Об утверждении размера платы за один кубический метр питьевой воды, поданной из систем водоснабжения, включенных в перечень систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию по Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 «Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
Тармақша 1
1) тұтыну нормативі шегінде ауызсуды өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын халық үшін – ауызсудың 1 текше метрі үшін 120 теңге;
Тармақша 2
2) бір адамға тәулігіне 140 литр көлеміндегі су тұтыну нормативінен асқан жағдайда ауызсуды өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын халық үшін – ауызсудың 1 текше метрі үшін 156 теңге.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.