Об утверждении Правил осуществления брокерско-дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы
Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 27.08.2005 № 317 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
📌 Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген сәттен бастап күшiне енгізiлетiндігi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар жоғарыда аталған Қағидалар күшiне енгiзiлген күннен бастап үш айдың iшiнде:
Тармақша 1
1) өздерiнiң ұйымдық құрылымын және өз қызметкерлерiнiң біліктілігін жоғарыда аталған Қағидалардың 2-бөлiмiнiң талаптарына сәйкестендiруге;
Тармақша 2
2) өздерiнiң Iшкi қағидаларын және Регламенттерiн (олар жоғарыда аталған Қағидалардың 1-тармағының 2) және 12) тармақшаларында айқындалған) жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкестендiруге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Жоғарыда аталған Қағидалар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген сәттен бастап Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 02 қыркүйектегі N 139 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1997 жылғы 16 қазанда 403 нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет туралы ереженiң күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды олардың мүшелерінің назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшіне енгізгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасасын.
Басқа 11. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыру Қағидалары
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөнiндегі
ұлттық комиссиясының
1998 жылғы 31 желтоқсандағы
N 20 қаулысымен бекiтiлдi
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыру Қағидалары
Ескерту: Мәтiн бойынша "Ұлттық комиссиямен", "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органмен", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566 қаулысымен .
Ескерту: Барлық мәтін бойынша "брокерлік-дилерлік" деген сөздер тиісінше "брокерлік және дилерлік" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
📌 Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтіні бойынша "брокерлік және дилерлік" деген сөздер "брокерлік-дилерлік" деген сөздермен, "бағалы қағаздар", "бағалы қағаздарды" және "бағалы қағаздармен" деген сөздер тиісінше "қаржы құралдары", "қаржы құралдарын" және "қаржы құралдарымен" деген сөздермен, "ішкі ереже және регламент", "ішкі ережемен және регламентпен", "ішкі ереже", "Ішкі ереже және регламент", "ішкі ережемен", "регламентімен", "регламенті" деген сөздер тиісінше "ішкі құжаттар", "ішкі құжаттармен", "ішкі құжаттар", "ішкі құжаттармен", "ішкі құжаттары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар брокерлiк-дилерлік қызметтi (бұдан әрi "брокерлік-дилерлік қызмет" деп аталады) жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. 1-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566 қаулысымен , 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
📌 Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Брокерлік-дилерлік қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясымен және өзге де заңдарымен (оның iшiнде осы Қағидалармен), сондай-ақ қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттармен (келiсiмдермен) реттеледi.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтiлген брокерлер-дилерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымының (бұдан әрі - ӨРҰ) және Сауда-саттық ұйымдастырушының қағидаларымен осы брокерлер-дилерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымының (бұдан әрі - ӨРҰ) және Сауда-саттық ұйымдастырушысы мүшелерінің брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруын реттейтiн қосымша нормалар белгiленуi мүмкiн.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетiлген нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлермен реттелмеген бөлiкте брокерлік-дилерлік қызмет Брокерлер-дилерлердiң Iшкi қағидаларына және ішкі құжаттарына, Брокер-дилерлер мен олардың клиенттерінің арасында жасалған брокерлiк қызмет көрсету жөнiндегі шарттарға және егер олар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмесе дәстүрлерге (оның iшiнде iскерлiк айналыс дәстүрлерiне) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Брокерлік-дилерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртiпте лицензиялауға жатады.
Тармақ 5
5. Брокер-дилер брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға лицензиялардың мынадай түрлерiнiң бiрiн иелене алады:
Тармақша 1
1) бiрiншi санатты лицензия - нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығымен);
Тармақша 2
2) екiншi санатты лицензия - клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығынсыз).
Тармақ 6
6. Бiрiншi санатты лицензияны иеленген Брокер-дилер осы Қағидаларда бiрiншi санатты брокер-дилер, екiншi санатты лицензияны иеленген - екiншi санатты Брокер-дилер деп аталады.
Тармақ 7
7. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566 қаулысымен .
📌 Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Брокер-дилерлердiң филиалдары мен өкiлдiктерi қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртіпте құрылады және жабылады.
📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 9
9. Брокер-дилердiң қызметiн реттейтiн нормаларды Брокер-дилердің сақтауына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құқықтары мен мiндеттерiне сәйкес уәкілетті орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және ӨРҰ мен Сауда-саттық ұйымдастырушының қағидаларына сәйкес осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ мен Сауда-саттық ұйымдастырушылар жүзеге асырады.
Уәкілетті орган осы Брокер-дилердің және оның қызметінің бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясының шарттарына және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін тексерген кезде осы Брокер-дилер уәкілетті органның тексеру тобының құрамына енгізілген қызметкерлерінің сұратуы бойынша осы Брокер-дилердің брокерлік-дилерлік қызметіне қатысты құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін береді.
