Об утверждении Правил проведения конкурса «Шапағат» по отбору социально и экономически значимых, конкурентоспособных, экологически безопасных изобретений, а также присвоения звания «Заслуженный изобретатель» для авторов наиболее важных и широко используемых изобретений Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шапағат» конкурсын өткізу ережелерін бекіту туралы, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру туралы «Қазақстан Республикасының Патенттік заңы» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу жөніндегі «Шапағат» конкурсын өткізу қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу Қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 17 маусымдағы № 568 Бұйрыққа қосымша Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу Қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу Қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Патенттік заңы» туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу тәртібін, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мына ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) конкурс ұйымдастырушысы – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) конкурстың жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 3
3) патент иеленуші – қорғау құжатының иесі;
Тармақша 4
4) дипломант – комиссия тарапынан сәйкес номинация бойынша жеңімпаз деп танылған және дипломмен марапатталған конкурстың қатысушысы;
Тармақша 5
5) зияткерлік меншік объектілері – зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша «Шапағат» конкурсы (бұдан әрі – конкурс) әрбір екі жылда кемінде бір рет төрт кезеңде өткізіледі:
Тармақша 1
1) бірінші кезең: іс-шараны жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) көрсету;
Тармақша 2
2) екінші кезең: өтінімдерді қабылдау;
Тармақша 3
3) үшінші кезең: конкурс комиссиясының отырысы;
Тармақша 4
4) төртінші кезең: салтанатты марапаттау және іс-шараны БАҚ-та көрсету, конкурс комиссиясының шешімі бойынша хаттаманы конкурстың жұмыс органы интернет-ресурсында жариялау.
Тармақ 4
4. Конкурс өткізу туралы ақпарат, қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімдері және конкурс қорытындылары конкурстың жұмыс органы интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 5
5. Конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурстың жұмыс органы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі, бұл мекенжай конкурс өткізілетіні туралы хабарламада көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметін Заңға және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамына тақ сандағы қатысушылар кіреді және ол он бес мүшеден аспайды.
Тармақ 8
8. Комиссияның құрамы конкурстың жұмыс органы тарапынан уәкілетті органмен келісу арқылы бекітіледі және төраға, хатшы және комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы комиссия отырысында оның мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады. Комиссия төрағасы ретінде конкурс ұйымдастырушысы және жұмыс органы өкілдері сайлана алмайды.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы конкурстың жұмыс органы қызметкері болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып саналмайды және комиссия шешімдерін қабылдауда дауыс беру құқығына ие емес.
Тармақ 12
12. Комиссия отырыстары оның құрамын бекіткен күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.
Тармақ 13
13. Комиссия құрамына гранттық қаржыландыруды, инновациялық және кәсіпкерлік қызметті қолдауды жүзеге асыратын ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, биотехнология, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық пен бизнес өкілдері кіреді.
Тармақ 14
14. Комиссияның отырыстары бетпе-бет форматта өткізіледі. Комиссия мүшелері қажет болған жағдайда Комиссия отырыстарына бейне-конференц-байланыс режимінде қатысады.
Тармақ 15
15. Комиссия:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушылардың материалдарын қарайды;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысушыларды бағалауды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді;
Тармақша 3
3) атақ береді, жеңімпаздар мен дипломанттарды конкурс номинациялары бойынша айқындайды.
Тармақ 16
16. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.
