Об упразднении и изменении границ некоторых сельских округов Карагандинской области Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды облысының кейбір ауылдық округтерін тарату және шекараларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақтарына, 14-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округінің және Қарақұдық ауылының шекарасын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» бірлескен 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 26/02 Бұқар жырау ауданы әкімдігінің қаулысы және 2026 жылғы 9 сәуірдегі №44/04 Бұқар жырау ауданы мәслихатының шешімі келісілсін және осы бірлескен қаулы мен шешімге 1 қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округінің және Қарақұдық ауылының шекарасы Суықсу ауылының жерін және Қарақұдық ауылының әкімшілік бағынысында болған жердің бір бөлігін Үштөбе ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына беру жолымен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. «Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы ұсыныс» бірлескен 2026 жылғы 24 ақпандағы №59 Қарқаралы ауданы әкімдігінің қаулысы және 2026 жылғы 4 наурыздағы №VIII-47/374 Қарқаралы аудандық мәслихатының шешімі келісілсін, Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылдық округі таратылсын, оның жері мен ауылдық елді мекендері әкімшілік-аумақтық бағыныстылығымен Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округіне қосылсын және осы бірлескен қаулы мен шешімге 2 қосымшаға сәйкес Балқантау ауылдық округінің шекарасы тиісінше өзгертілсін.
Тармақ 3
3. «Нұра ауданының Кеңжарық ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы ұсыныс» бірлескен 2026 жылғы 4 наурыздағы №15/01 Нұра ауданы әкімдігінің қаулысы және 2026 жылғы 4 наурыздағы №223 Нұра аудандық мәслихатының шешімі келісілсін, Нұра ауданының Соналы ауылдық округі таратылсын, оның жері мен ауылдық елді мекендері әкімшілік-аумақтық бағыныстылығымен Нұра ауданының Кеңжарық ауылдық округіне қосылсын және осы бірлескен қаулы мен шешімге 3 қосымшаға сәйкес Кеңжарық ауылдық округінің шекарасы тиісінше өзгертілсін.
Тармақ 4
4. «Осакаров ауданы аумақтық құрылымы бойынша әкімшілік өзгерістер енгізу туралы ұсыныс» бірлескен 2026 жылғы 20 наурыздағы №25/04 Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысы және 2026 жылғы 31 наурыздағы №47/464 Осакаров аудандық мәслихатының шешімі келісілсін, Осакаров ауданының Шідерті ауылдық округі таратылсын, оның жері мен ауылдық елді мекендері әкімшілік-аумақтық бағыныстылығымен Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылдық округіне қосылсын және осы бірлескен қаулы мен шешімнің 4 қосымшасына сәйкес Ақбұлақ ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін.
Тармақ 5
5. «Осакаров ауданы аумақтық құрылымы бойынша әкімшілік өзгерістер енгізу туралы ұсыныс» бірлескен 2026 жылғы 20 наурыздағы №25/03 Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысы және 2026 жылғы 31 наурыздағы №47/465 Осакаров аудандық мәслихатының шешімі келісілсін, Осакаров ауданының Ертіс ауылдық округі таратылсын, оның жері мен ауылдық елді мекендері әкімшілік-аумақтық бағыныстылығымен Осакаров ауданының Мирный ауылдық округіне қосылсын және осы бірлескен қаулы мен шешімнің 5 қосымшасына сәйкес Мирный ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін.
Тармақ 6
6. Есептік деректерден Соналы, Қаракөл, Ертіс, Шідерті ауылдық округтері туралы мәліметтер алынып тасталсын.
Тармақ 7
7. Уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдар осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Бірлескен 2026 жылғы 25 маусымдағы
№40/01
Қарағанды облысы әкімдігінің
қаулысына және
2026 жылғы 25 маусымдағы № 411
Қарағанды облысы мәслихатының
шешіміне 1-қосымша
Басқа 1
Бірлескен 2026 жылғы 25 маусымдағы
№40/01
Қарағанды облысы әкімдігінің
қаулысына және
2026 жылғы 25 маусымдағы
№ 411 Қарағанды облысы
мәслихатының шешіміне 2-қосымша
Басқа 2
Бірлескен 2026 жылғы 25 маусымдағы
№40/01
Қарағанды облысы әкімдігінің
қаулысына және
2026 жылғы 25 маусымдағы № 411
Қарағанды
облысы мәслихатының
шешіміне 3-қосымша
Басқа 3
Бірлескен 2026 жылғы 25 маусымдағы
№40/01
Қарағанды облысы әкімдігінің
қаулысына және
2026 жылғы 25 маусымдағы № 411
Қарағанды облысы
мәслихатының шешіміне 4-қосымша
Басқа 4
Бірлескен 2026 жылғы 25 маусымдағы
№40/01
Қарағанды облысы әкімдігінің
қаулысына және
2026 жылғы 25 маусымдағы № 411
Қарағанды
облысы мәслихатының
шешіміне 5-қосымша