Ескерту: 9-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың күшi Қазақстан Республикасының банктiк қызметтi реттейтiн заңдарына қайшы келмейтiн бөлiгінде Брокерлер-дилерлер болып табылатын банктерге қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Брокер-дилер қызметкерлерінің ұйымдық құрылымы және біліктілігі
2-тарау. Брокер-дилер қызметкерлерінің ұйымдық құрылымы және біліктілігі
Тармақ 11
11. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер-дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);
Тармақша 2
2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер-дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис).
📌 Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 12
12. 12-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30 қаулысымен , ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
Ескерту: 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383 қаулысымен (Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293 қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді ).
Тармақ 13
13. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383 қаулысымен (Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293 қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді ).
Тармақ 14
14. Бiрiншi санатты Брокер-дилердiң бiрiншi басшысы немесе оның брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы Қағидалардың 13-тармағының талаптарын сақтау шартымен Сауда бөлiмшесiнiң басшысы лауазымымен немесе осы Брокер-дилердiң бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етiледi. Сауда бөлімшесі қызметкерлерінің (техникалық функцияларды ғана орындайтын адамдарды қоспағанда) Бэк-офис бөлімшесіндегі лауазымдарды қоса атқаруына жол берілмейді.
📌 Ескерту. 14-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 15
15. Екiншi санатты Брокер-дилердiң ұйымдық құрылымын олар Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Брокер-дилердiң оның органдарының құзырлығын реттейтiн құрылтай құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындайды.
Тармақ 16
16. 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383 қаулысымен (Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293 қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді ).
Тармақ 17
17. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383 қаулысымен (Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293 қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді ).
Тармақ 18
18. Брокерлер-дилерлердiң филиалдары мен өкiлдiктерінің ұйымдық құрылымына және қызметкерлерiне қойылатын талаптар уәкілетті органның жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Тармақ 19
19. Брокерлер-дилерлердiң осы Қағидалардың 12 және 16 тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтiн қызметкерлерiне ішкі бақылауды жүзеге асыруға, бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға және орындауға, сондай-ақ бiрiнші санатты Брокерлер-дилерлердiң және олардың клиенттерінің бағалы қағаздары мен ақшаларына есеп жүргiзуге қатысуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгінде белгiленген тыйым салуға, өзге де ықтимал жағдайлардан басқа, Брокерлер-дилерлердiң осы Қағидалардың 12 және 16 тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтiн қызметкерлерiне ішкі бақылауды жүзеге асыруға, бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға және орындауға, сондай-ақ Банктiк емес ұйымдар - бiрiншi санатты Брокерлер-дилерлердiң және олардың клиенттерінің бағалы қағаздары мен ақшаларына есеп жүргізуге қатысты кез-келген құжаттарға (Брокер-дилердiң Iшкi құжаттарын, шарттарды, төлем құжаттарын, бағалы қағаздарды аудару (есептен шығару/есепке алу) туралы бұйрықтарды, уәкiлеттi органға берiлетiн есептердi қоса отырып) қол (бұрыштама) қою құқығына тыйым салу кiредi.
📌 Ескерту. 19-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
Тарау 3. 3-тарау. Брокер-дилердің шарт жасау алдындағы міндеттері
3-тарау. Брокер-дилердің шарт жасау алдындағы міндеттері
Тармақ 20
20. Брокер-дилер өз клиенттерінің алдында олар үшiн осы Брокер-дилермен шарттық қатынастарға кiру жөнiндегі және/немесе осындай қатынастарды ұстап тұру жөнiндегi ниеттер бөлiгіндегі елеулi мәнi бар ақпаратты осы Қағидалардың 21-25 тармақтарымен белгiленген тәртiпте ашуға мiндеттi.
Тармақ 21
21. Брокер-дилердiң клиенттерге қызмет көрсетуге қатысатын, тек қана техникалық функцияларды орындайтын тұлғаларды қоспау мүмкiндiгімен, барлық қызметкерлерi (бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға және осы бiрiншi санатты Брокер-дилердiң және олардың клиенттерiнiң бағалы қағаздары мен ақшаларына есеп жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлердi қоса):
Тармақша 1
1) олардың лауазымдары мен жеке өздерiн куәландыратын анық реквизиттерiнің болуына (үстелге қоятын табличкалары, бэйдждерi және оларға ұқсас басқа заттар);
Тармақша 2
2) клиенттердiң бiрiншi талап етуi бойынша өздерiнiң қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның оларға берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң түпнұсқаларын клиенттер үшiн көруге қолайлы орындарға орналастыруға мiндеттi.
