Об утверждении Правил и основания признания строительного объекта аварийным и подлежащим сносу или реконструкции Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 139-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздері бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздері
Бұйрығымен бекітілген Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың негіздерін, рәсімдерін және мерзімдерін қамтитын мынадай тәртіп белгіленеді:
Тармақша 1
1) уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның құрылыс объектісінің және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақтың нақты жай-күйіне бағалау жүргізу мақсатында ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылдау тәртібі, көрсетілген комиссияны қалыптастыру тәртібі, оның отырыстарын өткізу тәртібі және оның шешімдерін ресімдеу тәртібі;
Тармақша 2
2) құрылыс объектісіне және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумаққа тексеру жүргізу тәртібі, осындай құрылыс объектілерінің және (немесе) аумақтың нақты жай-күйін бағалау тәртібі;
Тармақша 3
3) құрылыс объектісінің меншік иесін, ондағы үй-жайлардың (пәтерлердің және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелерін, құрылыс объектісін, ондағы үй-жайды (пәтерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайды) иеленуші тұлғаны осындай құрылыс объектісін авариялық деп тану және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы мәселені қарастыру туралы өзге заңды негізде хабардар ету тәртібі;
Тармақша 4
4) құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі мен мерзімдері.
Тармақ 2
2. Осы тәртіпте Құрылыс кодексінде және мемлекеттік нормативтік құжаттарда айқындалған ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авариялық құрылыс объектісі - құрылыс объектісінің жай-күйі, оны одан әрі пайдалану, онда адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етудің мүмкін еместігіне байланысты дереу тоқтатылуға тиіс;
Тармақша 2
2) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық тексеру - нәтижесінде ғимараттар мен құрылыстардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, сенімділігі мен орнықтылығы, одан әрі пайдалану мүмкіндігі, құрылыс объектісін күрделі жөндеу, жаңғырту немесе реконструкциялау жұмыстарының құрамы мен көлемін белгілеу, сондай-ақ нысаналы мақсатын өзгерту үшін уақыт ішінде болатын өзгерістерді ескере отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштеріне сандық баға алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;
Тармақша 3
3) жобалау құжаттамасы - жобалау барысында жасалатын мәтіндік және графикалық құжаттардың жиынтығы, ол мыналарды қамтиды: абаттандыру және көгалдандыру жобалары. Абаттандыру және көгалдандыру жобалары құрылыс жобасының құрамында болуы мүмкін; қала құрылысы жобалары - аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешенді қала құрылысын жоспарлаудың шешімдерін қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары (елді мекендерді дамыту мен салудың схемалары), егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары); құрылыс жобасы - осы Кодекстің тиісті талаптарын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептерді қамтитын жобалау-сметалық құжаттама. Құрылыс жобаларына сондай-ақ құрылыс объектілерін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жобалары жатады; сәулет жобасы - жобалауға сәулетшінің қатысуы қажет құрылыс объектісін (монументті) тұрғызу жобасы;
Тармақша 4
4) консервациялау - құрылысы аяқталмаған объектінің құрылысын уақытша тоқтата тұру кезеңінде оның конструкцияларының, материалдары мен жабдықтарының сақталуын және сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені;
Тармақша 5
5) құрылыс қызметі (құрылыс) - құрылыс объектілерін (олардың кешендерін, коммуникацияларын) салу және (немесе) жаңаларын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және өз ресурсын пайдаланған құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жолымен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;
Тармақша 6
6) құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату - қалпына келтірілетін элементтерді (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіре және қайталап пайдалана отырып, сондай-ақ қалпына келтіруге жатпайтын элементтер мен қалдықтарды қайта өңдей отырып, құрылыс объектісін пайдалану (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін оны бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;
Тармақша 7
7) реставрациялау - ғылыми негізделген деректер негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетін сақтауды және ашуды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені.
Тарау 2. 2-тарау. Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың тәртібі мен негіздері
2-тарау. Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың тәртібі мен негіздері
Тармақ 1. 1-параграф. Уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның құрылыс объектісінің және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақтың нақты жай-күйіне бағалау жүргізу мақсатында ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылдау тәртібі, көрсетілген комиссияны қалыптастыру тәртібі, оның отырыстарын өткізу тәртібі және оның шешімдерін ресімдеу тәртібі
1-параграф. Уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның құрылыс объектісінің және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақтың нақты жай-күйіне бағалау жүргізу мақсатында ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылдау тәртібі, көрсетілген комиссияны қалыптастыру тәртібі, оның отырыстарын өткізу тәртібі және оның шешімдерін ресімдеу тәртібі
Тармақ 3
3. Құрылыс объектісінің және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақтың нақты жай-күйіне бағалау жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім мынадай негізде қабылданады:
Тармақша 1
1) құрылыс объектісінің меншік иесі, ондағы үй-жайлардың меншік иелері не құрылыс объектісін немесе ондағы үй-жайды өзге де заңды негізде иеленуші тұлға өтініші;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан азаматтардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатердің бар екендігі туралы ақпараттың келіп түсуі;
Тармақша 3
3) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық тексеру, мониторинг, қарау, тексеру нәтижелері;
Тармақша 4
4) табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар басталу;
Тармақша 5
5) құрылыс объектісінің пайдалану жарамдылығын жоғалту мүмкіндігін куәландыратын өзге де мән-жайлар.
