Об электронных копиях грузовых таможенных деклараций Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кедендік жүк декларациясының электронды көшірмелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4-наурыздағы N 294-а "Кеден органдарын автоматтандыру және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті үшін Республикалық деректер алмасу желісінің шаралары туралы" қаулысын одан әрі жүзеге асыру және кедендік шағын құрылымдарды дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Кедендік рәсімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4 наурыздағы N 294-а "Кеден органдарын автоматтандыру және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті үшін Республикалық деректер алмасу желісінің шаралары туралы" қаулысына сәйкес кедендік жүк декларациясының (әрі - КЖД) электрондық көшірмесі көрсетілгенде ғана жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Кеден басқармаларының, кедендер мен кеден бекеттерінің бастықтары: - ЖАҚ "Акцепт" Корпорациясымен" жайларды жалдауға шарттарды қайтадан жасасын, бұл арада жайларды жалдағаны үшін ақы төлеудің Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы ескерілсін; - жайлардың өткізілуі қабылдау-өткізу актісімен қатаң жүзеге асырылсын; - ЖАҚ "Акцепт" Корпорациясының" кеден мекемелері ғимараттарында орналасқан жайлары мен жабдықтарын қорғауды қамтамасыз етсін; - кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4-наурыздағы N 294-а қаулысына сәйкес КЖД-ның электронды көшірмелері бар болатын жағдайда жүргізсін; осы бұйрықтың мазмұнын тиісті кеден органдары қызметінің аймағында орналасқан декларанттар мен өзге де мүдделі тұлғаларға жеткізсін.
Тармақ 3
3. Кеден мекемелерінің бөлімдері мен автоматтандыру және кедендік статистика қызметтерінің бастықтары КЖД-ның электронды көшірмелерін қалыптастыру жөніндегі заңды тұлғалардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырсын. 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің 1997 ж. 17 сәуірдегі N 100-П "КЖД-ның электрондық көшірмелерін қалыптастыру туралы"; 1997 ж. 9 қазандағы N 240-П "КЖД-ның электрондық көшірмелері туралы", бұйрықтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің 1998 ж. 8 қыркүйектегі N 162-П "КЖД-ның электрондық көшірмелері туралы" бұйрығының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өз өкілеттігімде қалдырамын.