О создании коммунального государственного учреждения «Центр поддержки семьи Каркаралинского района» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района» Қолданыста
Басқа 0
«Қарқаралы ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «Қарқаралы ауданының
отбасын қолдау орталығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесін құру туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 31-бабының 1-тармағының 39) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республиксы Заңының 18-бабына, «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қарқаралы ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «25» маусым
№ 193 қаулысымен
бекітілген
«Қарқаралы ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) Қарқаралы ауданының аумағында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына, «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын бекіті туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығына, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Орталыққа қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің міндеттерін іске асыратын жергілікті атқарушы орган – «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) Орталықтың құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы орган Қарқаралы ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) Орталықты басқару бойынша бірқатар функцияларды жүзеге асыруға өкілеттік береді.
Тармақ 5
5. Отбасын қолдау орталығының атауы:
мемлекеттік тілде: «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілде: коммунальное государственное учреждение «Центр поддержки семьи Каркаралинского района» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района».
Тармақ 6
6. Орталықтың тұрған жері: индекс 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 14 үй.
Тарау 2. 2. Орталықтың заңдық мәртебесі
2. Орталықтың заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 8
8. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 9
9. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Орталық ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Орталық қызметінің мәні мен қызметтері
3. Орталық қызметінің мәні мен қызметтері
Тармақ 11
11. Орталық қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды көрсету болып табылады.
Тармақ 12
12. Орталық қызметінің мақсаты барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.
Тармақ 13
13. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 2
2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 5
5) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
Тармақша 6
6) «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) консультациялық көмек көрсету, бағалау жүргізеді және адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаждығын айқындау;
Тармақша 8
8) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.
Орталық осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 14
14. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, аудан әкімі аппаратының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Орталықты басқару
4. Орталықты басқару
Тармақ 15
15. Орталықты жалпы басқаруды «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Орталық мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Орталықтың жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 3
3) Орталықтың қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 4
4) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 5
5) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
Тармақша 6
6) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Орталық басшысын «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Орталық басшысы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 19
19. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталық қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 20
20. Орталық басшысының Орталықпен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 21
21. Орталық қызметінің жүзеге асыруы барысы Орталық басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Орталықтың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) Орталықтың іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) Орталық қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) Орталық қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 22
22. Орталық мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.
Тармақ 23
23. Орталық дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
Тармақ 24
24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Орталықтың қызметі Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырады.
Тармақ 26
26. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 27
27. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. Орталықтағы жұмыс тәртібі
6-тарау. Орталықтағы жұмыс тәртібі
Тармақ 28
28. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізі тәртібі
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізі тәртібі
Тармақ 29
29. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарқаралы ауданының әкімдігінің қаулына сәйкес жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімімен өтеді.
Тарау 8. 8-тарау. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8-тарау. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 30
30. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қарқаралы ауданының әкімдігімен жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.
Тармақ 32
32. Таратылған Орталықтың мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.