Об упразднении некоторых сел Аршалынского и Жаксынского районов Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы және Жақсы аудандарының кейбір ауылдарын қысқарту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, Аршалы және Жақсы аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде, облыстың әкімшілік - аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында облыстық мәслихат және облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Аршалы және Жақсы аудандарының келесі ауылдары қысқартылсын және есептік деректерден шығарылып тасталсын:
Тармақша 1
1) Аршалы ауданындағы Константинов ауылдық округінің Сейтен ауылы;
Тармақша 2
2) Жақсы ауданындағы Есіл ауылдық округінің Қарашаш, Талдықора, Еркіндік ауылдары;
Тармақша 3
3) Жақсы ауданындағы Қайрақты ауылдық округінің Набережное ауылы;
Тармақша 4
4) Жақсы ауданындағы Терісаққан селолық округінің Балталы, Байжігіт ауылдары.
Тармақ 2
2. Шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.