың желілік хаттамасын пайдаланатын, серверлердің, жұмыс станцияларының және телекоммуникациялық жабдықтың ішкі сағаттарын синхрондау міндетін орындайтын иерархиялық байланысқан серверлік жабдық;
Тармақша 8
8) оқиғалар журналы – ашық деректер интернет-порталының цифрлық оқиғалары туралы ақпаратты қамтитын, оның жұмысын мониторингтеуге және іркілістер туындаған жағдайда олардың себептерін анықтауға пайдаланылатын файл;
Тармақша 9
9) цифрлық оқиға – цифрлық орта субъектісінің әрекеттері немесе цифрлық объектінің жұмыс істеуі нәтижесінде туындаған және олардың цифрлық ортадағы өзара іс-қимылының параметрлерін көрсететін цифрлық нысанда тіркелген мән-жай;
Тармақша 10
10) «цифрлық үкіметтің» операторы (бұдан әрі – оператор) – «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау тәртібі
2-тарау. Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының әрекеттерін журналдау тәртібі
Тармақ 3
3. Оператор техникалық сүйемелдеуді, киберқауіпсіздікті, үздіксіз қолжетімділікті, орналастырылған ашық деректердің өзектілігін, сондай-ақ журналдауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Журналдау бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады (бұдан әрі – журналдау БҚ).
Тармақ 5
5. Журналдауды қамтамасыз ету мақсатында оператор:
киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган «Киберқауіпсіздік туралы» Заңның 7-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітетін «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері мен аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған журналдауға жататын цифрлық оқиғалардың тізбесі мен түрлеріне (бұдан әрі – Мониторинг қағидалары), сондай-ақ оператор қызметкерлерінің оқиғалар журналдарына қол жеткізу түрлеріне сәйкес, оларды жоюдан, өзгертуден және рұқсатсыз қараудан қорғауды қамтамасыз ете отырып, журналдау БҚ-ны баптауды жүзеге асырады;
ашық деректер интернет-порталы серверлерін дәл уақыт көзі инфрақұрылымына қосу арқылы оқиғалар журналдарының уақытын синхрондауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Журналдау БҚ-ның әрекеттер реттілігі:
пайдаланушы ашық деректер интернет-порталының компонентінде әрекет жасаған сәтте цифрлық оқиғаны қалыптастыру;
цифрлық оқиғаны Мониторинг қағидаларына сәйкес құрылымдалған нысанға түрлендіру;
цифрлық оқиғаның журналдауға жататын оқиғалардың тізбесі мен түрлеріне сәйкестігін тексеру;
цифрлық оқиға туралы жазба енгізілуге тиіс ашық деректер интернет-порталы компонентінің оқиғалар журналын айқындау;
оқиғалар журналына жазбаны жүзеге асыру.
Тармақ 7
7. Журналдау нәтижелері бойынша оператор:
апта сайын оқиғалар журналдарын қарап шығуды және істен шығу оқиғаларын және (немесе) киберқауіпсіздік бұзушылықтарын сүзгілеу мен іздестіру мақсатында оларды талдауды жүзеге асырады;
апта сайын оқиғалар журналдарының резервтік көшірмесін жасауды және архивтеуді жүргізеді;
оқиғалар журналдарының физикалық сақталуын қамтамасыз етеді және оларды архивтелген түрде кемінде үш жыл, ал жедел қолжетімділік режимінде кемінде екі ай сақтайды.