О присвоении наименований улицам города Косшы Акмолинской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы Қосшы қаласының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 30 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Қосшы қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қосшы қаласының келесі атаусыз көшелеріне: 19 шағын ауданындағы №17 көшеге Қожағұл Әубәкіров көшесі; 19 шағын ауданындағы №19 көшеге Ахметбек Исенов көшесі; 19 шағын ауданындағы №21 көшеге Мейрам Әлиұлы көшесі; Асыл түлік шағын ауданындағы №1 көшеге Саябек Шарипов көшесі атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.