Об утверждении Правил о порядке осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының беретін өкілеттілігі шегінде, Қазақ ССР-ның 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының 35 бабы, Риддер қалалық мәслихатының ХІІІ сессиясының "2005 жылғы қала бюджеті туралы" шешімі негізінде және 2003-2005 жылдарда "Кедейшілікті төмендету бойынша" облыстық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын орындау мақсатында Риддер қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу туралы ереже" бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Шешім 2005 жылдың 1 қаңтарынан іске кіреді.
Басқа 3. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді
белгілеу және төлеу туралы
ЕРЕЖЕ
Риддер қалалық мәслихатының
XIII сессиясының
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 13/3-III шешіміне
қосымша
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді
белгілеу және төлеу туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу туралы ереже" (осыдан ары Ереже) бойынша "Азаматтардың жеке санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер" 258-007-000 бюджеттік бағдарлама бойынша төлем ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдаудың құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы (6 бап), Қазақ ССР-ның 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңы (35 бап), Риддер қалалық мәслихатының ХІІІ сессиясының "2005 жылғы қала бюджеті туралы" шешімі болып табылады.
Тармақ 3
3. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы" Заңы реттейтін жағдайға қатысты емес.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Төлемдерді алу құқығы
2. Төлемдерді алу құқығы
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлем алуға тұрмыс жағдайы төмен азаматтар (отбасылар), күнкөріс деңгейі төмен, немесе белгілі себептермен жедел әлеуметтік жәрдем қажет азаматтар (өрт, су тасқыны, қымбат ем, тіс салдыру), сондай-ақ кейбір азаматтар мейрам шараларына, құқылы.
Тармақ 5
5. Ай сайынғы әлеуметтік төлем алушылар:
Тармақша 1
1) көзі көрмейтін, МӘСК (мемлекеттік әлеуметтік сараптау комиссиясы) қорытындысы бар, қала ішіндегі көліктермен тегін жүретін, ал оларды ертіп жүретін азаматтар қала көлігімен жүруге 1,4 ЕАК мөлшерінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын азаматтар;
Тармақша 2
2) басқа негізбен арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын Риддер қаласының Құрметті азаматтары.
Тармақ 6
6. Бір реттік әлеуметтік төлем жалғыз тұратын, тұрмыс жағдайы төмен, өте мұқтаж зейнеткерлерге, қолында кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына, мүгедектерге, Қазақстан Республикасының жұмыссыздарына, оралмандарға, Риддер қаласында тіркеліп тұрақты тұратын босқындарға, бас бостандығынан айыру орындарынан қайтқан тұлғаларға құжат алу үшін төленеді.
Тармақ 6.1
6.1. Үйлердің қасбетін жөндеуге кеткен шығындарға байланысты бір жолғы материалдық көмек алуға келесі қорғауға алынған халықтың әлеуметтік жігі құқылы: зейнеткерлік төлем, мемлекеттік әлеуметтік және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, кірісі 15 АЕК аспайтын еңбекақысы төмен азаматтар санаты, кірісі 15 АЕК аспайтын көпбалалы, тұрмысы орта жанұялар.
Тармақ 6.2
6.2. "Рудный Алтай", "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан», "Дидар", "Лениногорская правда", "Вечерка"»газеттеріне жазылуды ресімдеуге материалдық көмек алушылар қатарына ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, Риддер қаласының ардагерлер белсенділері жатады. <*>
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Ай сайынғы және бір реттік әлеуметтік төлемдерді
төлеу тәртібі мен шарты
3. Ай сайынғы және бір реттік әлеуметтік төлемдерді
төлеу тәртібі мен шарты
Тармақ 7
7. Ай сайынғы әлеуметтік төлем жеке өтініш және әлеуметтік төлем алу құқығын растайтын құжаттар негізінде төленеді.
