Об утверждении механизма оценки деятельности местных исполнительных органов по вопросам энергосбережения и повышения энергоэффективности Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 7. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы «___»______ № ____ бұйрығымен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі (бұдан әрі – тетік) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді.
Тармақ 2
2. Бұл тетікте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
Тармақша 2
2) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;
Тармақша 3
3) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
Тармақша 3-1
3-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – бірыңғай ақпараттық жүйе) – Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі ақпаратты қамтитын, уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
Тармақша 4
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тармақ 3
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыретінің шегінде іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың қызметі бағалау объектісі болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі
2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі
Тармақ 4
4. Астана, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға осы тетікке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті электрондық жеткізгіштерде немесе бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы ұсынады. Жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтердің дұрыстығы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ресми деректерімен және есепте тиісті көрсеткіштерді көрсетуге негіз болатын құжаттармен расталады. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапкершілік жергілікті атқарушы органдардың басшыларына жүктеледі. Уәкілетті орган растайтын құжаттарды сұратуға және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына тексеру жүргізуге құқылы. Ескертулер анықталған жағдайда есеп пысықтау үшін жергілікті атқарушы органға қайтарылады. Жергілікті атқарушы орган ескертулерді алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде нақтыланған мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган ЖАО қызметін бағалау үшін ұсынылған есептерге мынадай өлшемшарттар бойынша талдау жүргізеді:
Тармақша 1
1) уәкілетті органмен келісу бойынша 3 жыл іске асыру мерзімімен мақсаттарға қол жеткізу индикаторлары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 1-1
1-1) энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының іс-шараларын іске асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекемелерді терможаңғыртуды жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату;
Тармақша 7
7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақ пен көше жарығын жаңғыртуды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) халық арасында пайдаланылған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандыруды жаңғыртуды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) энергия тиімділігін арттыру талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың, немесе өзгерістерден өткен (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) қолданыстағы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың қажетті энергия тиімділігі сыныбын сақтауын қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Энергия үнемдеу мәселелері бойынша ЖАО қызметін бағалауды уәкілетті орган осы тетіктің 7-тармағына сәйкес өлшем шарттардың балдары бойынша 60-балдық шәкіл жүйесі бойынша жүзеге асырады. Әрбір өлшем шарттар бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиiстi балдар шығарылады.
Тармақ 7
7. ЖАО қызметін бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштері:
Тармақша 1
1) мақсаттарға қол жеткізу индикаторлары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жол картасының болуы (бекітілмеген – 0 балл, бекітілген – 5 балл);
Тармақша 1-1
1-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының жоспарланған іс-шараларының жалпы санынан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының іске асырылған іс-шаралар (0-20% - 1 балл, 21-40% - 2 балл, 41-60% - 3 балл, 61-80% - 4 балл, 81-100% - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі: A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жоспарланған іс-шаралар санына қатысты энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жол картасының іске асырылған іс-шараларының үлесі; x - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жол картасының нақты іске асырылған іс-шараларының саны; y - есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жол картасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың жалпы саны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекемелердің көрсеткіштерінің жалпы санының ішінен энергия тұтыну нормативтеріне сәйкес келетін көрсеткіштер (0-20% - 1 балл, 21-40% - 2 балл, 41-60% - 3 балл, 61-80% - 4 балл, 81-100% - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі: A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты энергия тұтыну нормативтеріне сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің үлесі; x - энергия тұтыну нормативтеріне сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің саны; y - энергия тұтыну нормативтері бойынша бағалауға жататын жалпы мемлекеттік мекемелер саны;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелердің жыл сайынғы өткізілген энергия аудиттерінің саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі: A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты өткізілген энергоаудиттердің үлесі; x - энергоаудит жүргізілген мемлекеттік мекемелердің саны; y - энергоаудит жүргізуге жататын жалпы мемлекеттік мекемелердің саны;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерді жыл сайынғы терможаңғырту саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі: A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты терможаңғырту жүргізілген мемлекеттік мекемелердің үлесі; x - терможаңғырту жүргізілген мемлекеттік мекемелердің саны; y - бағалауға жататын жалпы мемлекеттік мекемелердің саны;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекемелер үшін белгіленген энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының саны мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі: A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты энергия ресурстарын есептейтін құрылғылармен жабдықталған мемлекеттік мекемелердің үлесі; x - энергия ресурстарын есептейтін құрылғылар орнатылған мемлекеттік мекемелердің саны; y - энергия ресурстарын есептейтін құрылғылармен жабдықталуға жататын жалпы мемлекеттік мекемелердің саны;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің белгіленген автоматты жүйелерінің саны мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі: A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты жылу тұтынуды автоматты реттеу жүйелері орнатылған мемлекеттік мекемелердің үлесі; x - жылу тұтынуды автоматты реттеу жүйелері орнатылған мемлекеттік мекемелердің саны; y - автоматты жүйелермен жабдықталуға жататын жалпы мемлекеттік мекемелердің саны;
Тармақша 7
7) саябақ пен көше жарықтандырудың жалпы санынан энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябақ және көше жарықтандыру (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі; A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жалпы саябақтық және көшелік жарықтандыру объектілерінің санына қатысты энергия үнемдейтін шамдарды пайдалана отырып жаңғыртылған объектілердің үлесі; x - энергия үнемдейтін шамдарды пайдалана отырып жаңғыртылған саябақтық және көшелік жарықтандыру объектілерінің саны; y - жалпы саябақтық және көшелік жарықтандыру объектілерінің саны;
Тармақша 8
8) есепті кезеңде жоспарланған көлемнен халық арасында пайдаланылған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамдар (0-50 % - 1 балл, 51-65 % - 2 балл, 66-85 % - 3 балл, 86-95 % - 4 балл, 96-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі: A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі халық пайдаланған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамаларды жоспарланған көлемге қатысты кәдеге жаратылған шамалардың үлесі; x - халық пайдаланған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамалардың саны; y - есепті кезеңге жоспарланған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамалардың көлемі;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандырудың жалпы көлемінен энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, жаңғыртылған ішкі жарықтандыру (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі: A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандыру объектілерінің санына қатысты энергия үнемдейтін шамдарды пайдалана отырып жаңғыртылған ішкі жарықтандыру объектілерінің үлесі; x - энергия үнемдейтін шамдарды пайдалана отырып жаңғыртылған ішкі жарықтандыру объектілерінің саны; y - мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандыру объектілерінің жалпы саны;
Тармақша 10
10) мемлекеттік сатып алулар мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы санынан энергия тиімділік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік сатып алулар мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу (0-50 % - 1 балл, 51-65 % - 2 балл, 66-85 % - 3 балл, 86-95 % - 4 балл, 96-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі: A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік сатып алулар мен тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтерді сатып алу көлеміне қатысты энергия тиімділігінің талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік сатып алулардың үлесі; x - энергия тиімділігінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саны; y - жалпы мемлекеттік сатып алулар мен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саны;
Тармақша 11
11) жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жалпы санынан энергия тиімділігі «С» және одан жоғары сыныбына сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар (0-15 % - 1 балл, 16-20 % - 2 балл, 21-25 % - 3 балл, 26-30 % - 4 балл, 31-100 % - 5 баллов) мынадай формулаға сәйкес есептеледі; A = x / y × 100 мұндағы: A - есепті кезеңдегі жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жалпы санынан энергия тиімділігі «С» және одан жоғары сыныбына сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың үлесі; x - «С» және одан жоғары сыныбына сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың саны; y - жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жалпы саны. Есепті кезеңде жекелеген критерий бойынша бағалау объектілері болмаған жағдайда (жаңа ғимараттардың, терможаңғырту объектілерінің, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың немесе өзге де бағалау объектілерінің болмауы), тиісті критерий қорытынды бағалауды есептеу үшін мүмкін болатын ең жоғары балдар санын айқындау кезінде есепке алынбайды.
Тармақ 8
8. ЖАО-ның қорытынды бағасы барлық өлшем шарттар бойынша алынған есеп нәтижелерін қосу арқылы анықталады. Бағалаудың қорытынды пайызы келесі формула бойынша есептеледі: P = B / Bmax × 100 мұнда: P – бағалаудың қорытынды пайызы; B – нақты жинақталған балдардың жиынтық саны; Bmax – мүмкін болатын ең жоғары балдар саны. Қорытынды баға:
Тармақша 1
1) ең жоғары балдың 60 %-ынан төмен немесе соған тең болса «төмен»;
Тармақша 2
2) ең жоғары балдың 61-85 % аралығында болса «орташа»;
Тармақша 3
3) ең жоғары балдың 86 %-ға тең немесе одан жоғары болса «жоғары» болып саналады.
Тармақ 9
9. Бағалау нәтижесі бойынша уәкілетті орган жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 30 наурызынан кешіктірмей, осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды дайындайды.