Тармақ 5
5. Ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның өкімдік актісімен ресімделеді, онда комиссия құрудың негізі, оның дербес құрамы, комиссия төрағасы, құрылыс объектісінің және (немесе) аумақтың нақты жай-күйіне бағалау жүргізу мерзімдері, сондай-ақ комиссия қорытындысын дайындау мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Ведомствоаралық комиссия сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның өкілдерінен, сондай-ақ қажет болған кезде өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылады.
Тармақ 7
7. Ведомствоаралық комиссияның құрамына ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыруға тиісті аккредиттеуі бар сараптамалық және мамандандырылған ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ өзге де мамандар енгізілуі мүмкін. Көрсетілген адамдар комиссия жұмысына шешім қабылдау құқығынсыз қатысады.
Тармақ 8
8. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы оның қызметін ұйымдастырады, отырыстардың өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, отырыстарға материалдар дайындауды қамтамасыз етеді, отырыстардың хаттамаларына және комиссияның қорытындысына қол қояды.
Тармақ 9
9. Ведомствоаралық комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ оны құру туралы шешімде белгіленген мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Ведомствоаралық комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Тармақ 10
10. Ведомствоаралық комиссия құрылыс объектісін және (немесе) аумақты тексеру нәтижелерін, сараптамалық қорытындыларды, құрылыс объектісінің нақты жай-күйін бағалау үшін қажетті өзге де материалдарды қарайды, мүдделі тұлғалардың өкілдерін тыңдайды, қажет болған жағдайда құрылыс объектісін және (немесе) аумақты тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Ведомствоаралық комиссияның шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 12
12. Ведомствоаралық комиссия отырысының барысы және қабылданған шешімдер отырыстың хаттамасымен ресімделеді, оған комиссия төрағасы және отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды.
Тармақ 13
13. Материалдарды қарау және жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылыс объектісін одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы не оны авариялық және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын құрылыс объектісінің және (немесе) аумағының нақты жай-күйі туралы қорытындыны ресімдейді.
Тармақ 14
14. Ведомствоаралық комиссияның қорытындысы ұсынымдық сипатта болады және уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның осы Тәртіпке сәйкес шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс объектісіне және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумаққа тексеру жүргізу тәртібі, осындай құрылыс объектілерінің және (немесе) аумақтың нақты жай-күйін бағалау тәртібі
2-параграф. Құрылыс объектісіне және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумаққа тексеру жүргізу тәртібі, осындай құрылыс объектілерінің және (немесе) аумақтың нақты жай-күйін бағалау тәртібі
Тармақ 15
15. Құрылыс объектісін және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақты тексеру оның нақты техникалық жай-күйін, физикалық тозу деңгейін, сенімділігін, орнықтылығын және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Құрылыс объектісін тексеру Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ құрылыс объектісінің пайдалану жарамдылығын жоғалту мүмкіндігін куәландыратын мән-жайлар болған кезде жүргізіледі, оның ішінде: - бұзылу қаупін туғызатын тіреу конструкциялары мен қосылыстарының ақаулары мен зақымдануларын анықтау; - табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы өрттердің, авариялардың және төтенше жағдайлардың салдарлары; - құрылыс объектісін пайдаланудың нормативтік мерзімдерінің аяқталуы; - одан әрі пайдалану, реконструкциялау мүмкіндігін не күрделі жөндеудің экономикалық орындылығын айқындау қажеттілігі; - аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылысын алты айдан астам мерзімге консервациялау не тоқтата тұру; - құрылыс объектісінің құрылымдық схемасының, функционалдық мақсатының немесе пайдалану шарттарының өзгеруі; - құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген өзге де жағдайлар.