Тармақ 17
17. Комиссияның әрбір мүшесі әр номинация бойынша тек бір кандидат үшін дауыс береді. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады, оның нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген номинациялар бойынша жеңімпаз және бес дипломант айқындалады. Комиссия мүшесі мүдделер қақтығысы болған жағдайда, оның ішінде конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өтінімдер мен өтінішхаттарда көрсетілген, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес конкурс өткізілетін күнге дейінгі екі жыл ішінде берілген қолданыстағы қорғау құжаттары бар авторлар мен құқық иеленушілерге қатысты өтінімдер мен қолдаухаттарды қарауға, бағалауға және олар бойынша дауыс беруге қатыспайды. Дауыс тең болған жағдайда, комиссия отырысын жүргізіп отырған төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
Тармақ 18
18. Конкурс жеңімпаздарына берілетін ақшалай сыйлықтардың түрлері мен мөлшері конкурстың жұмыс органы тарапынан өз қаражаты есебінен және (немесе) демеушілік қолдау (болған жағдайда) есебінен айқындалады.
Тармақ 19
19. Конкурстық материалдарда қамтылған, сондай-ақ оларды бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және тек конкурс өткізу мақсатында пайдаланылады. Көрсетілген материалдарды қатысушының жазбаша келсімінсіз өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 1. 1-параграф. Конкурс номинацияларының түрлері және қатысушылар
1-параграф. Конкурс номинацияларының түрлері және қатысушылар
Тармақ 20
20. Конкурс мына номинациялар бойынша өткізіледі:
Тармақша 1
1) жыл өнертабысы;
Тармақша 2
2) әйел өнертапқыш;
Тармақша 3
3) жас өнертапқыш;
Тармақша 4
4) үздік инновациялық компания;
Тармақша 5
5) ең белсенді өнертапқыш;
Тармақша 6
6) жас дарын.
Тармақ 21
21. «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша конкурсқа қатысуға өтінім Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылатын өтінішхат түрінде беріледі (бұдан әрі – өтінішхат).
Тармақ 22
22. Өтінішхат:
Тармақша 1
1) мемлекеттік орган және (немесе) заңды тұлға тарапынан;
Тармақша 2
2) ғылыми ұйым тарапынан;
Тармақша 3
3) қоғамдық бірлестік тарапынан;
Тармақша 4
4) өндірісте өнертабысты енгізген кәсіпорын, мекеме немесе ұйым тарапынан беріледі.
Тармақ 23
23. Өтінішхатқа Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген тұлғалардың басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға тарапынан қол қойылады.
Тармақ 24
24. Өтінішхатта:
Тармақша 1
1) өнертабыстың сала үшін маңызы;
Тармақша 2
2) алынған патенттердің, авторлық куәліктердің жалпы саны;
Тармақша 3
3) өнертабысты енгізу туралы кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың пікірлерінің болуы;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысуға өтінім берілген сәтке дейінгі соңғы үш жылдағы өнертапқыштық қызмет нәтижелерін практикалық пайдалану туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) өнертапқыштық қызметі үшін марапаттар мен қолдау көрсету марапаттары;
Тармақша 6
6) кандидаттың еңбегі мен жетістіктерін көрсететін қызметтің басқа бағыттары көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Конкурс өткізілетін күннен екі жыл бұрын берілген қолданыстағы патенттері бар Қазақстан Республикасының патент иеленушілері, қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик ұсыну арқылы, Қағидалардың 20-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген номинациялар бойынша, Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген өтінім негізінде конкурсқа қатысады.
Тармақ 26
26. Жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар конкурсқа Қағидалардың 20-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қатысады.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасының 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтары конкурсқа Қағидалардың 20-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қатысады.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасының өндірісіне енгізілген қорғалатын өнертабыстар мен басқа да айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық маңызы бар зияткерлік меншік объектілеріне ие заңды тұлғалар конкурсқа Қағидалардың 20-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик ұсына отырып, Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өтінім нысаны негізінде қатысады.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасының патент иеленушілері (заңды және (немесе) жеке тұлғалар) және ең көп әрекеттегі патенттерге ие авторлар, патенттердің берілген күніне қарамастан, қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик, кандидаттың аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, рецензиялар және басқа материалдар ұсына отырып, Қағидалардың 20-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша, Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес өтінім нысаны негізінде конкурсқа қатысады.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының 14-тен 18 жасқа дейінгі оқушылары жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми әзірлемелері бар, соның ішінде өнертабыстарға патенттері, кандидаттың аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, рецензиялар және басқа материалдарымен және Қағидалардың 20-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик ұсынады, Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес өтінім нысаны негізінде конкурсқа қатысады. Қатысушы өтінімге заңды өкілінің жазбаша келісімін қоса береді:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың конкурсқа қатысуы;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған адамдардың дербес деректерін, сондай-ақ заңды өкілдің дербес деректерін жинау, өңдеу және сақтау;
Тармақша 3
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді жариялау.