Тармақ 10
10. ЖАО энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша бағалау нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Басқа 1
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігіне 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет–ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=kk Әкімшілік нысанның атауы: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ОДЭПЭ. Кезеңділік: жылдық. Есепті кезең: ________ жыл. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 қаңтарына дейін. ЖСН/БСН (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды): Жинау әдісі: қағаз немесе электронды түрде. р/с № Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі Оның ішінде Есепті кезеңде орындалған жұмыс туралы ақпарат Есепті кезең үшін Барлығы 1 2 3 4 5 6 1 Мақсаттарға қол жеткізу индикаторлары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жол картасының болуы % 1-1 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасының жоспарланған іс-шараларының жалпы санынан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасының жүзеге асырылған іс-шаралар үлесі % 2 Энергия тұтыну нормативтері бойынша бағалануға жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан энергия тұтыну нормативтеріне сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің үлесі % 3 Энергия аудитін жүргізуге жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелердің жүргізілген энергия аудиттерінің үлесі % 4 Бағалануға жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелерге жүргізілген терможаңғырту үлесі % 5 Энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелер үшін орнатылған энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының үлесі % 6 Жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін орнатуға жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің үлесі % 7 Энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, саябақтық және көше жарықтандыруының жалпы көлемінен жаңғыртылған саябақтық және көше жарықтандырудың үлесі % 8 Есепті кезеңде Құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратудың жоспарланған көлемнен халықтың пайдалануында болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамдардың үлесі % 9 Мемлекеттік мекемелердегі энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, ішкі жарықтандырудың жалпы көлемінен жаңғыртылған ішкі жарықтандырудың үлесі % 10 Мемлекеттік сатып алулар мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы санынан энергия тиімділік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік сатып алулар мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үлесі % 11 Жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жалпы санынан энергия тиімділігі «С» және одан жоғары сыныбына сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың үлесі % Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Атауы _________________________ Мекенжай _____________________________________ _____________________________________________________________________________ Телефоны ____________________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы_________________________________________________ Орындаушы __________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшылары немесе есепке қол қоюға уәкілетті және жауапты тұлғалар ______________________________________ ____________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) ______________________________________________________________________________
Басқа 53. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ОДЭПЭ, жылдық)
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ОДЭПЭ, жылдық) 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі-нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды. 2. Нысан «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-5) тармақшасына сәйкес әзірленді. 3. Нысан жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей уәкілетті органға электрондық тасығыштарда ұсынылады. 4. Нысанға астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшылары немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар мен жауапты тұлға қол қояды. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме 1) «1» деген бағанда нөмір «№» реті бойынша толтырылады; 2) «2» деген бағанда іс-шаралардың атауы толтырылады; 3) «3» деген бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі: - «1» деген жолда – уәкілетті органның келісімі бойынша 3 жыл іске асыру мерзімімен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жол картасының болуы; - «1-1» деген жолда – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының іске асырылған іс-шараларының үлесі көрсетіледі; - «2» деген жолда – мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингтің үлесі көрсетіледі; - «3» деген жолда – мемлекеттік мекемелердің өткізілген энергия аудиттерінің үлесі көрсетіледі; - «4» деген жолда – мемлекеттік мекемелерге жүргізілген терможаңғырту үлесі көрсетіледі; - «5» деген жолда – мемлекеттік мекемелер үшін орнатылған энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының үлесі көрсетіледі; - «6» деген жолда – мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің үлесі көрсетіледі; - «7» деген жолда – энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябақ және көше жарығының үлесі көрсетіледі; - «8» деген жолда – тұтынуда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамдардың үлесі көрсетіледі; - «9» деген жолда – мемлекеттік мекемелердегі энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, жаңғыртылған ішкі жарықтандырудың үлесі көрсетіледі; - «10» деген жолда – энергия тиімділік талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік сатып алулар мен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алулардың үлесі көрсетіледі; - «11» деген жолда – мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкция, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың ішінде энергоэффективтіліктің «С» және одан жоғары сыныбына сәйкес келетіндерінің үлесі көрсетіледі; 4) «4-5» деген бағанда – тиісті көрсеткіштер бойынша нақты деректер және олардың жалпы саны көрсетіледі; 5) «6» деген бағанда – есепті кезеңде орындалған жұмыс туралы ақпарат толтырылады.
Басқа 2. _______________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігіне 2-қосымша Нысан Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды _______________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) ___________________ (есепті кезең) р/с № Бағалау өлшемшарттары Әрбір өлшемшартты бағалау балдары 1 2 3 1 Уәкілетті органның келісуі бойынша 3 жыл іске асыру мерзімімен мақсаттарға қол жеткізу индикаторлары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын әзірлеу және бекіту. 1-1 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының іс-шараларын іске асыру. 2 Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру. 3 Мемлекеттік мекемелерде энергия аудитін өткізуді ұйымдастыру. 4 Мемлекеттiк мекемелердi терможаңғыртуды өткізуді ұйымдастыру. 5 Мемлекеттік мекемелер үшін энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату. 6 Мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату. 7 Энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз ету. 8 Тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынабы бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастыру. 9 Энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандыруды жаңғыртуды қамтамасыз ету. 10 Энергия тиімділік талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алулар мен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтамасыз ету. 11 Мемлекеттік мекемелерде жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың қажетті энергия тиімділігі сыныбын сақтауын қамтамасыз ету. Жалпы бағалау: Жалпы бағалаудың мәні: Бағалау өлшемшарттары бойынша жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін талдау: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Қорытындылар мен ұсынымдар: _________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Уәкілетті органның басшысы _____________ _________________________________________ (қолы) (қолының толық жазылуы) ________________________________________________________________________________ Уәкілетті органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнің басшысы __________________ __________________________________________ (қолы) (қолының толық жазылуы) 20___ жылғы «___» ______________