Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирскоготранспорта и автомобильных дорог Отырарского района» акимата Отырарского района Қолданыста
Басқа 0
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қазандағы «Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 291 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
2026 жылғы 18 маусымдағы
№ 224 қаулыға қосымша
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі) тұрғын үй қатынастары, инженерлік коммуникациялар, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар.
Тармақ 3
3. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 6
6. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160700, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, №23.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
құқықтары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 2
2) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті;
Тармақша 3
3) сотта талапкер және жауапкер болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде айқындалатын тексерулерді жүзеге асыру кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқылы;
Тармақша 5
5) тексеру жүргізу кезінде қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге кедергісіз кіруге міндетті;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
міндеттері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсынуға міндетті;
Тармақша 2
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) аудандық коммуналдық меншік объектілерін реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асырады.
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін, аудандық маңызы бар жолдарды және ауданның көлік және инженерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін реконструкциялауды, жөндеуді, пайдалануды және күтіп ұстауды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін басқарады;
Тармақша 6
6) аудандық маңызы бар жолдарда, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың барлық түрлерінің орындалуын және бақылануын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді және маршруттар бойынша жүру кестелерін бекітеді;
Тармақша 9
9) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 10
10) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 12
12) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 13
13) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін бөлуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
Тармақша 16
16) авариялық тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 19
19) кондоминиум субъектілерінің қызметіне лауазымды тұлғалардың тексеру жүргізеді, кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларын ұйымдастыруды және қызметін бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) меншік иелері тастап кеткен тұрғын үйді анықтау бойынша жұмыс жүргізеді, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығы бойынша сотта өкілдік етуді жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) сот тәртібімен тұрғын үй-жайлар түріндегі мұраны иесіз қалған мүлік деп тану жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 22
22) коммуналдық тұрғын үйде заңсыз тұратын адамдарды сот тәртібімен шығару бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 23
23) қазандықтар мен жылу желілерін (магистральдық, кварталішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
Тармақша 24
24) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, кварталішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспорттарын береді;
Тармақша 25
25) Отырар ауданының елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жұмыстардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 26
26) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлейді және ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;
Тармақша 27
27) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;
Тармақша 28
28) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 29
29) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған көп пәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көп пәтерлі тұрғын үйдің астында орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ үй жанындағы жер учаскесіне арналған құжаттарды дайындау бойынша шығыстарды дайындауды және өтеуді пәтер иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда қамтамасыз етеді;
Тармақша 32
32) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асырады;
Тармақша 33
33) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 34
34) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеде айқындалған өкілеттіктер шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік бақылау және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік қадағалау функцияларын Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй инспекциясы жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
Тармақша 38
38) газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерін береді;
Тармақша 39
39) елді мекен шекараларының шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
Тармақша 41
41) Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелген басқа да мемлекеттік басқару уәкілеттіктерін жүзеге асырады.
Тарау 3. 3- тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
3- тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, сондай-ақ осы Ереженің 24-тармағында көрсетілген бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
Тармақша 7
7) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің штат санының лимиті шегінде Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 8
8) Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансында бекітілген мүліктің тиімді пайдаланылуы және оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
Тармақша 10
10) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көрсетілген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар - 2050»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отырар аудандық газ-техникалық инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар – Қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар - Жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.