Тармақ 8
8. Бір реттік әлеуметтік төлем мәслихат депутаттарының, қоғамдық ұйымдардың, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, жергілікті басқару комитеттерінің ұсыныстары, азаматтардың жеке өтініші бойынша тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға төленеді:
Тармақша 1
1) бір реттік әлеуметтік төлем алуға үміткер қалалық тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш береді. Өтінішке қоса мынандай құжаттар тіркеледі:
жеке басының куәлігі немесе паспорт;
РНН анықтамасы;
өтініш берушінің жәрдемақы алуға мұқтаждығын растайтын құжаттар (отбасы мүшелері туралы анықтама, емделу туралы, операция, дәрігерлік тексерілу, тіс салғызу және олардың бағасы туралы, кіріс мөлшері туралы анықтамалар т.б.);
Тармақша 2
2) жеке куәлік алуға (құжаттауға) арналған әлеуметтік көмек қажет тұлғалар төмендегідей құжаттар дайындауы тиіс:
өтініш;
босағаны туралы анықтама;
мекен-жайы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) үйлердің қасбетін жөндеуге кеткен шығындарға байланысты бір жолғы материалдық көмек алуға талапкер адамдар келесі құжаттарды ұсынады:
көмек бөлу туралы өтініш;
СТТК көшірмесі;
жеке басының куәлігінің көшірмесі;
зейнеткерлік куәлік көшірмесі;
кірісті растайтын құжат (еңбекақы туралы анықтама, жұмыссыздығы есепке алынғандығы туралы анықтама);
үй кітапшасының көшірмесі;
Тармақша 4
4) газетке жазылуды ресімдеуге материалдық көмек алушы талапкер адамдар келесі құжаттарды ұсынады:
өтініш;
Ұлы Отан соғысының ардагері, мүгедегі куәлігінің көшірмесі, зейнеткерлік куәлік;
жеке басының куәлігінің көшірмесі;
үй кітапшасының көшірмесі. <*>
Тармақ 9
9. Әр өтінішті, өтініш берушінің нақты тұрмыс жағдайын, 2003 жылдың 28 қарашасында қала Әкімі бекіткен N 869 бұйрығымен, 2003 жылғы 24 желтоқсанда қалалық мәслихаттың N 3/18-III шешімімен бекітілген қалалық комиссия өтініш берушінің мекен-жайына барып тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша отбасының әлеуметтік картасы жасалып комиссияға ұсынылады.
Тармақ 10
10. Комиссия әлеуметтік көмек беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 11
11. Ай сайынғы, немесе бір реттік әлеуметтік төлем жүргізуді Мемлекеттік мекеме "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі" жергілікті бюджет қорынан ақшалай "Казпочта" ААҚ бөлімшелері арқылы агенттік келісім бойынша іске асырады.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлем мөлшер
4. Әлеуметтік төлем мөлшер
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлем келесі мөлшерде тағайындалады:
Тармақша 1
1) көзі көрмейтін мүгедектерге - айына 350 теңге;
Тармақша 2
2) Риддер қаласының құрметті азаматтарына - айына 1,0 ЕАК;
Тармақша 3
3) бір реттік әлеуметтік төлем 1000 теңгеден 10000 теңгеге дейін, жылына бір рет;
Тармақша 4
4) үйлердің қасбетін жөндеуге кеткен шығындарға байланысты Риддер қаласының әлеуметтік қорғалған тұрғындарына бір жолғы материалдық көмек жұмсалған шығындар шегіндегі сомамен анықталады, бір отбасыға 10000 (он мың) теңгеден артық емес;
Тармақша 5
5) газетке жазылуды ресімдеуге материалдық көмек көрсету- бір жылға жазылу сәтіне мерзімдік басылымға жазылу бағасының мөлшерімен анықталады. <*>
Тармақ 5
Тарау 5. 5. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдық мерейтойы
қарсаңында марапаттау тәртібі туралы
5. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдық мерейтойы
қарсаңында марапаттау тәртібі туралы
Тармақ 13
13. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдық мерейтойы қарсаңында марапатталсын:
Тармақша 1
1) 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері. Әлеуметтік төлем мөлшері - 2000 теңге (екі мың теңге) әрқайсысына;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін және тылдағы адал әскери қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының:
"Ерлігі үшін" Ушаков медалі;
"Әскери қызметі үшін" Нахимов медалі;
"Ерен еңбегі үшін";
"Ленинградты қорғағаны үшін";
"Москваны қорғағаны үшін";
"Одессаны қорғағаны үшін";
"Севастопольді қорғағаны үшін";
"Сталинградты қорғағаны үшін";
"Киевті қорғағаны үшін";
"Кавказды қорғағаны үшін";
"Советтік Заполярьені қорғағаны үшін";
"Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін";
"1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін". Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1500 теңге (бір мың бес жүз теңге);
Тармақша 3
3) медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 09 мамырына дейінгі аралықта кем дегенде 6 ай жұмыс істеген тұлғаларға. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1500 теңге (бір мың бес жүз теңге);
Тармақша 4
4) қоршауда болған Ленинградта жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталғандар. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1500 теңге (бір мың бес жүз теңге);
Тармақша 5
5) кәмелетке толмай фашистік концлагерде болғандар. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1500 теңге (бір мың бес жүз теңге);
Тармақша 6
6) 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері, осы негізде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын отбасылар. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1500 теңге (бір мың бес жүз теңге).
