Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Костанайского района Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың туындауын болдырмау мақсатында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Қостанай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды болдырмауға бағытталған іс - шаралар өткізілсін.
Тармақ 3
3. Басшысы болып Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
Тармақ 4
4. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялануын және оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жолдануын;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.