Тармақ 22
22. Брокер-дилердің бас офисінің және филиалдарының үй-жайларындағы оның клиенттері үшін қолайлы орындарда:
Тармақша 1
1) осы Брокер-дилерге брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың және уәкілетті органның брокерлік-дилерлік қызметтiң жүзеге асырылуын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң көшiрмелерi;
Тармақша 3
3) осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ және Сауда-саттық ұйымдастырушының брокерлік-дилерлік қызметтiң жүзеге асырылуын реттейтiн қағидаларының (оларды уәкілетті органның бекiткендiгi туралы мәлiметтердi көрсетiп) көшiрмелерi;
Тармақша 4
4) Брокер-дилердiң бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолымен және мөр таңбасымен куәландырылған оның барлық Iшкi құжаттарының олардың уәкілетті органмен келiсiлгендiгі жөнiнде белгі қойылған көшiрмелерi (Брокер-дилердiң Iшкi құжаттарының уәкілетті органмен келiсiлгендiгін растайтын құжаттың келiсiлген күнiн және нөмiрiн көрсетiп) орналастырылу керек.
📌 Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 23
23. Брокер-дилер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн мыналарды беруге мiндеттi:
Тармақша 1
1) соңғы есепті кезең үшін өзінің қаржылық есебін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарымен тиiстi санаттағы Брокерлер-дилерлер үшiн белгiленген қаржы тұрақтылығының мөлшерлерiн (нормативтерiн) әрбiр соңғы күнтiзбелiк төрт тоқсанның бiрiншi жұмыс күнiнiң басталу жағдайына осы Брокер-дилердiң сақтау деңгейi туралы мәлiметтердi;
Тармақша 3
3) осы Брокер-дилердiң қызметiне соңғы он екi ай iшiнде уәкiлеттi орган мен ӨРҰ жүргiзген тексерiстер актілерiн;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның, ӨРҰ-ның және Сауда-саттық ұйымдастырушылардың осы Брокер-дилерге, оның қызметкерлерiне және оның аффилиирленген тұлғаларына қатысты соңғы он екi ай iшiнде қабылданған шешiмдерiн;
Тармақша 5
5) брокерлік-дилерлік қызметтiң жүзеге асырылуын реттейтiн, осы Қағидалардың 23-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес клиенттер үшiн қолайлы орындарда орналастырылмаған нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлердi, сондай-ақ қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелердi тiркеудiң шарттары мен тәртiбiн.
📌 Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 24
24. Брокер-дилер клиентке осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн беруден бас тартуға құқылы емес. Бұл ретте Брокер-дилер көшiрмелердi бергенi үшiн оларды дайындауға кеткен шығынның мөлшерiнен аспайтын мөлшерде клиенттен ақы алуға құқылы.
Тармақ 25
25. Брокер-дилер қаржы құралдарымен осы клиенттiң есебiнен және мүддесiнде жасауға жоспарланған мәмiлеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген шектеулер мен ерекше жағдайлар туралы клиенттi ескертуге мiндеттi.
Тармақ 26
26. Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен және ішкі құжаттармен, сондай-ақ осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен өз клиенттерi алдында ақпараттар ашу жөнiнде осы Брокер-дилердiң шарт жасау алдындағы қосымша мiндеттерi (осы Қағидалардың 21-25-тармақтарында айқындалған мiндеттерден басқа) белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 27
27. Брокер-дилер қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелердiң параметрлерi (бағалары, көлемдерi және басқа ықтимал параметрлерi) (бағаны қағаздармен мәмiлелер жасауға өтiнiмдердiң (ұсыныстардың) параметрлерi) туралы нақты емес немесе жаңылдыруға әкеп соғатын мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өзге де тәсiлмен таратуға құқылы емес.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шарт осы Брокер-дилердiң мәмiлелерi мен өтiнiштерiне (ұсыныстарына) де басқа Брокерлер-дилерлер мен инвесторлардың мәмiлелерi мен өтiнiштерiне (ұсыныстарына) де, оның iшiнде Сауда-саттық ұйымдастырушылардың Сауда жүйесiнде тiркелген, қолданылады.
Тармақ 28
28. Қаржы құралдарын сатып алу немесе сату туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттар немесе өзге де тәсiлдермен хабарландырулар жариялау кезiнде Брокер-дилер өзiнiң толық атауын (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанын немесе үлгісiн толық көрсетудiң орнына тиiстi абревиатураларды қолдануға рұқсат етiле отырып, мысалы, "ЖШС", "ЖАҚ", "ААҚ","АҚ" аббревиатурасы), сондай-ақ брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға лицензияның берiлген күнiн және нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
📌 Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тарау 4. 4-тарау. Брокерлік қызмет көрсету жөніндегі шарт. Клиенттік тапсырыс
4-тарау. Брокерлік қызмет көрсету жөніндегі шарт. Клиенттік тапсырыс
Тармақ 29
29. Брокерлiк қызмет көрсету жөнiндегі шарт (бұдан әрi "Брокерлiк шарт" деп аталады) жазбаша нысанда жасалуға жатады.
Брокерлiк шартпен реттелетiн қатынастарға Қазақстан Республикасы заңдарының тапсырыс шартына немесе комиссия шартына қатысты (Брокер-дилер осы Брокерлiк шартқа сәйкес кiмнiң атынан әрекет жасайтындығына қатысты) белгiленген күшi қолданылады.