Тармақ 17
17. Құрылыс объектісін тексеру тиісті аттестаты бар сарапшыны не ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына тексеру жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымды тарта отырып, ведомствоаралық комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Құрылыс объектісін тексеру Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің, осы Тәртіптің, сондай-ақ мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Құрылыс объектісін зерттеп тексеру:
Тармақша 1
1) авариялық учаскелерді, ақаулар мен зақымдануларды анықтау үшін көзбен шолып тексеру жүргізе отырып, алдын ала тексеру;
Тармақша 2
2) есептеулерді, өлшеулерді және өзге де бағалау әдістерін қолдана отырып, егжей-тегжейлі аспаптық зерттеп тексеру;
Тармақша 3
3) жобалау, атқару және пайдалану құжаттамасын талдау (бар болса);
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда - мониторинг, зертханалық зерттеулер және мемлекеттік нормативтік құжаттарда көзделген өзге де жұмыс түрлерін жүргізу.
Тармақ 20
20. Құрылыс объектісінің нақты жай-күйін бағалау конструкциялардың, инженерлік жүйелердің және топырақтық негіздің жай-күйінің нақты көрсеткіштерін жобалау құжаттамасының және нормативтік құжаттардың талаптарымен салыстыру негізінде жүзеге асырылады және мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген техникалық жай-күйінің санаттары бойынша жүргізіледі. Құрылыс объектісінің нақты жай-күйін бағалау шеңберінде оның техникалық жай-күйінің санаты айқындалады, оның ішінде: - жарамды жай-күйі; - жұмысқа қабілетті жай-күйі; - шектеулі зақымдану жағдайы; - едәуір зақымдану жағдайы; - құлау шегіндегі жағдай.
Тармақ 21
21. Құрылыс объектісін едәуір зақымдану санатына жатқызған не қирау шегінде тұрған жағдайда, мұндай объектіні пайдалануға жол берілмейді. Көрсетілген жағдайларда ведомствоаралық комиссия құрылыс объектісін авариялық деп тану туралы қорытындыны дайындау кезінде зерттеу нәтижелерін ескереді.
Тармақ 22
22. Құрылыс объектісінің нақты жай-күйін бағалау: - конструкциялар мен инженерлік жүйелердің табиғи тозу дәрежесін; - конструкциялардың көтергіш қабілеті мен орнықтылығын; - табиғи-климаттық және сейсмикалықты қоса алғанда, нақты жүктемелер мен әсерлер; - топырақ негізінің жай-күйі; - күшейту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды орындау кезінде қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мүмкіндіктері.
Тармақ 23
23. Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс объектісінің нақты жай-күйі, оны одан әрі пайдалануға рұқсат етілуі, қайта құруды жүргізу қажеттілігі не пайдалану жарамдылығын қалпына келтіру мүмкін еместігі туралы қорытындыларды қамтитын техникалық қорытынды жасалады.
Тармақ 24
24. Тексерудің техникалық қорытындысы ведомствоаралық комиссияның қарауына жатады және осы Тәртіпке сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның комиссия қорытындысын дайындауы және шешім қабылдауы үшін негіз ретінде пайдаланылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Құрылыс объектісінің меншік иесін, ондағы үй-жайлардың (пәтерлердің және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелерін, құрылыс объектісін, ондағы үй-жайды (пәтерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайды) иеленуші тұлғаны осындай құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы мәселені қарастыру туралы өзге заңды негізде хабардар ету тәртібі
3-параграф. Құрылыс объектісінің меншік иесін, ондағы үй-жайлардың (пәтерлердің және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелерін, құрылыс объектісін, ондағы үй-жайды (пәтерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайды) иеленуші тұлғаны осындай құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы мәселені қарастыру туралы өзге заңды негізде хабардар ету тәртібі
Тармақ 25
25. Құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы мәселені қарау туралы хабарламаны ведомствоаралық комиссия қалыптастырылғаннан және оның отырысының күні тағайындалғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Хабарлама құрылыс объектісінің меншік иесіне, ондағы үй-жайлардың (пәтерлердің және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелеріне, құрылыс объектісін немесе ондағы үй-жайды өзге де заңды негізде иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ресми тізілімдерде олар туралы мәліметтер бар өзге де мүдделі тұлғаларға жіберіледі.
Тармақ 27
27. Хабарлама мыналарды қамтиды: уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы; құрылыс объектісі туралы мәліметтер (мекенжайы, кадастрлық нөмірі); ведомствоаралық комиссия отырысының күні, уақыты және орны; отырыстың мақсаты – құрылыс объектісін одан әрі пайдаланудың, реконструкциялаудың немесе бұзудың нақты жай-күйі мен мүмкіндігі туралы мәселені қарау; келмегені үшін жауаптылық және қабылданған шешімнің салдары туралы ескерту; қосымша ақпарат алу мерзімдері мен тәсілдері.
