Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Успенского района Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар облысы Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының, оның ішінде әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігі сомасының 50 пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Успен ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.