Егер бұл Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларында көзделсе және клиенттiң талабына қайшы болмаса, Брокерлiк шартты жасасу кезiнде қолды көшiру үшiн факсимильдiк құралдарды қолдануға рұқсат етiледi.
Егер бұл Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларында көзделсе, Брокерлiк шартты хаттармен, жеделхаттармен және өзге де құжаттармен алмасу арқылы Қазақстан Республикасы заңдарының шарттарды осындай тәсiлдермен жасасуға қатысты нормаларын сақтау шартымен жасасуға рұқсат етiледі.
Тармақ 30
30. Бiрiншi санатты Брокер-дилердiң жасасқан Брокерлiк шарты бiр мезгiлде қаржы құралдарын нақтылы ұстау туралы шарт ретiнде де бола алады.
Тармақ 31
31. Брокерлiк шарттың бiр жолғы да (қаржы құралдарымен бiр немесе бiрнеше өзара байланысты мәмiлелер жасау мақсатында), тұрақты да (Брокерлiк шартпен белгiленген кезең iшiнде клиентке брокерлiк қызмет көрсету мақсатында) сипаты болады.
Брокерлiк шарттың бiр жолғы сипаты жағдайында оның клиент тапсырысы ретiнде күшi болады және онда осы Қағидалардың 43-тармағында белгіленген нормалар болу керек.
Брокерлiк шарттың тұрақты сипаты жағдайында қаржы құралдарымен жекелеген мәмiлелер оған сәйкес жекелеген клиенттiк тапсырыстар негізiнде жасалады. Бұл ретте Брокерлiк шартта Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықтимал шарттардан басқа, Брокер-дилерге клиенттiк тапсырыстар ұсынудың рұқсат етiлген тәсiлдерi, Брокер-дилердiң клиенттiк тапсырыстарды қабылдағандығын растаудың тәртiбi және Брокер-дилердiң клиенттiк тапсырыстардың орындалысы туралы есептерді беру тәртібі көрсетілу керек.
Тармақ 32
32. Брокерлiк шартта бағалы қағаздармен осы Брокерлiк шартқа сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының заңдарымен оған қатысты шектеулер мен ерекше шарттар белгiленген мәмiле туралы Брокер-дилердiң уәкiлеттi органды хабардар ету құқығы көзделу керек.
Тармақ 33
33. Брокерлiк шартта оның жекелеген шарттарының осы Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен (осындай Iшкi қағидалардың уәкілетті органмен келiсiлген күнiн және оларды уәкілетті органмен келiсiлгендiгiн растайтын құжаттың нөмiрiн мiндеттi түрде көрсетумен) және/немесе ӨРҰ-ның және осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын Сауда-саттық ұйымдастырушының қағидаларымен (осындай қағидалардың уәкілетті органда бекiтiлгендiгi туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде көрсетумен) айқындалатындығы көзделу керек.
Тармақ 34-35
34-35. Тармақтар алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
Тармақ 36
36. Брокерлік шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде Брокер-дилер:
Тармақша 1
1) оның қаржылық жай-күйiнiң төмендегі кету фактiлерi мен себептерi туралы (осы Брокер-дилердiң қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiнiң тиiстi санаттағы Брокерлер-дилерлер үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мөлшерлерге (нормативтерге) сәйкес келмеуi);
Тармақша 2
2) осы Брокер-дилерге, оның қызметкерлерiне және оның аффилиирленген тұлғаларына қатысты уәкілетті орган, ӨРҰ және Сауда-саттық ұйымдастырушылар қолданған кез келген тәртiптiк әрекеттерi туралы;
Тармақша 3
3) қаржы құралдарымен Брокерлiк шартқа сәйкес жасалуға тиiстi (жасалған) мәмiлелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген және оны жасасқаннан кейiн күшiне енгiзiлген шектеулер мен ерекше шарттар туралы өзiнiң клиентiн ескертуге мiндеттi.
Тармақ 37
37. Осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген ескертпелер жазбаша түрде ресiмделу керек және клиентке Брокер-дилер поштамен, тiкелей, электрондық поштамен, факсимильдiк, телекстiк, телеграфтық хабарлаумен немесе өзге де ықтимал байланыс түрлерiмен осындай ескертпенi жiберуге негiз туындаған күннен (осы күндi қоса отырып) бастап үш жұмыс күнi iшiнде жiберу керек.
Тармақ 38
38. Брокерлiк шартта оны қолдануды тоқтатудың негіздерi және Брокерлiк шартты қолдану тоқтатылған кезде тараптардың әрекет етуiнiң тәртiбi көзделу керек.
Егер, Брокерлiк шартты қолдануды тоқтату сәтiне оның шоттарында және кассада клиентке тиесiлі ақшалар мен қаржы құралдары (бiрiншi санатты Брокер-дилердiң нақтылы ұстауындағы қаржы құралдарын қоспағанда) қалған жағдайда, олар клиенттiң Брокерлiк шартта көрсеткен немесе осы мақсаттар үшiн оның Брокер-дилерге арнайы берген реквизиттер бойынша Брокерлiк шартты қолдану тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, егер Брокерлiк шартта ақшалар мен қаржы құралдарын қайтарудың аса қысқа мерзiмi белгiленбесе, қайтарылу керек.