Тармақ 28
28. Хабарлама ведомствоаралық комиссия отырысы өтетін күнге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын жіберіледі. Уәкілетті орган хабарлау мерзімін мүдделі тұлғалардың ескертулер мен құжаттарды дайындауы және ұсынуы үшін жеткілікті уақыт қағидатын ескере отырып белгілейді, бірақ ол күнтізбелік бес күннен кем болмайды. Кондоминиум объектілері меншік иелерінің жиналыстарын өткізу кезінде, тұрғын үй заңнамасында хабарлаудың осындай ең аз мерзімдері көзделген.
Тармақ 29
29. Хабарлама мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады: қол қою арқылы тапсыру; тапсырылғаны туралы хабарламасы бар пошта жөнелтімімен жөнелту; ресми мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы электрондық құжат нысанында жолдау; электрондық хабарламаны алу мүмкіндігін көрсете отырып, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында жариялау.
Тармақ 30
30. Құрылыс объектісінің меншік иесінің не өзге де мүдделі тұлғаның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған, сондай-ақ дәлелді себептермен хабарламаны жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізу туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ құрылыс объектісінде орналастырылады.
Тармақ 31
31. Хабарламаны жіберу фактісін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган белгілейді және құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану рәсімін жалғастыру үшін негіз болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе қайта жаңартуға жататын объект деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі мен мерзімдері
3-тарау. Құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе қайта жаңартуға жататын объект деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 32
32. Құрылыс объектісін апатты және бұзылуға немесе реконструкциялауға жататын деп тану туралы шешім қабылдауды уәкілетті мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган төмендегілердің негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 136-бабының 12-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган жүргізген құрылыс объектісін қарау актісі;
Тармақша 2
2) зерттеп-қарау нәтижелері бойынша техникалық қорытынды;
Тармақша 3
3) ведомствоаралық комиссияның қорытындысы;
Тармақша 4
4) құрылыс объектісінің меншік иесі, мемлекеттік органдар және өзге де мүдделі тұлғалар ұсынған материалдар.
Тармақ 33
33. Құрылыс объектісін қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының құрылыс объектісін пайдалануға қойылатын талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган құрылыс объектісін пайдалануға жауапты тұлғаға анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар жібереді.
Тармақ 34
34. Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын деп тану туралы мәселе ведомствоаралық комиссиямен мынадай жағдайларда қаралады, егер:
Тармақша 1
1) тексеру нәтижелері бойынша құрылыс объектісінің апатты жай-күйінің белгілері не оның бұзылу қаупі анықталса;
Тармақша 2
2) анықталған бұзушылықтар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;
Тармақша 3
3) бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етпесе;
Тармақша 4
4) құрылыс объектісінің пайдалану жарамдылығын жоғалтқанын куәландыратын өзге де мән-жайлар болса.
Тармақ 35
35. Құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе қайта құруға жататын объект деп тану туралы шешім әкімшілік акт болып табылады және дәлелді негіздемемен жазбаша нысанда ресімделеді.
Тармақ 36
36. Шешімде:
Тармақша 1
1) уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы;
Тармақша 2
2) құрылыс объектісі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) объектінің нақты жай-күйі туралы қорытынды;
Тармақша 4
4) құқықтық реттеудің таңдалған түрін көрсету (бұзу не реконструкциялау);
Тармақша 5
5) тиісті іс-шараларды орындаудың белгіленген мерзімдері мен кезеңдері;
Тармақша 6
6) меншік иесінің немесе заңды иеленушінің шешімді іске асыру жөніндегі міндеттері;
Тармақша 7
7) қабылданған шешімге шағымдану тәртібі мен мерзімдері.
Тармақ 37
37. Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы шешімді ведомствоаралық комиссияның материалдарын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Тармақ 38
38. Құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе қайта құруға жататын объект деп тану туралы қабылданған әкімшілік акт меншік иесіне және осы Тәртіптің 4-тарауына сәйкес хабарланған тұлғаларға мынадай тәсілдердің бірімен жазбаша нысанда жіберіледі:
Тармақша 1
1) қол қою арқылы тапсыру;
Тармақша 2
2) тапсырылғаны туралы хабарламасы бар пошта жөнелтімімен жөнелту;
Тармақша 3
3) ресми мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы электрондық құжат нысанында жолдау;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 39
39. Егер актінің өзінде өзгеше мерзім көрсетілмесе, құрылыс объектісін авариялық және оны бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы әкімшілік акт уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында ресми жарияланған сәттен бастап не егер актінің өзінде өзгеше мерзім көрсетілмесе, адресатқа тапсырылған сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 40
40. Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы шешімге шағымдану Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.