О присвоении наименований улицам в селах Тиирмен и Узынтам Тиирменского сельского округа Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тиірмен ауылдық округінің Тиірмен және Ұзынтам ауылының көшелеріне атау беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Тиірмен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тиірмен ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай:он үшінші көшесіне – Махмұд Қашқари көшесі деп атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Ұзынтам ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай:
Тармақша 1
1) бірінші көшесіне – Шаңырақ көшесі;
Тармақша 2
2) екінші көшесіне – Алатуа көшесі;
Тармақша 3
3) үшінші көшесіне – Тәуелсіздік көшесі атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.