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерінің брокерлік-дилерлік қызметтi жүзеге асыруға лицензия тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайдағы әрекет етулерiнiң ерекшелiктерi уәкілетті органның жекелеген нормативтiк актiлерiмен белгiленедi.
Тармақ 39
39. Брокерлiк шартты жасасу немесе орындау процесiнде Брокер-дилер клиентке мынадай қызметтер көрсетуге құқылы:
Тармақша 1
1) инвестициялық шешiмдер қабылдау үшiн клиентке қажеттi ақпараттар беру жөнiндегі;
Тармақша 2
2) клиентке қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы ұсыныстамалар беру жөнiндегi (осы Қағидалардың 41-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң нормаларын ескере отырып);
Тармақша 3
3) өзге де ықтимал ақпараттық, талдау және консультациялық қызметтер.
Тармақ 40
40. Осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетiлген қызметтердi көрсету кезiнде Брокер-дилер клиентке қаржы құралдарымен Брокерлiк шартқа сәйкес жасалатын мәмiлелер бойынша пайда алу немесе шығындардың болмауы жөнiнде кепiлдiк беруге құқылы емес.
Тармақ 41
41. Брокерлiк шартты жасасу және орындау процесiнде Брокер-дилер мүдделер келiспеушіліктерiнiң туындау мүмкiндiктерi және фактiлерi туралы клиентке ескертуге мiндеттi.
Егер мәмiленi орындау мүдделердiң келiспеушiлiгін туғызуға әкеп соқса, Брокер-дилерге бағалы Қағаздармен осындай мәмiле жасау туралы клиентке ұсыныстамалар беруге тыйым салынады. Брокерлiк шартпен аталған тыйым салуды бұзғаны үшiн қаржы құралдарымен жасалған, орындалуы мүдделердiң келiспеушіліктерiнiң туындауына әкеп соққан мәмiле сомасының кемінде үш процентiн құрайтын айып белгiлену керек.
Осы баптың екiншi бөлiгімен белгiленген тыйым салу бұзылған жағдайда, Брокер-дилер клиентке Брокер-дилердiң тыйым салуды бұзуының нәтижесінде оған келтiрген шығындарды да, Брокерлiк шартпен белгiленген айыпты да төлеуге мiндеттi.
Тармақ 42
42. Брокерлiк шартты жасасу және орындау процесiнде Брокер-дилер өзiнiң клиентi туралы мәлiметтердiң құпиялығын, сондай-ақ клиенттен алынған мәлiметтiң құпиялығын, егер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдармен, ӨРҰ-ның және осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын Сауда-саттық ұйымдастырушының қағидаларымен өзгеше белгіленбесе және клиент өзi туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ оның Брокер-дилерге берген ақпаратты жария етуге Брокер-дилерге құқық бермесе, сақтауға мiндеттi.
Тармақ 43
43. Клиенттiк тапсырыста мынадай реквизиттер болу керек:
Тармақша 1
1) осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес бағалы қағаздармен жасасуға жататын мәмiленiң түрiн көрсету;
Тармақша 1-1
1-1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті қаржы құралдары эмитентінің атауы;
Тармақша 1-2
1-2) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті қаржы құралдары туралы мәліметтер: сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының түрі, ұлттық бірегейлендіру номері, саны, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы және мәмілені тиісінше өткізу үшін қажетті басқа да мәліметтер;
Тармақша 2
2) клиенттiк тапсырыстың үлгiсiн көрсету (клиенттiк тапсырысты орындаудың рұқсат етiлген немесе талап етiлген тәсiлдерi);
Тармақша 3
3) клиенттiк тапсырыстың қолданылу мерзiмi туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) клиенттiк тапсырысты қабылдаудың күнi және нақты уақыты;
Тармақша 5
5) Брокер-дилердiң осы клиенттiк тапсырысты қабылдаған қызметкерi туралы мәлiметтер;
Тармақша 6
6) Брокер-дилердiң қаржы құралдарымен осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәмiленi жасау туралы ұсыныстамасының бар екендiгі туралы мәлiметтер;
Тармақша 7
7) клиенттiң тiлегі бойынша осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәмiленiң мақсатын көрсету;
Тармақша 8
8) Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен және/немесе осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен белгiленген өзге де ықтимал реквизиттер.
📌 Ескерту. 43-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
Тармақ 44
44. Осы қағидалардың 43-тармағының 4)-7) тармақшаларында көрсетiлген клиенттiк тапсырыстың реквизиттерi Брокер-дилердiң уәкiлеттi қызметкерiнiң куәландыруына жатады.
Тармақ 45
45. Клиенттiң Брокер-дилерге тiкелей тапсыруына жататын клиенттiк тапсырыстың нысаны және клиенттiк тапсырыс даналарының саны Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен және/немесе осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен белгіленедi.
