Об утверждении Правил разработки и утверждения инструкций по безопасности и охране труда в организации Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту тәртібі туралы ереже және Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 1994 жылғы 28 маусымдағы № 60 қаулысының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы № 278-ө бұйрығымен бекітілген Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі
Тармақ 1
1. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық - жұмыс берушінің өндірістік орындарда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және ұйымның осы жұмыстар жүргізілетін немесе қызмет міндеттері орындалатын өзге де орындарында жұмыстар атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында заңдардың қолданылуын нақтылайтын актісі.
Тарау 2. 2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу
Тармақ 3
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) әзірлеуді жұмыс беруші учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы әрбір кәсіп үшін тұтастай сияқты, жұмыстың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар мен т.б.) мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі үшін немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі - жауапты тұлға) жасайтын тізбеге сәйкес жұмыс орындарына арнап ұйымның мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады. Сондай-ақ, нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс берушінің (ұйымның) тапсырысы бойынша шарт негізінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары жүзеге асыра алады.
Тармақ 4
4. Тізбе Жұмыстардың, кәсіптер мен жұмысшылардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын ескере отырып бекітілген ұйымның штат кестесі негізінде жасалады. Жасалған тізбені басшы немесе өзге де лауазымды адам бекітеді және ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне таратылады.
Тармақ 5
5. Нұсқаулықтар, жабдықты жасаушы-зауыттың пайдалану және жөндеу құжаттамаларында, сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық құжаттамаларында жазылған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс жағдайларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі салалық нормативтердің негізінде әзірленеді.
Тармақ 6
6. Нұсқаулықтарды әзірлеу үшін қажетті дайындық жұмыстары:
Тармақша 1
1) технологиялық процесті зерттеуді, ол дұрыс жүрген кезде және оңтайлы режимнен ауытқу кезінде туындауы мүмкін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтауды, сондай-ақ көрсетілген факторлардан қорғану шаралары мен жабдықтарды айқындауды;
Тармақша 2
2) қолданылатын жабдықтардың, тетіктер мен құралдардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау;
Тармақша 3
3) нұсқаулықты әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі материалдарды іріктеуді;
Тармақша 4
4) тиісті жұмыстарды атқару кезінде пайдаланылуы мүмкін қорғану заттарының сындарлы ерекшеліктері мен тиімділігін зерттеуді;
Тармақша 5
5) тиісті мемлекеттік органның сала кәсіпорындарындағы авариялар мен жазатайым оқиғалар нәтижелері жөніндегі ақпараттық хаттарын, өкімдері мен бұйрықтарын зерттеуді;
Тармақша 6
6) ұйымдағы кәсіптің (жұмыс түрінің) осы түріне тән өндірістік жарақаттанудың, авариялық ахуалдар мен кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жүргізуді;
Тармақша 7
7) жұмыстың қауіпсіз әдістері мен жолдарын, олардың дәйектілігін, сондай-ақ нұсқаулыққа енгізілуге тиіс техникалық және ұйымдық іс-шараларды айқындауды;
Тармақша 8
8) бекітілген нормалардың негізінде еңбек және демалыс режимдерін белгілеуді қамтиды.
Тармақ 7
7. Жаңа өндірістерді, технологияларды немесе жабдықтарды пайдалануға беру үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдап алғанға дейінгі мерзімге уақытша нұсқаулықтар әзірлеуге және қолдануға жол беріледі. Уақытша нұсқаулықтар технологиялық процестердің (жұмыстардың) қауіпсіз жүргізілуін және жабдықты қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс. Уақытша нұсқаулықтарды әзірлеу осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Нұсқаулықтардың мазмұны
3. Нұсқаулықтардың мазмұны
Тармақ 8
8. Әрбір нұсқаулыққа тиісті атау берілуі тиіс. Атауында қандай кәсіп немесе жұмыс түріне арналғаны қысқаша көрсету керек, мәселен: "Газбен дәнекерлеушіге арналған еңбек және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық", "Биіктікте жұмыс орындау кезіндегі еңбек және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық" және тағы басқалары.
