О внесении изменений в положение коммунального государственного учреждения «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің мәдениет жене тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін оған «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдык мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құру туралы» 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 89 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне келесі өзгерістер енгізілсін: 14 тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «43) Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 729-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және әкімшілік жаза қолдану».
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде енгізілген толықтыру туралы тіркеуші органды хабардар етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына» ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.