Тармақ 46
46. Реквизиттер осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес куәландырылғаннан кейiн клиенттiк тапсырыстың екiншi данасы (клиенттiң Брокер-дилерге байланыс құралдары арқылы берген клиенттiк тапсырыстың көшiрмесi) клиентке қайтарылуға жатады.
Тармақ 47
47. Брокер-дилер:
Тармақша 1
1) клиенттiк тапсырыстың мазмұны бойынша клиентпен келiспеушілік болған кезде;
Тармақша 2
2) қаржы құралдарымен осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәмiленiң Қазақстан Республикасының заңдарына анық қайшылығы болған кезде;
Тармақша 3
3) қаржы құралдарымен осы клиенттiк тапсырысқа сәйкес жасалуға жататын мәміленi тиiстi дәрежеде (Қазақстан Республикасының заңдарына және Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларына және/немесе осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларына сәйкес) орындалуын қамтамасыз етуге клиенттiң қабілеттілігіне сенiмсiздiк болған кезде клиенттiк тапсырысты орындауға қабылдауға құқылы емес. Осындай клиенттiк тапсырысқа орындауға қабылданған жағдайда, Брокер-дилерге осы клиенттiк тапсырмаға сәйкес жасалған мәмiле бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен және Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен және/немесе осы Брокер-дилер мүшесi (қатысушысы) болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен белгіленген жауапкершілік жүктеледi.
Тарау 5. 5-тарау. Қаржы құралдарымен мәміле жасау
5-тарау. Қаржы құралдарымен мәміле жасау
Тармақ 48
48. Брокер-дилер қаржы құралдарымен мәмiленi өз есебiнен және мүддесiнде де (дилер ретiнде), өзiнiң клиентiнiң есебiнен және мүддесiнде де (сенiмдi өкiл немесе комиссионер ретiндегi брокер ретiнде) жасауға құқылы.
Тармақ 49
49. Клиенттiк тапсырыстар, егер Брокерлік шартпен бiр клиенттiң клиенттiк тапсырыстарына қатысты өзгеше көзделмесе, оларды қабылдаудың тәртiбiмен орындалуға жатады.
Тармақ 50
50. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер-дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау мақсатында бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және/немесе бағалы қағаздары "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген онымен аффилиирленбеген банктерінде немесе резидент емес - бас банкінің "А" санатынан ("Standard & Poor`s" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және жеке рейтингісі бар резидент-еншілес банктерде банк шоттарын ашады.
📌 Ескерту. 50-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 51
51. Брокер немесе дилер ретiнде қаржы құралдарымен Брокер-дилердiң жасаған кез келген мәмілелерi тек қаржы құралдардың ұйымдасқан рыногында (Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесiнде) ғана жасалуға (осы Қағидалардың 52 тармағымен белгiленген ерекшелiктердi қоспағанда) жатады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген норма, бағалы қағаздармен тиiстi мәмiленi бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында (Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесiнде) ғана жасау шартымен және осы Қағидалардың 53 және 56-тармақтарының нормаларын сақтау шартымен осы бағалы қағаздарға қатысты Брокер-дилердiң брокер немесе дилер ретiнде бiр мезгілде сатушы (сатып алушы) болғандықтан оның бағалы қағаздарды сатып алуына (сатуына) (дилер немесе брокер ретiнде) тыйым салуды бiлдiрмейдi.
Тармақ 52
52. Осы Қағидалардың 51-тармағының бiрiншi бөлігінде белгіленген норма мына жағдайларға қолданылмайды (Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекшелiктердi қоспағанда):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық болып табылмайтын мемлекеттiк емес бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға;
Тармақша 2
2) Брокер-дилердiң мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды жеке тұлға - меншiк иелерiнен (бағалы қағаздардың меншiк иелерiнiң олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық өкiлдерi болып табылмайтын өкiлдерiнен) бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында сатып алуына;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған, мәмiлелер жасауға;
Тармақша 4
4) шетелдiк эмитенттердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа жiберiлмейтiн бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасауға;
Тармақша 5
5) шетелдiк эмитенттердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа жiберiлетiн бағалы қағаздарымен резидент еместермен мәмiлелер жасасуға;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздармен (оның iшiнде Брокер-дилердiң өзiнiң эмиссиялаған) оларды бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастыру кезiнде мәмiлелер жасауға;
Тармақша 6-1
6-1) ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлмейтiн мемлекеттiк емес бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасуға;
Тармақша 7
7) Брокер-дилердің өз бағалы қағаздарын сатып алуы;
Тармақша 8
8) акцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасының заңдарына және осы бағалы қағаздардың эмиссия проспектісіне (шығарылым шарттарына) сәйкес брокер-дилердің өз бағалы қағаздарын сатып алуы.
Ескерту: 52-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 44 қаулысымен , ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566 қаулысымен , 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен , ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 53
53. Брокер ретiнде әрекет жасай отырып Брокер-дилер тиiстi Сауда-саттық ұйымдастырушының Сауда жүйесiнде тiркелген осы үлгiдегi бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға қарсы өтiнiштiң (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға бойынша бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға құқылы емес.
