Об электронных копиях деклараций таможенной стоимости Күшін жойған
Басқа 0
Кедендік құн декларациясының электронды көшірмелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4 наурыздағы N 294-а "Кеден органдарын автоматтандыру шаралары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті үшін деректер алмасу жөніндегі республикалық желі құру туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Кедендік рәсімдеуді кедендік құн декларациясының (әрі - КҚД) электрондық көшірмесі Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің N 240-П 1998 ж. 30 қарашадағы "Жүк кеден декларациясы мен кедендік құн декларациясының электрондық көшірмелерінің құрылымын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылсын.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын 1995 ж. 11 қазанындағы N 141-П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын мәлімдеудің тәртібі мен шарттары туралы ережеге сәйкес мәлімдеу кезінде.
Тармақ 2
2. КҚД-ның электрондық көшірмесін қабылдауды кедендік жүк декларациясының электрондық көшірмесімен бір уақытта автоматтандыру және кедендік статистика бөлімінің лауазымды қызметкерлері жүзеге асыратын болсын.
Тармақ 3
3. Кеден басқармаларының, кедендердің және бекеттердің бастықтары осы бұйрықтың мазмұнын декларанттар мен тиісті кеден органдары қызметінің аймағында орналасқан өзге де адамдарға жеткізілсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің 1998 ж. 27 ақпандағы N 79 "КҚД-ның электрондық көшірмесі туралы" бұйрығының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетінің Автоматтандыру мен кедендік статистика басқармасы (Грязнов В.Г.). ҚР кеден органдарын КҚД-ны қабылдау мен КҚД деректері базасын жүргізу жөніндегі бағдарламалармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау ҚР ҚМ Кеден комитетінің АКС басқармасының бастығы В.Г. Грязновқа жүктелсін.