Тармақ 31
31. Осы Қағидалардың 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 және 30-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен өтінішхаттар комиссияның қарауына жіберілмейді.
Тармақ 2. 2-параграф. Конкурс номинациялары бойынша бағалау критерийлері, сондай-ақ конкурс қорытындылары
2-параграф. Конкурс номинациялары бойынша бағалау критерийлері, сондай-ақ конкурс қорытындылары
Тармақ 32
32. Комиссия «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын мынадай критерийлер бойынша береді:
Тармақша 1
1) өнертабысқа алынған және қолданыстағы патенттердің, сондай-ақ автор куәліктерінің жалпы саны;
Тармақша 2
2) экономиканың әртүрлі салаларында аса маңызды және кеңінен қолданылатын патенттелген өнертабыстарды енгізу және қолдану нәтижелері;
Тармақша 3
3) енгізу мен қолданудың жалпы экономикалық маңызы, олардың әлеуметтік маңыздылығы (кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың пікірлері, өнертабыстарды енгізу туралы актілер);
Тармақша 4
4) зияткерлік меншік объектілерін кешенді қорғаудың болуы;
Тармақша 5
5) өнертабыс саласындағы қызметті жүзеге асыру ұзақтығы;
Тармақша 6
6) өнертабыстарды беруге және (немесе) пайдалануға құқық беруге тіркеулердің саны.
Тармақ 33
33. Комиссия «Жыл өнертабысы», «Әйел өнертапқыш» номинациялары бойынша конкурс жеңімпаздарын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңыздылығы;
Тармақша 2
2) технологияларды өндіріске енгізу және (немесе) коммерцияландыру;
Тармақша 3
3) өнертабысты қолданудың экономикалық маңыздылығы;
Тармақша 4
4) бәсекеге қабілеттілік.
Тармақ 34
34. Комиссия «Жас өнертапқыш» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңыздылығы;
Тармақша 2
2) аналогтармен салыстырғанда дамудың жоғары техникалық деңгейі;
Тармақша 3
3) жобаның экологиялық тиімділігі;
Тармақша 4
4) дамуды пайдаланудың экономикалық маңыздылығы.
Тармақ 35
35. Комиссия «Үздік инновациялық компания» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:
Тармақша 1
1) шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі;
Тармақша 2
2) патенттерден басқа, тіркелген зияткерлік меншік объектілері портфелінің болуы;
Тармақша 3
3) өндіріске енгізілген өнертабыстар мен зияткерлік меншіктің өзге де объектілерінің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы;
Тармақша 4
4) экспортқа арналған технологиялық жетілу.
Тармақ 36
36. Комиссия «Ең белсенді өнертапқыш» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:
Тармақша 1
1) берілген патенттердің ең көп саны;
Тармақша 2
2) әлеуметтік маңыздылығы;
Тармақша 3
3) технологияларды өндіріске енгізу және (немесе) коммерцияландыру;
Тармақша 4
4) әзірлемені пайдаланудың экономикалық маңыздылығы.
Тармақ 37
37. Комиссия «Жас дарын» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңыздылығы;
Тармақша 2
2) жобаның экологиялық тиімділігі;
Тармақша 3
3) аналогтармен салыстырғанда дамудың жоғары техникалық деңгейі.