Тармақ 9
9. Нұсқаулықта технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы беріледі және қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қамтиды.
Тармақ 10
10. Нұсқаулық талаптары осы жұмыс орындалатын жағдайларды ескере отырып, технологиялық процесс ретіне сәйкес:
Тармақша 1
1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары;
Тармақша 2
2) жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
Тармақша 3
3) жұмыс уақыты кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
Тармақша 4
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
Тармақша 5
5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары жазылуы тиіс.
Тармақ 11
11. "Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары" бөлімінде:
Тармақша 1
1) адамдарды кәсібі бойынша дербес жұмысқа немесе тиісті жұмысты атқаруға (жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, нұсқаудан өткізу) жіберудің шарттары;
Тармақша 2
2) ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттігі туралы нұсқаулар;
Тармақша 3
3) еңбек және демалыс режимін орындау жөніндегі талаптар;
Тармақша 4
4) қызметкерге әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамалары;
Тармақша 5
5) мемлекеттік, салалық стандарттар мен олардың техникалық жағдайлары көрсетілген, арнаулы киім, арнаулы аяқкиім мен басқа да қорғану заттарын берудің осы кәсіпке арналған нормалары;
Тармақша 6
6) өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;
Тармақша 7
7) қызметкер білуі және жұмысты орындау кезінде сақтауға тиісті жеке гигиена ережесі көрсетіледі.
Тармақ 12
12. "Жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" бөлімінде:
Тармақша 1
1) жұмыс орнын, жеке қорғану заттарын дайындау тәртібі;
Тармақша 2
2) жабдықтың, тетіктер мен құралдың, қоршаудың, дабылдатқыштың, оқшауланған және басқа да құрылғылардың, жерге қосылған қорғау сымының, желдеткіштің, жергілікті жарықтың және т.б. дұрыстығын тексерудің тәртібі;
Тармақша 3
3) бастапқы материалдардың (дайындамалардың, жартылай фабрикаттардың) болуын және олардың жай-күйін тексерудің тәртібі;
Тармақша 4
4) үздіксіз жұмыс жағдайында ауысымды қабылдап алудың тәртібі;
Тармақша 5
5) өндірістік санитария талаптары жазылуы тиіс.
Тармақ 13
13. "Жұмыс уақыты кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" бөлімінде:
Тармақша 1
1) жұмысты қауіпсіз орындаудың тәсілдері мен жолдары, технологиялық жабдықты, тетіктер мен құралдарды пайдалану ережелері;
Тармақша 2
2) бастапқы материалдармен (шикізат, дайындамалар, жартылай фабрикаттар) қауіпсіз жұмыс істеу ережелері;
Тармақша 3
3) көлік құралдарын, бос ыдыстар мен жүк көтеру механизмдерін қауіпсіз пайдалану ережелері;
Тармақша 4
4) жұмыс орнын қауіпсіздік жағдайында ұстау жөніндегі нұсқаулар;
Тармақша 5
5) нормативтік технологиялық режимнен ауытқудың негізгі түрлері және оларды жою әдістері;
Тармақша 6
6) авариялық жағдайларды болдырмауға бағытталған әрекеттер;
Тармақша 7
7) қызметкерлердің қорғану заттарын пайдалануына қойылатын талаптар жазылуы тиіс.
Тармақ 14
14. "Авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" бөлімінде:
Тармақша 1
1) келеңсіз салдарларға әкеп соғуы мүмкін авариялар мен жағдайлар басталған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері;
Тармақша 2
2) жарақаттану, улану және кенеттен ауыру кезінде зардап шегушілерге медициналық жәрдем көрсету жөніндегі іс-әрекеттер;
Тармақша 3
3) қызметкердің жарақаттануы және жабдықтың, тетіктің және құралдың ақаулы болуы жағдайлары туралы ұйымның әкімшілігін хабардар етудің тәртібі жазылуы тиіс.
