Об образовании избирательных участков на территории Джангельдинского района Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жангелдин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Жангелдин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жангелдин ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
Тармақ 2
2. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы шешімді Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ Жангелдин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ___________________ Е. Жақып Жангелдин ауданы әкімінің 2026 жылғы «___» маусымдағы № ____ «Жангелдин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне келісу парағы Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары _______________ Р. Халық Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары _____________ Е. Алматов Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары _____________ Г. Ұзаққызы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысы _________ Е. Қойшыбек «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы __________________________ Б.Қаби «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер мониторингі, ақпараттық технологиялар және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы _____________________ Т. Искакова
Басқа 7. Жангелдин ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
Жангелдин ауданы әкімінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 3 шешіміне қосымша Жангелдин ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
Тармақ 1
1. № 289 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Саға ауылы, Міржақып Дулатов көшесі 14, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Мыржақып Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Саға ауылы.
Тармақ 2
2. № 290 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Ошағанды ауылы, Ошағанды көшесі, 1 ғимараты. Шекаралары: Ошағанды ауылы.
Тармақ 3
3. № 291 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Бидайық ауылы, Бейбітшілік көшесі 8, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Бидайық бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Бидайық ауылы.
Тармақ 3
3. № 292 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Милісай ауылы, Жастар көшесі 10, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Сырбай Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Милісай ауылы.
Тармақ 4
4. № 293 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Шилі ауылы, Бестау көшесі 14, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қайнекей Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Шилі ауылы.
Тармақ 5
5. № 294 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Сужарған ауылы, Астана көшесі 12, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қанапия Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Сужарған ауылы.
Тармақ 6
6. № 295 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Шеген ауылы, Хамза Нарымбаев көшесі 33, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Шеген ауылы.
Тармақ 7
7. № 298 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Ақшығанақ ауылы, Тәуелсіздік көшесі 4, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қаражан Топаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Ақшығанақ ауылы.
Тармақ 8
8. № 300 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Ақкөл ауылы, Кенжеғали Сағадиев көшесі 1, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Аңсаған Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Ақкөл ауылы.
Тармақ 9
9. № 303 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Ахмет Байтұрсынұлы ауылы, Тәуелсіздік көшесі 7А, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Ахмет Байтұрсынұлы ауылы.
Тармақ 10
10. № 304 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Торғай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 14, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Н.Г.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Торғай ауылы, Әліби Жангелдин, Міржақып Дулатов, Кейкі Батыр, Қайырбек Алматов, Мұханбетжан Дүзенов, Ыбырай Алтынсарин, Болат Хамзин көшелері.
Тармақ 11
11. № 306 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Торғай ауылы, Қанапия Қайдосов көшесі 6, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Торғай ауылы, Ахмет Байтұрсынов, Кенжеғали Сағадиев, Қоғабай Сәрсекеев, Хакімбек Токин, Энергетик, Қойшығара Салғарин, Ғафу Қайырбеков, Қанапия Қайдосов көшелері.
Тармақ 12
12. № 307 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Торғай ауылы, Кайнекей көшесі 7, Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Торғай ауылы, Абай, Ақмырза, Сырбай Мауленов, Кайнекей, Кеңшілік Мырзабеков, Нұрхан Ақын, Амангелді, Қ. Алтынсары, Құлжановтар көшелері.
Тармақ 13
13. № 308 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Торғай ауылы, Токтабаев көшесі 1, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Торғай ауылы, Токтабаев, Жақан Қосабаев, Қаражан Топаев, Омар Тынымов, Бақытжан Байқадамов, Ерман Мусин, Дәбен Бөкішев, Дәмолла Кәтен, Мырзағали Жангелов, Айса Нұрманов, Қыпшақ Сейтқұл көшелері.
Тармақ 14
14.№ 309 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Қалам-Қарасу ауылы, Әмірғали Душатов көшесі 14, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Қалам-Қарасу ауылы.
Тармақ 15
15. 310 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Шұбалаң ауылы, Шұбалаң көшесі 28, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Шұбалаң негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Шұбалаң ауылы.
Тармақ 16
16. № 311 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Аралбай ауылы, Тәуелсіздік көшесі 2, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Жангелдин жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Аралбай ауылы.
Тармақ 17
17. № 312 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Көкалат ауылы, Қыпшақ Сейтқұл көшесі 4, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Көкалат ауылы.
Тармақ 18
18. № 313 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Көлқамыс ауылы, Көлқамыс көшесі 46, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Айса Нұрманов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Көлқамыс ауылы.
Тармақ 19
19. № 314 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Тәуіш ауылы, Таңатқан Дүйсекеев көшесі 1А, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қаратүбек жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Тәуіш ауылы.
Тармақ 20
20. № 316 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Сарысу ауылы, Сарысу көшесі 29, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Сарысу негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Сарысу ауылы.
Тармақ 21
21. № 317 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Тоқанай ауылы, Тоқанай көшесі, 13 ғимараты. Шекаралары: Тоқанай ауылы.
Тармақ 22
22. № 867 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Қайнекей көшесі 27, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің балансындағы ғимарат. Шекаралары: Торғай ауылы, Әйтім Қожмұханбетов, Сейт Кенжеахметов, Айғожин Аяжан, Сапабек Жүнісов, Нарынбаевых көшелері.