О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Атырау Қолданыста
Басқа 0
Атырау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27-баптары және Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы, 2026 жылғы 30 сәуірдегі қорытындыларына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласының құрамдас бөліктеріне келесідей атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Самал шағын ауданындағы № 22 көше – Басар Иманалиев көшесі;
Тармақша 2
2) Самал шағын ауданындағы № 16 өткел – Бақтығали Жолдасов өткелі;
Тармақша 3
3) Самал шағын ауданындағы № 26 өткел – Әбілқайыр Кенжебаев өткелі;
Тармақша 4
4) Самал шағын ауданындағы № 31 көше – Дүйсенбай Нысанғалиұлы көшесі;
Тармақша 5
5) Самал шағын ауданындағы № 23 көше – Мұса Иманалиев көшесі;
Тармақша 6
6) Самал шағын ауданындағы № 8 өткел – Сейдеш Қабесов өткелі;
Тармақша 7
7) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 14 көше – Даулетияр Қадыржанов көшесі;
Тармақша 8
8) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 5 көше – Рахымғали Күлшиев көшесі;
Тармақша 9
9) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 7 көше – Рақымғали Шахметов көшесі;
Тармақша 10
10) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 4 көше – Зинолла Хамзаев көшесі;
Тармақша 11
11) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 8 көше – Камел Лұқманов көшесі;
Тармақша 12
12) Геолог шағын ауданындағы № 1 өткел – Әділгерей Қайнарбаев өткелі;
Тармақша 13
13) Мұнайшы шағын ауданындағы № 5 көше – Сұлтан Қонашев көшесі;
Тармақша 14
14) Бірлік шағын ауданындағы № 24 көше – Сиғуат Ізбасаров көшесі;
Тармақша 15
15) Ардагер шағын ауданындағы №2 көше – Қауысбай Шортабаев көшесі;
Тармақша 16
16) Өркен шағын ауданындағы №27 көше – Мұхит Жұмағалиев көшесі;
Тармақша 17
17) Самал шағын ауданындағы № 1 өткел – Хайролла Қожахметов өткелі;
Тармақша 18
18) Самал шағын ауданындағы № 2 өткел – Орынғали Қарасаев өткелі;
Тармақша 19
19) Самал шағын ауданындағы № 4 өткел – Мұқанәлі Қарашин өткелі;
Тармақша 20
20) Самал шағын ауданындағы № 5 өткел – Жұмағали Даулетияров өткелі;
Тармақша 21
21) Самал шағын ауданындағы № 12 өткел – Мақсұт Аязбаев өткелі;
Тармақша 22
22) Нұрсая шағын ауданындағы № 5 көше – Тілеумұқан Ермұханов көшесі;
Тармақша 23
23) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 10 көше – Шаңқұл Қаженов көшесі;
Тармақша 24
24) Лесхоз-2 шағын ауданындағы № 19 көше – Совет Есімов көшесі.
Тармақ 2
2. Атырау қаласының келесідей құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Тармақша 1
1) Қайталанып тұрған Доссор көшесі аумағында орналасқан Дендер көшесін – Бәйтерек көшесі;
Тармақша 2
2) Қайталанып тұрған Химпоселок шағын ауданындағы Алатау көшесін – Сәйгүлік көшесі;
Тармақша 3
3) Қайталанып тұрған Cарыарқа шағын ауданындағы Әліби Жангелдин көшесін – Асқар Сүлейменов көшесі;
Тармақша 4
4) Қайталанып тұрған М. Баймұханов көшесінен А.Грибоедов көшесі аумағында орналасқан Құныскерей батыр өткелін – Жетісу өткелі;
Тармақша 5
5) Қайталанып тұрған Азаттық даңғылы мен С. Мұқанов көшесі аумағында орналасқан Міржақып Дулатов өткелін – Сағыз өткелі;
Тармақша 6
6) Қайталанып тұрған Балықшы шағын ауданындағы Бауыржан Момышұлы көшесін – Серікқали Пангереев көшесі;
Тармақша 7
7) Спутник көшесін – Тобыл көшесі;
Тармақша 8
8) Лазо көшесін – Отан көшесі;
Тармақша 9
9) Памир көшесін – Есіл көшесі;
Тармақша 10
10) Геологоразведчиков көшесін – Мұхаммед Хайдар Дулати көшесі;
Тармақша 11
11) Буровиков көшесін – Жүсіпбек Елебеков көшесі;
Тармақша 12
12) Рабочая көшесін – Сағидолла Құбашев көшесі.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.