Тармақ 38
38. «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру туралы шешім қатысушыларды жеке бағалау нәтижелері негізінде комиссия тарапынан қабылданады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 39
39. Комиссия «Жыл өнертабысы», «Әйел өнертапқыш», «Жас өнертапқыш», «Үздік инновациялық компания», «Ең белсенді өнертапқыш» және «Жас дарын» номинациялары бойынша комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен марапаттау арқылы шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.
Тармақ 40
40. «Еңбек сіңірген өнертапқыш» төсбелгісін, мүсіншелерді, дипломдарды және ақшалай сыйлықтарды конкурс жеңімпаздарына табыстау салтанатты марапаттау рәсімі барысында өткізіледі.
Тармақ 41
41. Салтанатты рәсімнің өткізілетін күні мен орны туралы мәліметтер конкурс жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.
Басқа 1. «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінішхат
Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 1-қосымша Нысан «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінішхат _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Қосымша: 1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар; _________________________________________ Ұйым басшысының Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________ ______________________________________ Күні Қолы Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. _________________________________________ Қатысушының Т.А.Ә, (бар болса) _________________________________________ Қолы
Басқа 2. «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім
Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 2-қосымша Нысан «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім «Жыл өнертабысы» ☐ (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға) «Әйел өнертапқыш» ☐ (жеке тұлға) «Жас өнертапқыш» ☐ (жеке тұлға) __________________________________________ Номинациялары _____________________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) немесе патент иеленушінің (автордың) атауы _____________________________________________________________________________ Өнертабысқа патенттің(тер) нөмірі(лері) және атауы(лары) _____________________________________________________________________________ Байланыс _____________________________________________________________________________ Электрондық пошта _____________________________________________________________________________ Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері _____________________________________________________________________________ Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Қосымша: 1) қысқаша сипаттама; 2) бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик; 3) үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар. _________________________________________ Автордың/патент иеленушінің Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы _______________________ ______________________________________ Күні Қолы
Басқа 3. «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім
Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 3-қосымша Нысан «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім «Үздік инновациялық компания» Номинациясы _____________________________________________________________________________ Компания басшысының/өкілінің Т.А.Ә. (бар болса) _____________________________________________________________________________ Зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттарының нөмірі(лері) және атауы(лары) (Өнертабыстар, пайдалы модель, селекциялық жетістік, тауар белгісі және т.б.) _____________________________________________________________________________ Байланыс _____________________________________________________________________________ Электрондық пошта _____________________________________________________________________________ Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері _____________________________________________________________________________ Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Қосымша: 1) қысқаша сипаттама; 2) бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик; 3) үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар. ________________________________________ Ұйым басшысы _____________________________ ______________________________________ Күні Қолы
Басқа 4. «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім
Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 4-қосымша Нысан «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім «Ең белсенді өнертапқыш» Номинациясы ________________________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) немесе патент иеленушінің/автордың атауы ________________________________________________________________________________ Өнертабысқа патенттердің нөмірлері мен атаулары ________________________________________________________________________________ Байланыс ________________________________________________________________________________ Электрондық пошта ________________________________________________________________________________ Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері ________________________________________________________________________________ Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Қосымша: 1) қысқаша сипаттама; 2) бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик; 3) үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар. _________________________________ Патент иеленушінің/автордың Т.А.Ә. (бар болса) ______________________________ _________________________________ Күні Қолы
Басқа 5. «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім
Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 5-қосымша Нысан «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім «Жас дарын» Номинациясы ______________________________________________________________________________ Ғылыми әзірлеме авторының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ______________________________________________________________________________ Жобаның атауы ______________________________________________________________________________ Байланыс ______________________________________________________________________________ Электрондық пошта ______________________________________________________________________________ Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері ______________________________________________________________________________ Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Қосымша: 1) қысқаша сипаттама; 2) бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик. ____________________________________ Заңды өкілінің Т.А.Ә. (бар болса) ______________________________ ___________________________________ Күні Қолы