О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 19 маусымдағы № 234 бұйрығына қосымша Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасында: көрсетілген бағдарламаның 1-қосымшасында: 1-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 1 Объектідегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін реттейтін заңдар және нормативтік құқықтық актілер 1 1 - ».
Тармақ 2
2. «Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15099 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларында: қосымша осы Тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. «Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысында: 5-тармақта: 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) шығу кестесі – астанада, облыстардың әкiмшiлiк орталықтарында, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда өртті сөндіруге тартылатын күштер мен құралдардың құрамын айқындайтын құжат;»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Гарнизондық және қарауылдық қызметтерін басқару дара басшылық негізінде жүзеге асырылады: аумақтық гарнизондарда – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) бастығы; қалалық гарнизондарда – Департаменттің қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының (Бөлімінің) бастықтары; аудандық гарнизондарда – Департаменттің аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының (Бөлімінің) бастықтары.»; 59-тармағының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «қызметкерлерді тапсырылған іске адал қарауға, саналы тәртіпке, қырағылыққа, жоғары моральдық қасиеттерге, заңдарды, анттарды, бастықтардың бұйрықтарын дәл орындауға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен өтініштеріне сезімтал және мұқият ден қоюға тәрбиелеу бойынша жеке жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;».
Тармақ 4
4. «Зерттеу сынау өртке қарсы зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15540 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларында: 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «35. Бағалы заттар, тез тұтанатын және олардан тұратын бұйымдар, адамдардың өмірімен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіпті өзге де объектілер, сондай-ақ көлемді және сынғыш заттар пошта арқылы жөнелтуге жатпайды. Пошта арқылы бере алмайтын, объектілерді тасымалдауды зерттеу тағайындаған адам (орган) қамтамасыз етеді.».
Тармақ 5
5. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында: 160 және 161-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «160. Аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелері орналастырылмаған ауылдық жердегі елді мекендерде, бау-бақша серіктестіктерінде, саяжай кооперативтерінде (серіктестіктерде, тұтыну кооперативтерінде, коммерциялық емес серіктестіктерде) көрсетілген коммерциялық емес бірлестіктердің басқармалары Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті өрт сөндіру құралымдарының қоғамдық бірлестіктерін ұйымдастырады, сондай-ақ осы үшін арнайы бөлінген орында немесе жеке тұрғын үйлерде (аулалық құрылыстарда) өрт жеңқұбырлары мен оқпандары жиынтығы бар өрт сөндіру мотопомпаларын, бастапқы өрт сөндіру құралдарын, өрт сөндіру кезінде пайдаланылатын механикаландырылмаған құрал-саймандар мен өрт сөндіру мүкәммалдарын сатып алу, сақтау стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Ерікті өрт сөндіру құралымдары мүшелерінің қоғамдық бірлестіктері қатарынан өрт орнына қажетті жеңқұбырлар мен оқпандар жиынтығы бар өрт сөндіру мотопомпаларын жеткізуді қамтамасыз ететін адамдар тағайындалады. Аталған елді мекендер өрт сөндіру мотопомпалары бар тіркемелі мобильді өрт сөндіру кешендерімен қамтамасыз етіледі. 161. Ауылдық елді мекендердің, бау-бақша серіктестіктерінің, саяжай кооперативтерінің, блок-контейнерлік ғимараттардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар және жеке тұлғалар бірлестіктерінің басқармалары өрт туралы адамдарды құлақтандыру үшін дыбыстық сигнализация құралдарын орнатады, өрт сөндіру мақсаттары үшін су қорын сақтайды, сондай-ақ өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру қажеттілігі белгілейді.»; 1174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1174. Жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар мен материалдарды тиеу және түсіру орындары: 1) өрт тұрғысынан қауіпсіз жұмыс жүргізу жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы құралдармен (тіреулер, қалқандар, траптар, зембілдер) жабдықталады. Бұл ретте шыны ыдыс үшін арбалар немесе ұяшықтары бар арнайы зембілдер көзделуі тиіс. Шыны ыдысты екі жұмысшының ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұтқалары бар жарамды себеттермен тасымалдауға жол беріледі; 2) осы Қағидаларға 11-қосымшада айқындалған бастапқы өрт сөндіру құалдарының қажетті ең аз тізбесіне сәйкес өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады; 3) ЭҚЕ сәйкес аймақтың класына тура келетін жарамды стационарлық немесе уақытша жарықтандырумен жабдықталады. Теңіз порттарының, порт аймақтарының, сондай-ақ порттың жанындағы уақытша сақтау қоймаларының аумағында отын бактары 100 литрден астам отынмен толтырылған ірі тоннажды жүк автокөлігі құралдарын қоюға, орналастыруға не уақытша сақтауға жол берілмейді.».
Тармақ 6
6. «Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беруді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.»; көрсетілген қағидаларының 2-қосымшасында: 2-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 2 Қызмет берушінің атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Төтенше жағдайлар департаменттері ».
