О переименовании сел Павлодарского района Павлодарской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Павлодар ауданы ауылдарының атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 4) тармақшасына, Павлодар ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы "Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округi Кеңес ауылының қайта атауы туралы" № 4-16 және "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округi Григорьевка ауылының қайта атауы туралы" № 4-16 бiрлескен қаулыларына, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 1 желтоқсандағы "Павлодар ауданы ауылдарының атауларын өзгерту туралы" № 294/10 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Павлодар ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округiнiң Григорьевка ауылы Павлодар ауданы Григорьевка селолық округiнiң "Жаңа қала" ауылы болып; Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округiнiң Кеңес ауылы Павлодар ауданы Кеңес селолық округiнiң "Әйтiм ауылы" болып өзгерiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.