Об утверждении Правил согласования заключений о качестве строительно-монтажных работ местным исполнительным органом столицы, области, городов республиканского значения осуществляющим государственный архитектурно-строительный контроль и надзор Қолданыста
Басқа 0
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 132-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен келісу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен келісу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 320 № бұйрығымен
бекітілген
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен келісу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексі 132-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыларды (бұдан әрі - Қорытынды) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органмен келісу рәсімін анықтайды.
Тармақ 2
2. Қорытындыны келісудің мақсаты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамасына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелеріне сәйкестігін растау болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен келісу тәртібі
2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен келісу тәртібі
Тармақ 3
3. Қорытындыны келісу үшін техникалық қадағалау мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) қорытындыны келісу туралы өтініш;
Тармақша 2
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы Қорытынды;
Тармақша 3
3) жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманың көшірмесі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік нормативтерде көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманың көшірмелері;
Тармақша 5
5) техникалық қадағалау журналы;
Тармақша 6
6) мердігерге берілген нұсқамалар және олардағы бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттар.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін цифрлық жүйе арқылы қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.
Тармақ 5
5. Құжаттар көрсетілген нысандардың бірінде ұсынылады. Құжаттар қағаз нысанда ұсынылған кезде, оларды электрондық нысанда ұсыну талап етілмейді. Құжаттар электрондық нысанда ұсынылған кезде, оларды қағаз нысанда ұсыну талап етілмейді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын орган келіп түскен құжаттарды олар түскен күні тіркейді.
Тармақ 7
7. Қорытындыны қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 8
8. Қорытындыны қарау барысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын орган:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
Тармақша 2
2) Қорытындының Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының ережелеріне және мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкестігін талдайды;
Тармақша 3
3) құрылыс объектісінің құрылыс жағдайы мен барысы туралы ай сайынғы есептердің болуын тексереді;
Тармақша 4
4) құрылыс объектісінің пайдалануға дайындығын анықтау бойынша құрылыс объектісіне барады.
Тармақ 9
9. Қорытындыны қарау мерзімі қорытындыны дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған жағдайда, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, техникалық қадағалау бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Тармақ 10
10. Қорытындыны қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) Қорытындыны келісу туралы;
Тармақша 2
2) Қорытындыны келісуден бас тарту туралы.
Тармақ 11
11. Келісу туралы шешім мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органның лауазымды адамының Қорытындысына қол қою және мөр басу (болған жағдайда) арқылы ресімделеді.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар толық болмаған не Қорытынды мен оған қоса берілген құжаттар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының ережелеріне және мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелермен жіберілген бұзушылықтарды көрсете отырып Қорытындыны келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 13
13. . Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын орган әкімшілік рәсімге қатысушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай - ӘРПК) 73-бабына сәйкес алдын ала шешімде өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне Қазақстан Республикасының ӘРПК белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының ӘРПК 91-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.