Тармақ 15
15. "Жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" бөлімінде:
Тармақша 1
1) жабдықты, тетіктерді, машиналарды, механизмдер мен аппаратураларды қауіпсіз ажыратудың, тоқтатудың, бөлшектеудің, тазалаудың және майлаудың тәртібі, ал үздіксіз процесс кезінде - олардың ауысым бойынша тапсырудың тәртібі;
Тармақша 2
2) жұмыс орнын өткізудің тәртібі;
Тармақша 3
3) өндіріс қалдықтарын жинаудың тәртібі;
Тармақша 4
4) жеке гигиена мен өндірістік санитарияны сақтау талаптары;
Тармақша 5
5) жұмыс уақытында анықталған барлық кемшіліктер туралы басшыны хабардар ету тәртібі жазылуы тиіс.
Тармақ 16
16. Нұсқаулықтарда нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер болмауы тиіс. Нормативтік құқықтық актілердің талаптары нұсқаулықтарда ескерілуі тиіс. Қажет болған кезде бұл нормативтік құқықтық актілердің талаптары нұсқаулықтарда жаңғыртылады.
Тарау 4. 4. Нұсқаулықтарды бекіту және қайта қарау
4. Нұсқаулықтарды бекіту және қайта қарау
Тармақ 17
17. Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен немесе жауапты адаммен және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, лауазымды адамдармен және ұйым қызметкерлерінің өкілдерімен келісуден кейін жұмыс беруші (басшы) бекітеді.
Тармақ 18
18. Бекітілген нұсқаулықтарды ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жауапты адам еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар есебі журналында есепке алады.
Тармақ 19
19. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жауапты адам нұсқаулықтардың уақытында әзірленуіне, тексерілуіне және қайта қаралуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады, әзірлеушілерге әдістемелік көмек көрсетеді, олардың Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен, салалық нормативтермен және қолданыстағы стандарттармен танысуына жәрдемдеседі.
Тармақ 20
20. Жоғары қауіптілікпен байланысты кәсіптер немесе жұмыс түрлері жөніндегі нұсқаулықтарды қайта қарау 3 жылда бір реттен сиретпей жүргізілуі тиіс. Нұсқаулықтар мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, мемлекеттік стандарттары мен басқа да нормативтік құқықтық актілері өзгерген кезде;
Тармақша 2
2) жаңа техника мен технология енгізілгенде;
Тармақша 3
3) өндірістегі жазатайым оқиғаларды, авариялар мен апаттарды зерттеп тексеру нәтижелері бойынша қайта қарауға жатады. Қайта қарау нәтижелері бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі айқындалады.
Тармақ 21
21. Осы ереженің 20-тармағында белгіленген мерзім ішінде ұйым қызметкерлерінің жұмыс жағдайлары өзгермесе, онда нұсқаулықтың қолданылуы келесі мерзімге ұзартылады, бұл туралы нұсқаулықтың бірінші парағына жазылады ("Қайта қаралды" мөртағаны, күні мен нұсқаулықтың қайта қаралуына жауапты адамның қолы қойылады).
Тарау 5. 5. Қорытынды бөлім
5. Қорытынды бөлім
Тармақ 22
22. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жауапты адам ұйым бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшыларына нұсқаулықтар беруді, нұсқаулық беру есебінің журналына оларды тіркей отырып жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Қызметкерлерге арналған нұсқаулықтар нұсқаудың жеке кәртішкесіне қолын қойғызып танысу үшін беріледі, сондай-ақ жұмыс орындарында не қызметкерлердің қолы жетерлік өзге орынға ілінеді.
Тармақ 24
24. Бөлімше (қызмет) басшысында барлық кәсіптер қызметкерлеріне арналған және осы бөлімшенің (қызметтің) барлық жұмыс түрлері бойынша бөлімшеде (қызметте) қолданылып жүрген нұсқаулықтардың жиынтығы, сондай-ақ бұл нұсқаулықтардың ұйымның басшысы бекіткен тізбесі тұрақты сақталуы тиіс.
Тармақ 25
25. Әрбір учаске басшысында (мастер, прораб және т.б.) осы учаскелерде жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге арналған, барлық кәсіптер мен жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықтар жиынтығы болуы тиіс.