Тармақ 14
14. Материалдық марапаттауды төлеу, төлем уақытына зейнетақы алу негізінде қалалық зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізімдеу негізінде жүргізілсін.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні"
ұлттық мереке қарсаңында марапаттау тәртібі туралы
6. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні"
ұлттық мереке қарсаңында марапаттау тәртібі туралы
Тармақ 15
15. Ақшалай марапатталсын:
Тармақша 1
1) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, немесе бұрынырақ "Батыр ана" атағын алған, I, II сатылы "Ана даңқы" орденімен марапатталған көп балалы аналар;
Тармақша 2
2) қолында төрт немесе одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналар;
Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1000 теңге (бір мың теңге).
Тармақ 7
Тарау 7. 7. Балаларды қорғау күнін өткізуге
7. Балаларды қорғау күнін өткізуге
Тармақ 16
16. Әлеуметтік төлем ретінде мүмкіндігі шектелген, Риддердегі коррекциясы бұзылған балаларды бағуға үйде әлеуметтік көмек беру бөлімінде қызмет алатын отбасыларға материалдық көмек көрсету. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1000 теңге (бір мың теңге).
Тармақ 8
Тарау 8. 8. Қарттар мен мүгедектер Күні қарсаңында
материалдық көмек көрсету туралы
8. Қарттар мен мүгедектер Күні қарсаңында
материалдық көмек көрсету туралы
Тармақ 17
17. 1 қарашада Қарттар күнін, 10 қарашада мүгедектер Күнін атап өту қарсаңында әлеуметтік төлем ретінде материалдық көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) 2005 жылы 80 жасқа толып, одан асқан қарттарға. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 700 теңге (жеті жүз теңге);
Тармақша 2
2) 1 топтағы мүгедектер. Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына -1000 теңге (бір мың теңге);
Тармақша 3
3) мүгедек балалар (16 жасқа толмаған). Әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына - 1000 теңге (бір мың теңге);
Тармақша 4
4) Қарттар Күні және мүгедектер Күніне арналған Риддер қаласы әкімінің және мәслихат хатшысының қабылдауына шақырылған адамдарға әлеуметтік төлем мөлшері - әрқайсысына 1000 (бір мың) теңге. <*>
Тармақ 8.1
Тарау 8.1. 8.1. Үйлердің қасбетін жөндеуге кеткен
шығындарға байланысты Риддер қаласының әлеуметтік
қорғалған халық жіктеріне бір жолғы материалдық көмектің төлемі мен тарату тәртібі
8.1. Үйлердің қасбетін жөндеуге кеткен
шығындарға байланысты Риддер қаласының әлеуметтік
қорғалған халық жіктеріне бір жолғы материалдық көмектің төлемі мен тарату тәртібі
Біржолғы материалдық көмек Риддер қаласының тұрақты әлеуметтік қорғалған халық жіктеріне көрсетіледі.
Біржолғы материалдық көмек қатаң мақсатты болып табылады және бір жанұяға бір сомадан төленеді.
Төлем орындалған жұмыстар фактілері бойынша жүргізіледі. <*>
Тармақ 8.2
Тарау 8.2. 8.2. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Риддер қаласының ардагерлер белсенділеріне "Рудный Алтай", "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", "Дидар", "Лениногорская правда", "Вечерка" газеттеріне жазылуды ресімдеуге материалдық көмек көрсету
8.2. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Риддер қаласының ардагерлер белсенділеріне "Рудный Алтай", "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", "Дидар", "Лениногорская правда", "Вечерка" газеттеріне жазылуды ресімдеуге материалдық көмек көрсету
Қалалық ардагерлер Кеңесі Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің және Риддер қаласының ардагерлер белсенділерінің қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының қолы қойылған тізімін ұсынады. Берілген тізімге сәйкес, газетке жазылуды ресімдеуге материалдық көрсету белгіленеді. <*>
Тармақ 9
Тарау 9. 9. Төлем жүргізуді бақылау
9. Төлем жүргізуді бақылау
Тармақ 18
18. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем жүргізуге жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуын бақылау қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
Мәслихат хатшысы