О некоторых вопросах ввоза томатов на территорию Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы аумағына қызанақты әкелудің кейбір мәселелері туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден қызанақты әкелуді, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қызанақтың транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден жаңа піскен немесе салқындатылған қызанақты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 0702) әкелуге 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі