Об установлении публичного сервитута Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31– бабынасәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Mamyt Geo Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 3080 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылдың 22 сәуіріне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.