Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялансын және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихаты
Басқа 7. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 154 қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері; қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар) басшысы;
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
Тармақша 3
3) біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
Тармақша 4
4) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 5
5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 6
6) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 3
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 4
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік қойылым бөлімі меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 5
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас қор сақтаушысы;
Тармақша 6
6) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - барлық атаудағы әдістемешілері (негізгі қызметтердің);
Тармақша 7
7) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - библиограф;
Тармақша 8
8) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кітапханашы;
Тармақша 9
9) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - қор сақтаушы;
Тармақша 10
10) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
Тармақша 11
11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;
Тармақша 12
12) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - музыкалық жетекші;
Тармақша 13
13) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 14
14) біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман - хореограф;
Тармақша 15
15) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кинооператор;
Тармақша 16
16) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - аккомпаниатор;
Тармақша 17
17) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - хормейстер;
Тармақша 18
18) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - барлық атаудағы әртіс;
Тармақша 19
19) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - ұжым (үйірме) басшысы;
Тармақша 20
20) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - вокалдан репетитор;
Тармақша 21
21) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кинорежиссер.