Тармақ 54
54. Қарсы өтiнiштiң (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға (осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген) деп:
Тармақша 1
1) қаржы құралдарын осы Брокер-дилер сатқан кезде - осы үлгiдегi қаржы құралдарын сатып алудың ең жоғарғы (ең жақсы) бағасынан төмен баға;
Тармақша 2
2) қаржы құралдарын осы Брокер-дилер сатып алған кезде - осы үлгiдегi қаржы құралдарын сатудың ең төменгі (ең жақсы) бағасынан жоғары баға түсiнiледi.
Тармақ 55
55. 55-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 56
56. Брокер ретiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау кезiнде Брокер-дилер клиенттiк тапсырманы аса жақсы орындау үшiн барлық ықтимал күштердi салуға мiндеттi.
Клиенттiк тапсырыста көрсетiлген мақсатына қайшы келетiн қаржы құралдарымен мәмiле жасауға Брокер-дилер құқылы емес.
Мүдделер келiспеушіліктерi туындаған жағдайда Брокер-дилер қаржы құралдарымен мәмiлелердi клиенттерінің мүдделерiн өзiнен жоғары ұстауға сүйене отырып жасауға мiндеттi.
Тармақ 57
57. Брокер ретiнде клиенттiң атынан әрекет жасай отырып Брокер-дилер қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасау үшiн басқа бiреуге сенім бiлдiруге құқылы, егер осындай сенiм бiлдiру Брокерлiк шартта көзделсе не егер Брокер-дилер есебiнен және мүддесiнде қаржы құралдарымен осы мәмiле жасалатын өз клиентiнiң мүддесiн қорғау мақсатында жағдаяттың әсерiнен осыған ықтиярсыз болса. Бұл ретте бағаны қағаздармен мәмiленi жасау үшiн тек басқа Брокер-дилерге сенiм білдiрiлуi мүмкiн.
қаржы құралдарымен мәмiле жасау үшiн Брокер-дилердiң басқа бiреуге сенiм бiлдiруi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Есеп жүргізуді ұйымдастыру
6-тарау. Есеп жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 58
58. Бiрiншi санатты Брокер-дилерге тиесілі ақшалар мен қаржы құралдарға оның клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшаларынан бөлек есеп жүргiзiлуге жатады. Бiрiншi санатты Брокер-дилер бұл мақсаттар үшiн орталық депозитарийде, кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және банктерде (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда) оған және оның клиенттерiне тиесілі қаржы құралдары мен ақшаларға есеп жүргiзуге және сақтауға арналған жеке шоттар ашады.
📌 Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 59
59. Клиенттен келiп түскен қаржы құралдары мен ақшаларды бiрiншi санатты Брокер-дилердiң орталық депозитарийде, кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және банктердегі (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы) оның клиенттерiне тиесiн қаржы құралдары мен ақшаларға есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттарға салуына жатады.
📌 Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 60
60. Егер ӨРҰ-ның және орталық депозитарийдiң қағидаларымен өзгеше көзделмесе, бiрiншi санатты бiр Брокер-дилердiң барлық клиенттерінің қаржы құралдары (ақшалары) орталық депозитарийдегі (банктегi (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдағы)) осы Брокер-дилердiң атына ашылған бiр шотқа есепке алынады және сақталады.
📌 Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 61
61. Бірінші санатты Брокер-дилер әрбір жеке Клиентке осы Клиентке тиесілі бағалы қағаздар есепке алуға арналған жеке шот, сондай-ақ Брокер-дилердің өзіне тиесілі бағалы қағаздар мен ақшаны есепке алуға арналған жеке шот ашады. Брокер-дилер тек қана өзінің жеке шотын және өз Клиенттеріне жеке шоттар ашуға құқылы.
Ескерту: 61-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
📌 Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 62
62. 62-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
📌 Ескерту. 62-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 62-1
62-1. 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
📌 Ескерту. 62-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 63
63. Брокер-дилер ол мүше болып табылатын Қазақстан Республикасының заңдарымен, ӨРҰ-ның қағидаларымен немесе осындай қағидалар болмаған кезде осы Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен белгiленген тәртiпте есеп журналдарын жүргізу арқылы:
Тармақша 1
1) клиенттiк тапсырыстарға және олардың орындалысына (орындалмауына);
Тармақша 2
2) қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелерге;
Тармақша 3
3) қаржы құралдарымен орындалған мәмiлелерге;
Тармақша 4
4) қаржы құралдарымен орындалмаған мәмiлелерге;
Тармақша 5
5) жеке шоттардағы қаржы құралдарға және олардың санының өзгерiстерiне;
Тармақша 6
6) жеке шоттардағы ақшаларға және олардың санының өзгерiстерiне;
Тармақша 7
7) қаржы құралдары бойынша түскен және орналастырылған кiрiстерге;
Тармақша 8
8) клиенттердiң наразылықтарына және оларды қанағаттандыру жөнiндегі шараларға;
Тармақша 9
9) клиенттiк тапсырыстардың орындалысы туралы клиенттер берген есептерге нақты және қажеттi (есеп жүргізу мәлiметтерiне өзгерiстер енгiзу үшін негіздер туындаған күні) есеп жүргізуге мiндеттi;
Тармақша 10
10) жасалған брокерлік шарттар және номиналды ұстау шарттары;
Тармақша 11
11) туынды бағалы қағаздарды;
Тармақша 12
12) өзге қаржы құралдарын есепке алу.
