Об определении видов и порядка поощрений граждан, участвующих в профилактике правонарушений в городе Павлодаре Қолданыста
Басқа 0
Павлодар қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Павлодар қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» № 1376/27 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6206 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Павлодар қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi
Павлодар қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 18 маусымдағы
№ 1132/1 қаулысына
қосымша
Павлодар қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi
Тармақ 1
1. Азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы беру;
Тармақша 4
4) білім беру және біліктілік арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
Тармақша 5
5) ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсыныстар жіберу;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан тұлғаларды мемлекеттік наградамен және құрмет белгісімен марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы орган айқындайтын өзге де шаралар.
Тармақ 2
2. Азаматтарды көтермелеудiң тәртiбi:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Павлодар қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасына белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдаухатты) Комиссияның қарауына «Павлодар облысының Полиция департаменті Павлодар қаласының Полиция басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Павлодар қаласының ПБ) енгiзедi;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасына белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысқа (қолдаухатқа) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы тұлғаларды ақпараттық есепке алу мәліметі және әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алу бойынша карточкадан мәлімет қоса беріледі, бұл ретте көтермелеу туралы қолдаухат әр түрлі негіздерді және мазмұны бойынша қайталауды болдырмайтын азаматтың нақты сіңірген еңбектерін қамтуы тиіс;
Тармақша 4
4) Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады;
Тармақша 5
5) Павлодар қаласының ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу шараларын Павлодар қаласының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақының мөлшері 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.