Басқа 2
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 19 маусымдағы № 234 Тізбеге қосымша Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларына қосымша Нысан Бекітемін Сараптама ұйымының басшысы _______________________ сараптама ұйымының атауы, _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні, мөр ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 20___ ж. «__»_________ № _____________ ___________________________________________________________________ бағалау объектісінің атауы, мекенжайы Қорытынды 5 жұмыс күні ішінде келіп түсті _______________________ ______________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің аумақтық органы Кіріс №_____ күні ____________ 1. Тапсырыс беруші және орындаушы туралы мәліметтер: 1.1 Тапсырыс беруші туралы мәліметтер Тапсырыс берушінің толық және қысқартылған атауы _______________ ______________________________________________________________ тапысырыс беруші ұйымның атауы Тұратын жері __________________________________________________ Ұйым басшысы ________________________________________________ 1.2. Орындаушы сараптама ұйымы туралы мәліметтер (орындаушының толық және қысқартылған атауы) ______________________________________________________________ орындаушы ұйымның атауы Тұратын жері ______________________________________________________________ Ұйымның басшысы ______________________________________________________________ Сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттелген. ____ жылғы № ____ аккредиттеу аттестаты _______ жылға дейін жарамды. 2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі шарт болып табылады (көшірмесі қоса беріледі). 3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит объектінің өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. 4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргізуге қатысушы адамдар: 4.1. Тапсырыс беруші және орындаушы, ұйым, пайдаланылған объекті өкілдерінің лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), олардың қатысуымен тексеру жүргізілді ______________________________________________________________ 5. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізілетін объект. Нақты пайдаланылуына сәйкес атауы: ______________________________________________________________ ғимараттардың, құрылыстардың, аумақтардың атауы көрсетілуі тиіс Функционалды өрт қауіптілігінің сыныбы: ______________________________________________________________ Мекенжайы:___________________________________________________ Құқық түрі: жеке меншік, жалға алу, жедел басқаруда: ______________________________________________________________ 6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит негізінде жүргізілген өрт қауіпсіздігі талаптарының айқындалуы. Объектіге арналған өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілер тізбесі ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ тізбесі көрсетіледі 7. Объектінің жалпы техникалық сипаттамасы. Кәсіпорын, ұйым мынадай қызмет түрін жүзеге асырады: ______________________________________________________________ Ғимарат, үй-жай мыналарға арналған: ______________________________________________________________ Ғимарат, үй-жай мыналар болып табылады: ______________________________________________________________ Қабаттылығы: ______________________________________________________________ Ғимарат іргетасы: ______________________________________________________________ Сыртқы қабырғалары (материалы): ________________________________________________ Ішкі қабырғалары және бөлу қабырғалары (материалы): ______________________________________________________________ Жабыны (түрі, материалы): ______________________________________________________________ Сатысы (материалы): ______________________________________________________________ Ғимарат биіктігі: ______________________________________________________________ Ғимарат, үй-жай ауданы: ______________________________________________________________ Ғимарат көлемі: ______________________________________________________________ Жарық беру: ______________________________________________________________ Желдету: ______________________________________________________________ Жылу беру: ______________________________________________________________ Объектіні: ______________________________________________қорғайды 8. Құжаттамалық тексеру Р/с № Құжаттаманың атауы бар жоқ ескертпе 1 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық 2 Қызметкерлердің өрт-техникалық минимум өткендігі туралы куәліктері 3 Өртке қарсы режимді белгілеу туралы бұйрық 4 Объектідегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық 5 Өртке қарсы негізгі, бастапқы, қайталау және нысаналы нұсқамалар тіркеу журналы 6 Өртті анықтаудың және сөндірудің, түтіннен тазарту және адамдарды құлақтандыру (ол болған кезде) автоматты жүйелерді пайдалануға енгізу актілері 7 Өртті анықтау және сөндіру жүйелерін, түтіннен тазарту және жүйелерін техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жөніндегі жұмыстардың жоспар-кестесі 8 Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру актілері 9 Жабынның металл өрт сөндіру сатылары мен қоршауларын пайдаланылудың сынау хаттамасы 10 Бастапқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын және техникалық жай-күйін есепке алу журналы 11 Отқа қарсы өңдеудің жай-күйін тексеру хаттамасы 12 Күштік және жарық беру электр жабдықтарын, электр желілерін оқшаулау қарсылығын өлшеу актілері 13 Жерге тұйықтайтын және жерге тұйықтағыш кедергілерді тексеру хаттамасы Объектінің өрт қауіптілігін сипаттайтын, қосымша талдау жүргізілген құжаттама, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейі туралы қосымша ақпарат: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 9. Объектіні тексерудің нәтижелері. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың баптарын, тармақтарын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жазу: 1._____________________________________________________________ 2._____________________________________________________________ 3._____________________________________________________________ ______________________________________________________________ Ескертпе: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық болмаған жағдайда, бұзушылықтың болмауы туралы тиісті жазба жүргізіледі. 10. Обьектінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмегендігі туралы қорытындылар. ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 11. Осы қорытындының қосымша шарттары. Қорытынды мынадай: тапсырыс беруші таратылған және ауысқан (заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке тұлға); осы қорытындыда көрсетілмеген (яғни қайтадан жол берілген) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар: ғимараттың (құрылыстың) сәулет-құрылыс, көлемдік-жоспарлау шешімдері; технологиялық процестер, аумақтар. Сондай-ақ, объектінің немесе оның бөлігінің өрт қауіптілігінің (функционалдық мақсатының) сыныбы өзгерген, күрделі жөндеу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтау жағдайларында күшін жояды. 12. Пайдаланылған нормативтік актілер мен құжаттардың, анықтамалық көздер мен бастапқы деректердің және басқа да ақпараттың тізбесі: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 14. Қосымша: аккредиттеу құжаттары; аудит жүргізуге қатысатын адамдардың білімі туралы құжаттардың көшірмелері; өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі жұмысты жүргізу шарты; қорытындының 8-тармағы бойынша растайтын құжаттардың көшірмелері. Аудит объектісінің (тапсырыс берушінің) өкілдері: _______________ __________________ ____________________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________ _______________ ____________________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Аудитті жүргізген сараптама ұйымының өкілдері: __________________ _________________ __________________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________ __________________ _________________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Тігілген, мөрмен куәландырылған. Парақтар ________________________ соңғы парақтың артқы бетінде