Ескерту: 63-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
📌 Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 63-1
63-1. Бірінші санатты Брокер-дилер Клиенттерінің жеке шоттары бойынша операциялардың шарттары мен тәртіптері және осы операцияларды орындау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
Ескерту: 63-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
📌 Ескерту. 63-1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 64
64. Клиенттiң жеке шот ашу және жүргізу мақсатында ұсынған құжаттарын Брокер-дилер осы жеке шот жабылған күннен бастап бес жыл iшiнде сақтайды.
Негізiнде есеп жүргізу мәлiметтерiне өзгерiстер жасалған құжаттар осы жеке шот жабылған күннен бастап бес жыл iшiнде Брокер-дилердiң сақтауына жатады.
📌 Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тармақ 65
65. Брокерлер-дилерлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне есеп жүргізудiң және олардың қаржылық есеп берулерiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Тарау 7. 7-тарау. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі бақылау жасау
7-тарау. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі бақылау жасау
Тармақ 66
66. Брокер-дилер өзiнiң клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшаларының, сондай-ақ ондағы оның клиенттерi туралы ақпараттың (оның iшiнде осы Брокер-дилердiң оның клиенттерінің есебiнен және мүддесiнде қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы) қауiпсiздiгін (осы тарауда бұдан әрi "Қауiпсiздiк" деп аталады) қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 67
67. Брокер-дилердiң ішкі құжаттарымен, өзге де ықтимал нормалардан басқа:
Тармақша 1
1) құжаттарды тiркеу, сақтау және архивке өткiзу, құжаттарға және архивтегi құжаттарға рұқсат ету, архивтегi құжаттардың мәлiметтерiн қалпына келтiру;
Тармақша 2
2) электрондық мәлiметтер көлемiнiң сақталсын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау және орындау кезiнде, сондай-ақ осы Брокер-дилердiң және оның клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшаларына есеп жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдарға (оның iшiнде электрондық мәлiметтер көлемiне) рұқсат ету;
Тармақша 4
4) өрт қауiпсiздiгінің және апаттардан және өзге де қарсы тұруға болмайтын күштерден алдын-ала ескерту арқылы қорғау;
Тармақша 5
5) электр жүйесi өшiп қалған және төменде аталған жүйелердiң қалыпты режимде жұмыс iстеулерi үшiн пайдаланылатын өзге де ресурстар жоғалып кеткен (жетiспеген) жағдайларда Брокер-дилер жүйесiнiң қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау және орындау жөнiндегі, сондай-ақ осы Брокер-дилердiң және оның клиенттерінің қаржы құралдары мен ақшаларына есеп жүргізу жөнiндегi жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру қағидалары кiретiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету нормалары белгiленедi.
Тармақ 68
68. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету нормалары сондай-ақ ӨРҰ-ның қағидаларымен белгіленуi мүмкiн.
Тармақ 69
69. Осы Брокер-дилер мүшесi болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен немесе осындай қағидалар болмаған кезде, осы Брокер-дилердiң ішкі құжаттарымен қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жекелеген нормалары қызметтiк құпия ретiнде айқындалуы мүмкiн. Бұл ретте Брокер-дилердiң ішкі құжаттары аталған нормалар бөлiгінде уәкілетті органмен келiсуге жатпайды.
Тармақ 70
70. Брокер-дилер ішкі құжаттарға сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Iшкi бақылау жасауды жүзеге асырудың нормалары осы Брокер-дилер мүшесi болып табылатын ӨРҰ-ның қағидаларымен немесе осындай қағидалар болмаған кезде, осы Брокер-дилердiң Iшкi қағидаларымен белгiленедi. Бұл ретте Брокер-дилердiң iшкi бақылау жасау объектiсi болып табылатын әрекеттердi тiкелей орындайтын қызметкерiне iшкi бақылау жасауды жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
Ескерту: 70-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысымен .
Тармақ 71
71. Брокер-дилер айына кемiнде бiр рет жеке шоттардағы (банк) қаржы құралдары мен ақшалар санына өзiнiң есеп жүргізу мәлiметтерiн орталық депозитарийдiң және банктердiң (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдағы) осы Брокер-дилерге ашылған шоттардағы қаржы құралдары мен ақшалардың саны туралы мәлiметтермен салыстырып тексерiс жүргізуге міндетті.
📌 Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .
Тарау 8. 8-тарау
8-тарау
📌 Ескерту. 8-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысымен .